2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Аталық сыртқы жыныс ағзалары,олардың анатомиясы



Pdf көрінісі
бет159/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

144.Аталық сыртқы жыныс ағзалары,олардың анатомиясы.
 91.03%
 
Аталық сыртқы жыныс ағзаларын ұма мен жыныс мүшесі құрайды.
Аталық жыныс мүшесі,латынша атауы penis,құрамы үш денеден тұрады,жұп үңгірлі
денеден corpus cavernosum penis, тақ кеуекті денеден, corpus spongiosum penis, тұрады. Бұл 
денелер көптеген көпіршелердің, бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарының қоспасынан 
тұратын фиброзды-серпінді тәждерден, эндотелимен астарланған қанға толтырылған 
аралықтар мен үңгіршелерден тұрғандықтан,солай айтылады. 
Жыныс мүшесінің үңгірлі денелері, corpus cavernosum penis, цилиндр пішінде екі ұзын,екі 
шеті үшкірленген дене болып табылады.Олардың артқы бөліктері үшкірленіп, қасаға 
сүйегінің төменгі тармағына бекитін аталық жыныс мүшесінің аяқшаларын crura penis 
түзеді. Үңгірлі денелер бір-бірімен медиальді беттері арқылы бітісіп, үңгірлі дененің ақ 
қабығымен tunica albuginea corporum cavernosorum қапталған.Ол қабық екі дененің 
арасында еркек жыныс мүшесі басының қалқасын septum penis құрап тұрайды. Қалқаға 
сәйкес,жоғарғы бөлігінде v.dorsalis penis үшін ал төменгі бөлігінде corpus spongiosum penis 
жүлге орналасқан. 
Аталық жыныс мүшесінің кеуекті денесі де, corpus spongiosum penis ақ қабықпен tunica 
albuginea corporis spongiosi fascia жабылған.Ол үңгірлі денелердің астынғы бөлігінде 
ұзына бойымен орналасқан. Оның бойымен несеп шығаратын өзек өтеді.Мөлшері үңгірлі 
денеге қарағанда кішірек диаметрі 1-смдей. Бірақ екі жағы біраз жуан болып келеді, артқы 
бөлігі аталық жыныс мүшесі буылтығын bulbus penis ал алдыңғы бөлігі, еркек жыныс 
мүшесі басын glans penis қалыптастырады. 


Жыныс мүшесінің кеуекті және үңгірлі денелері қоршап,тұтас етіп ұстап тұратын fascia 
penis қапталған және ол терең және беткей байламдармен бекітіліп тұрады. 
Жыныс мүшесінің қасаға сүйектерге бекініп тұратын артқы шетін түбірі, radix penis, деп 
атайды.Алдыңға шеті баспен,glans penis,аяқталады.Басы мен түбірінің арасында денесi, 
corpus penis,ажыратылады.Дененің жоғарғы бөлігі төменгі бөлігіне қарағанда кеңірек 
және осы жерде арқашығы dorsum penis болады. Төменгі бөлігінде жүлге corpus 
spongiosum penis жанасып жатады. Жыныс мүшесінің басында вертикалды саңылау,несеп 
шығаратын өзектің сыртқы тесігі ostium urethrae externum орналасқан. Оның бас бөлігі 
дорсалді және де латералді шеттері үңгірлі денеден кішкене шығып тұрады,бұл бөлік 
corona glandis деп аталады, ал оның артқы бөлігінде тарылған шетін collum glandis деп 
атаймыз.Жыныс мүшесінің терісі басының негізгі бөлігінде бос қатпар түзіп орналасқан, 
оны күпек бас preputium деп атайды. Төменгі жағында күпек бастың терісімен жүгенше 
frenulum preputium арқылы байланысады. Бастың дорсалді және де латералді бөліктерінен 
шығып тұратын жиегінің corona glandis жан-жағында және күпектің ішкі қатпарында 
мөлшері әр түрлі болып келетін май бездері glandulae preputiales орналасқан.Бұл бездер 
жыныс безінің басының және күпек бастың аралығындағы науашықта болатын 
препуциалды майдың smegma preputii құрамында кездеседі. Бас пен күпек арасындағы 
қуыс – күпек қуысы деп аталады,ол кейін күпекбас ығысқан кезде басты өткізетін тесікке 
қарай ашылады.Жыныс мүшесінің төменгі бөлігінде ортаңғы сызық бойында
алғашындағы екі жартының бітіскен жерін айқындайтын жік raphe болады. Ол жыныс 
мүшесінен басталып, одан ұмаға және шатқа жалғасады. Жыныс мүшесінің көлемі, үңгірлі 
және де кеуекті денелердің құрамындағы қан мөлшерінің азды-көптігіне байланысты 
өзгермелі болып келеді.
Ұма scrotum құрсақтың алдыңғы бөлігінде, аталық жыныс бездер орналасатын екі бөлек 
камералы қалта тәрізді.Ұма аталық жыныс мүшесінің түбірінен артта және төменде 
орналасқан.Оның әрбір бөлігінде аталық без орналасқан.Ұманың ортаңғы сызығының 
бойымен жыныс мүшенің төменгі бөлігінен басталатын одан ары anus аймағына дейін 
созылатын ұма жігі raphe scrot өтеді.Ұманың қалған беттері көптеген қабықтармен 
қапталған. 
Ұманың 7 қабығы ажыратылады, олар аталық бездің қабықтары болып табылады: 
1.тері cutis.Ұманың терісі жұқа, қатпарларға жеңіл жиналатын, басқа бөліктерге қарағанда 
түсі қоюлау болып келеді.Ұма терісінде өзіне тән ерекше иісі бар секрет бөлетін ірі май 
бездері болады. 
2. tunica dartos бұлшық етті қабық дәл тері астында орналасады.Шап бөлігінде және де 
шаттың тері асты дәнекер тінінің жалғасы,тек ол жерлерде май кездеспейді.Бұлшық етті 
қабық болғандықтан бірыңғай салалы бұлшықет көп мөлшерде болады.Бұл қабық әрбір 
атабез үшін бір-бірден қап түзеді,олар ортаңғы сызық бойымен бірігіп ұма қалқасын 
septum scroti түзеді. 
3.сыртқы шәует шандыры fascia spermatica externa – іштің беткей шандырдың жалғасы 
болып саналады. 
4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры fascia cremasterica беткейлік шап 
сақинасының тұсынан шығатын fascia intercruralis-тің жалғасы.
5.аталық безді көтеретін бұлшықет m.cremaster көлденең жолақты бұлшықет 
талшықтарынң будаларынан тұратын m.transversus abdominis-тің жалғасы. 


6.ішкі шәует шандыры fascia spermatica interna аталық безді көтеретін бұлшықеттің 
астыңғы бөлігінде.Ішкі шәует шандыры fascia transversalis-тің жалғасы, атабездің жан-
жағындағы сірлі қабықтың сыртқы бетінде болады. 
7.аталық бездің қынапты қабығы tunica vaginalis testis.Ол екі табақшадан тұрады: lamina 
parietalis – париеталды табақша және lamina visceralis – висцералды табақша Екі табақша 
тұйық сірлі қуыстан тұрады. Висцералды табақша атабезддің ақ қабығымен бітіскен және 
де атабез қосалқысына да ауыса алады. Олаталық бездің артқы жиегінің бойымен 
тамырлардың шығатын жерінде париеталды табақшаға ауысады.Париеталды және де 
висцералды табақшалардың бір-біріне қараған беттерінің арасында саңылаутәрізді 
кеңістік cavum vaginale бар, ол жерде ауру-cырқауда көп мөлшерде сірлі сұйық жиналып, 
атабез шеменіне әкеліп соқтыруы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет