2. Медициналық эвакуация кезеңдерінде өмірге қауіп төндіретін жағдайлар кезіндегі шұғыл терапиялық көмек Медициналық эвакуация


 Основы биологического действия ионизирующего излучения



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата29.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#144950
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
ввввпппптттт

 
7. Основы биологического действия ионизирующего излучения. 
Иондаушы сәулелердің биологиялық жүйелерге әсері аса жоғары және күрделі, өйткені олар 
түскен тірі ортада иондау процесі жүріп, активтілігі жоғары еркін радикалдар түзіледі. Бұл 
радикалдар тірі жүйеге тән химиялық, биохимиялық реакциялардың ретін, жүру тәртібін бұзып, 
ағзаға тән емес функционалдық өзгерістер кіргізіп, соңында морфологиялық өзгерістерге душар 
етеді. Егер доза үлкен болса, тіршілік иесі өліп кетуі мумкін. 
Радиацияның биологиялық жүйелереге әсері толық анықталмаса да көптеген зерттеулердің 
нәтижесінде мына жағдайлар анықталған. Біріншіден, иондаушы сәулелер жұтылғанда жұтылған 
ортада иондар пайда болады. Екіншіден, химиялық, биохимиялық реакциялар кезінде еркін 


радикалдар бөлініп, ол радикалдар ортада бірсыпыра өзгерістер әкеледі. Үшіншіден, ортадағы 
өзгерістер клетка, ұлпа, мүшелерінің функцияларын /атқаратын қызмет/ және өзгерген ұлпада, 
клеткада құрылым (құрылыс) өзгерістерін туғызады. Биологиялық жүйелер өте күрделі 
болғандықтан иондаушы сәуленің әсер механизмін түсіну үшін, осы үш жағдайды бір уақытта, бір 
тұрғыдан байланыстыра қарастыру керек. 
Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерін екі кезеңге бөлуге болады: 
1) Иондаушы сәулелердің биохимиялық реакцияларға клеткалар, ұлпаларға, мүшелерге тікелей 
әсері. 
2)Әсерлерден жүйке клеткаларында, гуморальдық клеткаларда әртүрлі ығысу өзгерістер шақыруы. 
Радиацияның бірінші ретті әсер механизмін түсіндіру үшін бірсыпыра гипотезалар, теориялар 
ұсынылған 
1)Иондаушы сәулелердің биологиялық жүйелерге тікелей 
және бөгде әсері. 
2)Құрылым - зат алмасу теориясы. 
Радиацияның тікелей әсерінен молекулаларда, атомдарда иондану болады, осының әсерінен 
иондаушы сәуле түскен орта зақымдалады. Биологиялық жүйелердегі ең көп зат су болғандықтан, 
радиацияның әсерінен ағзадағы су радиолизданып жоғары активті заттар түзіледі. Мысалы: 
Н • + ОН => Н2О 
Н • + Н • => Н2 
OH + OH => H2O + О 
ОН + ОН => Н2О2 немесе Н + О2 => НО2 
НО2 + НО2=>Н2О2 + 20 
НО2 + Н => Ң2О2 т.с.с. 
Еркін радикалдардың ортамен өзара әсері тотығу реакциясы бойынша жүреді де – қосымша бөгде 
әсер туғызады. Иондаушы сәулелердің тікелей немесе бөгде әсерінің арасындағы айырмашылық, 
мына екі құбылыспен түсіндіріледі: 


1) Сұйылту эффектісі. Берілген экспозициялық дозада зақымдалған молекулалар саны тұрақты 
және бастапқы молекулалардың концентрациясына тәуелді болмайды, өйткені ерітіндідегі еркін 
радикал сандарында тұрақты болады. Бұл құбылыс радиацияның бөгде әсерін көрсетеді. 
2) Оттегі эффектісі. Алғашқы иондаушы сәуленің әсеріне жауап реакцияның дамуында оттегінің 
ролі зор. Егер қоршаған ортада, оттегінің мөлшері көп болса, биологиялық жүйенің зақымдалуы 
күшейеді. Сәуле түскен ортада оттегі мөлшері аз болса, онда жүйенің сәуле әсерінен зақымдалуы 
да төмендейді. Оттектілік эффект барлық радиобиологиялық құбылыстарға тән және қатерлі ісік 
ауруына ұшыраған адамдарды емдеуге қолданады. Қатер пайда болған мүшеге келетін оттегінің 
мөлшерін көбейтіп, ал оны қоршаған ортаға оттегінің келуін азайтады /гипоксия/. Иондаушы 
сәулелердің тікелей әсерінен болатын процестерге байланысты Кроутер, Тимофеев-Ресовский, Ли, 
Циммерлер нысана теориясын дамытты. Теория бойынша иондаушы сәуле өте сезімтал 
құрылымға немесе молекулаға әсер етеді. Бұл әсер дозаға байланысты, егер клетканың өлімін, 
ферменттің активтілігінің төмендеуін экспоненциалдық функциямен өрнектей алсақ, онда 
иондаушы сәуленің бір рет қана түсуінен деп есептеуге болады. Бірақ өсімдік, жануар 
клеткаларына сәуленің әсері S тәрізді қисықпен анықталады, демек бұл әсер көп ретті болады 
деген сөз. Сонымен қатар бұл теория алғашқы сәуле әсерінен болған реакциялардың кинетикасын 
ескермейді. 
Бірінші ретті биомолекулалардың активтігінің жоғарылауы иондаушы сәулелер тікелей және 
бөгде әсері кезінде де бола береді. Әсерден пайда болған радиотоксиндер бауырда, көк бауырда, 
басқа мүшелерде, клеткалардың май қабыршықтарында шоғырланып, клетканың химиясын бұзып, 
органикалық қосылыстардың молекулаларын тотықтырады. Осының әсерінен биолипидтердің 
тотығуы күшейіп бір еркін радикалдың орнына бірнешеуі түзеліп, тізбекті реакция пайда болады. 
Осы құбылыстарға сүйеніп Б.Н.Тарусов, Ю.Б.Кудряшов липидтік радиотоксиндер теориясын 
ұсынған. Тағы бір теория құрылым зат алмасу теориясы бойынша 
клеткадағы зақымдану, зат алмасу процестерінің бұзылуы 
цитоплазмалық құрылымдардың радиацияның әсерінен бұзылғанын көрсететін теория. 
Гипотезаның негізі ретінде бірінші 
ретті радиотоксиндердің хинон немесе ортохинондардың зат 
алмасу процесіне әсері алынған. Клеткада зат алмасу кезінде 
аздаған улы зат бөлінетін белгілі, ал радиация әсер еткенде 
уытты заттардың мөлшері көбейеді де сәуле ауруы кезінде 
негізгі роль атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет