2. «Оку инемен құдык қазғандай» деген қанатты сөздін мағынасы мұғалім үшін маңызды деп ойлаймыи. Дегенмен жоғаргы оқу орнын бітірген соң оку қажет емес деген ұстанымды ұстайтындар да бар



Дата16.11.2023
өлшемі15,87 Kb.
#124246
Байланысты:
Эссе


2. «Оку инемен құдык қазғандай» деген қанатты сөздін мағынасы мұғалім үшін маңызды деп ойлаймыи. Дегенмен жоғаргы оқу орнын бітірген соң оку қажет емес деген ұстанымды ұстайтындар да бар. Менін ойымша, оқушыны оқуға жетелейтін мұғалім оқуын токтатқан күні ол тоқырауға ұшырайды. Менін азаматтык оз ойым, ұстаздық жолды ұстансаң, әр күні әлемдегі, ғылымдағы,техникадағы болып жатқан жаңалықтарды ең бірінші болып біліп отыруың тиіс.
Өз ұстанымымды түсіндіре кететін болсам, мұғалім алдыменен әдістемелік - жақсартуға болатын дүниелер туралы көп білгенде, шебер болғанда ғана жаксы білім бере алады. Қазіргі кезде оқушы қажеттілігіне сай түрлендіріп оқыту үшін, баланы жалықтырмай оқыту үшін күнделікті жаңа оқыту түрлерін енгізіп, түрлендіріп отырғанда ғана оқушы оқуы өзгереді, мәселен «Менің атым-Қожа» фильмінде «Мен оқушымның шамын жаға алмадым» деген жолдарында оқушыны оқуға қызықтыра алмағанын меңзейді. Бұрынғыша білім беру жолын аңсайтындар оқушыны топтастыра, жұптастыра ойлануга, пікір алмасуына қарсы, олар оқушы кажеттілігін емес, өз жайлылығын ойлайды. Жас маманға әдістемелік тұрғыдан шебер болуға 25 жыл еңбек өтілі қажет емес, ол қиындыктарын шешудің ғылыми-практикалық жолын ізденсе, 3-4 жылда шебер мұғалім бола алады. Менің ойымша, мұғалім өзінің құзіретін көтеру үшін де, оқушыға тиімді білім беру үшін де көп оқуы қажет деп ойлаймын.
Мұғалімнің көп оқу қажеттілігінің екінші жағы- қазіргі окушы әлеуметтік желі аркылы техникалык, ғылыми, жаңалықтарды біліп отырғандықтан, мұғалім оны одан алдын білгенде ғана оқушысын таңғалдыра алады. И. Масктін марстан мекен іздеуінің себебін, жасанды интелектілердің кажеттілігін кез келген оқушы сұрауы мүмкін жағдай, оны өздері біледі. Осындай заманауи жаңалыктардан хабарсыз болу мұғалімге тән емес, себебі қоғам мен оқушы үшін мұғалім «жаңалыктардың жаршысы, өте білімді адам». «Өз пәнімді жақсы білсем, жақсы маманмын» деген ұстаным осы күнгі оқыту мазмұнына сыймайды, тіл маманы болсаныз да физикалык, әлемдік саяси жаңалыктарды талдай алуыныз керек қой.Қай пән маманы болмауына қарамай жан-жақты білімді болып,әлем жаңалыктарын өз пәнімен салыстыра қолданып отыру ұстаз беделін өсіріп, оқушының пәніне деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын.
Ойымды қорытындылай келе, ХХІ ғасыр-өзгерістер ғасырында енбек ететін ұстаздар қауымы көп оқымауға құқығы жок. Әлемнін дамыған елдері
Марстан қала салуды, жүргізушісіз көлік құрастыруды ойластырып жатканда біздің елеіміздің балалары да жаңа дүниені жасаушы, жаңадан жаңа тудырушы өзгеше ойлы болып қалыптасу керек. Өзгеше ойлы, жаңалық жасай алатын тұлғаны тек қана көп оқыған мұғалімдер ғана тәрбиелей алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет