107
Сина,
Ибн Баджу, Ибн Рушд және Батыс Еуропа
философиясы мен ғылымына ықпал еттi.
Әбу-әли Ибн Сина (980-1037ж.ж.) ортағасырлық тәжiк
философы, дәрiгер, ғалым. Ол жаратылыс, математика
ғылымдарына үлес қосты. Араб дәрiгерлерi вивекция (тiрi
малға операциялар жасау (тәжiрибе мақсатында) анатомияны
мұқият зерттедi,
емдеу дәрi-дәрмектерiн, аурудың қалай
өтуiн зерттедi. Оның басты еңбегi «Емдеу ғылымының
заңдары».
Ибн-Сина кейбiр ауру түрлерi көзге көрiнбейтiн «өте
майда жәндiктердi» жануарлар арқылы берiлетiндiгiн 8 ғасыр
бұрын (Л. Пастер iлiмiнен микробтардың инфекция iлiмi)
дәлелдеген болатын.
Әл-Хорезми (787-850ж.ж. ) алгебра (араб тiлiнен
алынған) iлiмнiң негiзiн қалады. Ол жердi өлшеу, мұра бөлу,
сауда операциясы, қанды өлшеудi ойлап тапты. Алгоритмдi,
жердiң шар тәрiздi екендiгiн анықтады.
Испанияда өмiр сүрген Ибн Рушд (Аврроэс) (126-
1198ж.ж.) материалистік философиясының
негiзiн салды, ол
табиғат эволюциялық жолмен дамиды деп есептеп, жанның
мәңгi өмiр сүретiндiгiн, о дүниеде тозақтың бар екендiгiн
терiске шығарды. Католик шiркеуi оны жазалады.
Ислам көркемдiк мәдениетi өзiндiк ерекшелiгi бар.
Поэзия дамыды (бейнелеу өнерi жоқ). Абiлқасым Фердоуси
(934-1030ж.ж.) «Шахнаменi» жазған,, Омар Хаям (1040-
1123ж.ж.) ғалым, философ, ақын.
XV ғасырда Герат қаласында парсы –тәжiк ақыны
Джами (1414-1492ж.ж.) өмiр сүрдi.
Өзбек поэзиясының
негізiн А.Навои (1441-1501ж.ж.) қалады. Парсы тiлдiк
әдебиетте Джами (1414 –1492ж.ж.) шығармалар жазды. Қ.А.
Яссауи «Диуани Хикмет» шығармасын жазды. Исламдық
өнерде
арабеске стилi
– тек өнер емес, ғылым ретiнде
қарастырды. Әр өрнек қатаң математикалық есептеу заңына
бағынды. Алайда,
бейнелеу өнерiнде, кiтаптарда сюжеттер,
Ескендiр бейнесi кездесті.
108
Әсiресе, бейнелеу сюжеттерi қолданбалы декоративтi
өнерде: маталарда, керамикада, метал ыдыстарда,
ыдыс -
аяқтарда салынды. Маталар алтын жiптермен тоқылды.
Эрмитаждағы Ираннан табылған күмiс табақ (Бахрам Гур,
оның сүйiктiсi Азадтар).
Иран парсы кілемдердi әлемге әйгiлi болды. Онда
адамдар, аңдар бейнесi салынды, бiрақ Алланы ашуландырып
алмау үшiн олар бұғы, яғни мысалы, арыстанның айбарлы
тырнағының орнына гүл шоғын салды. Қолданбалы өнерде
исламға қатаң талаптарының шекарасынан шыға отырып,
ұлттық дәстүрлерiн жалғастырғанын байқауға болады.
Сәулет өнерi саласында
эстетикалық категорияларды
жүйесi жасалды: Жамал – құдай берген сұлулық, ол мешiт
күмбезін бiлдiредi. Жалал – құдайдың құдыретiн бiлдiретін
символ, мешiт мұнарасы болып табылады, сифат – құдай
сипаттары, араб жазуы арқылы берiледi.
Мешiттiң сыртқы
қабырғасын өрнектеу. Мешiт ( табыну, сиыну орны).
Мешiттердi салуда араб шеберлерi биiк дәрежеге көтерiлдi.
Күйген кiрпiштердi оюлап, өрнектi қалай бiлдi, өте биiк
мешiт минареттерiн салу, нақты математикалық есептеудi
қажет еттi,
онда сол жердiң жағдайы, тамырдың
мықтылығын білуде құрылысшылардың жоғары шеберлiгi
қажет болды. Кейiннен араб шеберлерiн Византия храмдарын
салуға шақырды.
Достарыңызбен бөлісу: