2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Өтқуық. Бауыр мен өтқуықтың шығару жолдары



Pdf көрінісі
бет113/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

101. Өтқуық. Бауыр мен өтқуықтың шығару жолдары. 
Уник:87,85 
Өтқуық 
(vesica fellea); (biliaris). Өтқуық өттің қоймасы болып саналады. Ол бауырдағы 
өтқуық шұңқырында орналасқан. 
Пішіні:
алмұртқа ұқсайды. Өтқуықтың түбі: fundus vesicae fellae; Түтігі: ductus cysticus; 
Денесі:
corpus vesicae fellae; Мойыны: collum vesicaefellae бар.
Склетопиясы:
бауырдың төменгі жағында орналасқан. 12 арқа мен 5 бел омыртқа 
аралығында тыныс алуға байланысты орын ауыстырып отырады.
Голотопиясы:
құрсақ қуысында жатады. 


Өтқуықтың: шырышты, шырышасты, бұлшықеттік, сыртқы дәнекер тіндік қабықтары бар. 
Шырышасты қабығы жақсы дамыған. Ол өтқуық мойнының маңында спираль 
катпарларды (plicae spirali) құрайды. 
Бауырда түзілетін өт жалпы бауыр түтігі арқылы (ductus communis) шығады. Керек 
болған жағдайда ол жалпы өт түтігі арқылы (ductus choledochus) бірдей он екі елі ішкке 
келеді. Егер ондай кажеттілік болмаса, онда жалпы өт түтігі мен оның қысқышы 
жиырылған күй де болады да, өтті ішекке жібермейді, сол себепті өт өтқуықтың түтігіне
(ductus cysticus) бағытталып өтқуыққа ағады, бұл үрдісті иірімді қатпар (plica spiralis) 
құрылыс ерекшелігі қамтамасыз етеді. Ас асқазанға келгенде тиісті рефлекс пайда болып, 
өткуықтың бұлшықетті қабырғасы жиырылып, сонымен бір мезгілде жалпы өттүтігі мен 
сфинктерлердің бұлшықеттері уақытша босайды, соның нәтижесінде өт ішек қуысына 
түседі. 
102. Өттің түзілуі және өттің шығарылу жолдары. 
Уник: 100 
Өт (
bіlіs, fel) - сары-қоңыр түсті сұйықтық (бауырдың безді клеткаларынан бөлінеді) 
Бауыр жасушалары арқылы түзілген өт, үздіксіз өтті бойынан өткізуші, бастапқы өттік 
түтікшелер, ductuli biliferi, одан әрі үлесшеаралык түтікшелер, ductuli interlobulares, 
сегменттік, зоналык, бөліктік түтікшелер аркылы бауырдан шығады. Бауырдан шыкқан 
соң, бауырдың меншікті оң және сол өт түтіктері қосылып, жалпы бауыр түтігін, ductus 
hepaticus communis, одан әрі өтқуықтың түтігімен, ductus cysticus, қосылып, жалпы өт 
түтігін, ductus choledochus, түзіп, он екі елі ішекке карай бағыт алады, он екі елі ішектін 
төмендеген бөлігінін ішкі капталында, ұйқыбездің түтігімен қосылып, он екі елі ішектің 
үлкен бүртігінің ішінде, ampulla hepatopancreatica, құрап ашылады. Өт түтігі мен ұйқыбез 
түтігінің қосылған жерінде, он екі елі ішектің дөнгелек бұлшықеттік қабаты өт түтігінің 
кысқыш бұлшықетін, sphinster choledochi, құрауға қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет