1. Қай сөзде тасымалданбайтын буын бар? А) тәрбие
В) жәрмеңке
С) бәтеңке
Д) шемішке
Е) күртеше
2. Шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыз. А) Оның ойын кейін білдім.
В) Гүлсім оны бұрын көрмеген екен.
С) Одан бұрын хабарды жеткізіпті.
Д) Әрі жығыл десең, бері жығылады.
Е) Бірге жатқан момындарға күн көрсетпейді.
3.Көңіл-күй одағайын белгілеңіз. A) Тәйт.
B) Тек.
C) Жә.
D) Ойпырмай.
E) Құрау-құрау.
4. Бес буынды сөзді неше түрлі тасымалдауға болады?
А) 5
В) 4
С) 3
Д) 2
Е) 6
5. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді табыңыз. А) Туу, сөз бар ма?
В) Еркін, Ерболат, мен үшеуіміз бардық
С) Бізде үлкен күш бар.
Д) Шымырбайдың қойшы деген аты ғана.
Е) Бірақ сол елің мен өзіңнің қамынды шын ойласаң, білім жарығына ұмтыл.
6.Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігін табыңыз. А)үндемей тыңдау
В) қарапайым сөздерді қолдану
С) тіл тазалығын сақтау
Д) қыстырма сөздерді қолдану
Е) диалогке құрылмайды
7. Сөз мәдениеті қамтитын тілдік норманың неше түрі бар? А) 4
В) 2
С) 3
Д) 1
Е) 5
8. Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігін табыңыз. А)үндемей тыңдау
В) қарапайым сөздерді қолдану
С) тіл тазалығын сақтау
Д) қыстырма сөздерді қолдану
Е) диалогке құрылмайды
9. Әдеби тілде жазуда бірізділікті қалыптастыратын норма қалай аталады? А) Лексикалық норма
В) Орфоэпиялық норма
С) Орфографиялық норма
Д) Грамматикалық норма
Е) Әдеби норма
10. Шешендік дегеніміз - А) қорытынды
В) мәнерлеп сөйлеу
С) ақыл айту
Д) көркем тілмен айтылған үлгі тұжырымдар
Е) жатқа оқу