2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Аталық без қабықтары, олардың туындылары



Pdf көрінісі
бет154/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

140.Аталық без қабықтары, олардың туындылары. 
УНИК: 90 процент 
Жалпы, аталық бездің құрылысына келер болсақ, сыртынан аталық без ақ қабық немесе 
tunica albuginea, деп аталатын фиброзды ақшыл болып келетін қабықпен қапталады.Бұл 
қабықтың астында аталық без паренхимасы,parenchyma testis орналасады. Ак қабықтың 
артқы шетінің ішкі жағынан аталық без паренхимасына -mediastinum testis,яғни аталық 
бездің орталығы енеді. Одан аталық без қалқашықтары, septula testis, тарайды,ол 
паренхиманы аталық без үлесшелеріне, lobuli testis бөледі. Аталық бездің үлесшелері 
конус секілді болып келеді. Аталық безде шамамен 250-ден 300-ге дейін үлесшелер 
болады. Әр аталық без үлесшелерінің паренхимасының құрамында 2-3 ирелендеген 
шәуеттің өзекшелері, lubuli seminiferi contorti болады,олардың сперматогенді эпителийі 
бар болып келеді. Бұл шәует өзекшелері үлесшелері ұшы аймағында бір-бірімен қосылып, 
тік шәует өзекшелерін, tubuli seminiferi recti түзеді. Бұлар аталық бездің торына, rete testis, 
ашылады. Аталық без торынан аталық без қосалқысының түтігіне, ductus epididymidis, 
ашылатын 12-15, ductuli efferentes testis немесе аталық бездің шығарушы өзекшелері 
басталады. 
Ақ қабық аталық безді сыртынан қаптап жауып тұрады.Одан өзге де қабаттар бар болып 
келеді.Соларға тоқталып өтер болсақ. Тері немесе cutis – адам денесінің ,яғни іштің 
алдыңғы қабырғасының терісінің жалғасы болып табылады , жұқа , қоңыр түсті болады, 
жақсы созылмалы.
2.Етті қабық ( tunica dartos ) – тері астындағы қабат,теріасты бездеріне бай болып 
келеді,өзіне тән иісі болады,құрамында эластикалық талшықтар мен бірыңғай салалы 
бұлшықет тіні болады.Бұл қабықтың құрылысының ерекшелігінің арқасында ұманың 
терісі біршама жиырыла алады және сыртқы ортаның температурасы төмендегенде 
аталық бездерді қасағалық дөңес жаққа тартады , ал температура жоғарыласа – едәуір 
созылады және аталық бездердің түсуіне ықпал етеді.Осы процесстер сперматогенезге 
қажетті қолайлы температураны,яғни 33-35 ° С ұстап тұру үшін керек. 
3.Сыртқы шәует фасциясы ( fascia spermatica externa ) алдыңғы қабырғасының беткей 
фасциясының жалғасы болып табылады 
4. Аталық безді көтеретін бұлшықет фасциясы ( fascia сrеmаѕtеrica ) ол көптеген 
эластикалық талшықтардан тұрады , беткей шап сақинасы,яғни anulus inguinalis 
superficialis жиегінен басталады және m obliquus abdominis externus сыртқы бетін жабатын 
іштің меншікті фасциясының жалғасы болып табылады.
5. Аталық безді көтеретін бұлшықет ( m . cremaster ) – жұқа көлденең жолақты бұлшықет 
талшықтарынан тұрады және де іштің бұлшықетінің ( m.transversus abdominis ) жалғасы 
болып табылады .Ол шап каналына,яғни canalis іnguinalis өтіп шәует шылбырының 


құрамына кіреді,аталық безді тер тәрізді жауып орналасады. Бірақ та көлденең жолакты 
бұлшықет талшықтарынан тұрғанымен біздің еркімізге байланыссыз жиырылып аталық 
бездерді жоғары тартып көтереді
6. Ішкі шәует фасциясы ( fascia spermatica interna ) – іштің көлденең фасциясының,яғни 
fascia transversalis жалғасы.Ішкі шәует фасциясы аталық бездің қынапты қабығының 
париетальды табақышасымен бірігеді,висцеральды жапырақшаға ауысады. 
7.Аталық бездің қынапты қабығы tunica vaginalis testis іш қуысы ішастарының жалғасы 
болып табылады.Париетальды және висцеральды табақшалардан тұрады,яғни lamina 
parietalis ,lamina visceralis.Висцеральді жапырақша аталық бездің ақ қабығымен 
бітісіп,аталық без қосалқысына да өтеді.Аталық бездің артқы аймағында,яғни тамырлар 
шығатын жерде париетальды табақшаға ауысады.Париетальдық жапырақша аталық безді 
айналдыра қоршайды,ішкі шәует фасциясымен fascia spermatica interna бітіседі.Осы екі 
жапырақшаның аралығында іштің ішастар қуысының жалғасы болатын сірлі қуыс cavum 
vaginae болады.Патологиялық жағдайда болса аталық без шемені пайда 
болады.Висцеральдық жапырақша аталық бездің латеральді беті және аталық без 
қосалқысының денесінің арасында саңылау тәрізді кеңістікке өтеді,қойнау sinus 
epidydimis түзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет