2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет131/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Кеңірдектің құрылысы: 
• Paries membranaceus – жарғақты бөлігі, артқы шеміршектер осы жарғақ арқылы 
байланысады. 
• Cartilagines tracheales-шеміршекті жартылай сақиналар
• Tunica mucosa-кеңірдектің сілемейлі қабаты 
• Tela submucosa-сілемейасты негізі 
• Ligg.annularia-сақиналы байламдар арқылы кеңірдектің қабырғалары өзара 
байланысады.Саны 16-20 дай болады. 
• M.trachealis-жазық бұлшықеттік талшықтар 
Кеңірдектің ішкі беті, шырышты қабық шырышты бездер, gll. tracheales, мен лимфа 
түйіндеріне өте бай, кірпікшелі эпителиймен қапталған. Сыртқы беті дәнекер тінмен, 
tunica adventitia көмкерілген. 


Бронхтар-bronhi principals-кеңірдектің IV кеуде омыртқаның тұсында 2-ге айырылады: оң 
жақ және сол жақ басты бронхтарға. 
• Оң басты бронх-bronchus principalis dexter-сол жақ бронхтан кең болып келеді, себебі оң 
өкпенің көлемі сол өкпенің көлемінен үлкен. 6-8 шеміршекті сақиналары бар. Тік 
орналасқан, кеңірлектің тікелей жалғасы болғандықтан. 
• Сол басты бронх-bronchus principalis sisnister-он жақ бронхқа қарағанда 2 есе ұзындау 
келген, 9-12 шеміршекті сақиналары бар. 
Макроскопиялық құрылысы 
а)шеміршекті бөлігі (pars cartilaginea): 
-шеміршекті жартылай сақиналар (cartilagines tracheales) (15-20); 
-сақиналық жалғамалар (ligg. annularia) олар cartilagines tracheales-тарды бір-бірімен 
қосатын жалғамалар; 
б) жарғақты бөлігі (pars membranacea) жазық бұлшықеттік (musculi tracheales) талшықтар 
мен дәнекерлік тіннен тұрады және олар шеміршекті жартылай сақиналар мен ligg. 
annularia аралығындағы кеңістіктерді толтырып орналасады. 
Микроскопиялық құрылысы 
-кеңірдектің сілемейлі қабаты (tunica mucosa) қозғалмалы эпителиймен қапталған; 
-сілемейасты негізі (tela submucosa) жақсы жетілген; 
-кеңірдектің келесі қабатын оның бөліктеріне (pars cartilaginea немесе pars membranacea) 
сәйкес шеміршектер, бұлшықеттер және дәнекертіндер құрайды; 
-кеңірдектің сыртқы жағы адвентиция қабығымен (tunica adventitia) жабылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет