2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері.(



Pdf көрінісі
бет147/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

133.Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері.( 
Уникальность 
текста:76.78%) 
Жалпы бірінші бүйрек несеп мүшесіне анықтама бере кетсек.Бүйрек жұп экскреторлық 
мүше болып саналады,латынша бүйректі ren деп атайды.Ол адам организмінде арқа 
жотамыздан төмен орналасады.Бүйрек несеп мүшесінің пішіні бұршақ тәрізді болып 
келеді,ал құрамы жағынан тығыз.Және де бүйрек түсі қою қызыл түсті,ал салмағы не бәрі 
жүз жиырма граммды болады.Бүйректің құрылымдық қызметтік бірлігі болып нефрон 
саналады,нефронның латыншасы nephron аталады.Бүйректің қантамыр арнасында ұсақ 
қантамырлары капиллярлар,ең ірі қантамыры артерия және де вена болады.Осы 
қантамырлары арқылы бүйректе тәулігіне мың сегіз жүздей литр қан ағып жатады.Бүйрек 
артериясы латынша a.renalis деп аталады,сол латынша hilus renalis деп аталатын бүйрек 
қақпасы арқылы кіріп,ары қарай артқы және алдыңғы тармақтарға бөлініп жатады.Осы екі 


тармақ ары қарай сегментаралық артерияларға бөлінеді.Алдыңғы тармақтан төрт 
сегментарлық артерия тарайды,олар:a.segmenti superioris;a.s.anterioris 
superioris;a.s.anterioris inferioris;a.segmenti inferioris.Ал артқы тармақ мүшенің артқы 
сегментіне жалғасады.Сегментарлық артериялар үлесаралық артерияларға яғни 
aa.interlobares,ал олар бүйрек пирамидаларының аралығында жүреді.Сосын үлесаралық 
артериялар aa.arcuatae доғалық артерияларды бүйрек қыртыс және милы заты арасында 
түзеді.Бұл түзілген доғалық артериялардан бүйрек қыртыс затына көп үлесшеаралық 
артериялар тармақталады.Ал олардан әкелушы шумақ артериоласы arteriola glomerularis 
afferens бастау алып ары қарай капиллярларға жалғас алады.Сосын осы капиллярлардан 
glomerulus шумақ қалыптасады.Бұл шумақтан arteriola glomerularis efferens әкетуші шумақ 
артериоласы басталады.Осындай әкелуші шумақ артериоласының капиллярларға 
тармақталуымен капиллярлардан қайта әкетуші шумақ артериоласының қалыптасуы rete 
mirabile таңғажайып тор атанады.Және де бүйректің милы затына үлесаралық пен доғалық 
және кейбір әкетуші шумақ артериоласынан пирамидаларды қанмен қамтамасыз ететін 
arteriola recti тік артериолалар тарайды.Ал бүйректің қыртысты затының капилляр 
торынан венулалар қалыптасып,vv.interlobulares түзіледі,олар ары қарай vv.arcutae 
құяды.Жәнеде venulae stellatae жұлдызша венулалар қалыптасып ары қарай доғалық 
веналарға ашылады.Мұндағы жұлдызша венулалар бүйрек қыртыс затының беткей қабаты 
мен фиброзды қабығында түзіліп отырады.Олар үлесаралық веналарға,vv.interlobulares 
бүйрек қойнауына кіріп сосын бір бірімен бірігіп бүйрек венасын v.renalis түзеді.Ал осы 
бүйрек венасы қақпасынан шығып төменгі қуыс венаға ашылады.Бүйректегі қан 
тамырлармен қоса бірге лимфа тамырлары да қатарласа жүреді,олар бүйрек қақапасынан 
шығады.Лимфа тамырлары nodi lymph.lumbales құяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет