2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет187/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Лимбиялық жүйе
(limbus) - таламустың екі жағында, тікелей соңғы мидың астында 
орналасқан мидың бірқатар құрылымдарының жиынтығы.Ол ми бағанының жоғарғы 
бөлігін белбеу тәрізді орап, оның шетін (лимб) құрайды. Дененің сыртқы және ішкі 
ортасы туралы ақпарат ала отырып, лимбиялық жүйе организмнің сыртқы ортаға дұрыс 
бейімделуін және гомеостазды сақтауды қамтамасыз ететін вегетативті және соматикалық 
реакцияларды бастайды. Лимбиялық жүйе құрамына кіреді: 
1.Иіс сезу жүйесі: иіс сезу буылтығы (Bulbus olfactorius) және иіс сезу жолы (Tractus 
olfactorius); 
2.Алдыңғы тесіктелген зат (Substantia perforata anterior); 
3.Бел қатпары (Gyrus Cinguli): жүрек соғу жиілігін және қан қысымын автономды реттеу; 
4.Парагипокамп қатапары (Gyrus parahippocampalis); 
5.Тісті қатпар (Gyrus dentatus); 
6.Гиппокамп (Hippocampus): ұзақ мерзімді жадты қалыптастыру, сонымен қатар 
ақпаратты өңдеу және сақтау үшін қажет; 
7.Бадам тәрізді дене (Corpus amygdaloideum): агрессия және сақтық, қорқыныш; 
8.Гипоталамус (Hypothalamus): гормондар арқылы автономды жүйке жүйесін реттейді 
(аштық, шөлдеу, жыныстық қатынас, ұйқы және ояну циклі); 
9.Емізік тәрізді дене (Corpus mamillare): жадты қалыптастыру процесіне қатысады; 
10.Ортаңғы мидың ретикулярлық формациясы(Formatio reticularis). 
 
 
 
 
 
168.Мидың латералді қарыншалары, бөлімдері, олардың қабырғалары, қатынасы.
100% 
Мидың латералді қарыншалары, ventriculi lateralis cerebri, үлкен ми сыңарларының ішінде 
жатып, соңғы мидың, telencephalon, калдық қуысы болып саналады. Ол сол латералді 
қарынша, ventriculus lateralis sinister, және оң латералді карынша, ventriculus lateralis 
dexter, деп ажыратылады, оларды шартты түрде сол қарыншаны бірінші, оңды-екінші 
қарынша деп санайды. Оларды жұлын сұйықтығы, liquor cerebrospinalis, болады. Бүйірлік 
қарыншалар қарыншааралық (Монро) тесіктер арқылы үшінші қарыншамен 
байланысады.Бүйір қарыншалар сүйелді дене, corpus callosum, астында орналасады. Әрбір 
бүйір қарыншаның бөліктері:
1) алдыңғы мүйіз, cornu anterius, маңдайлық үлесте орналасады 


Медиалді қабырғасы- оң және сол мөлдір қалқаның жіңішке табақшасы, lamina septi 
pellucidi 
Латералді қабырға- кұйрықтық ядро денесі, corpus nuclei caudati 
Алдыңғы, жоғарғы, төменгі қабырғалары- сүйелді дене талшықтары, tapetum 
2) орталық бөлігі, pars centralis, төбелік үлесте орналасады 
Жоғарғы қабырғасы- сүйелді дене, corpus callosum 
Төменгі қабырғасы- кұйрықтық ядро денесі, corpus nuclei caudati, шекаралық жолақ, stria 
terminalis, көз төмпесі, thalamus opticus, бүйір қарыншасының тамырлы өрімі, chorioideus 
ventriculi lateralis 
3) артқы мүйіз, cornu posterius, шүйделік үлесте орналасады 
Жоғарғы, латералді қабырға- сүйелді дене талшықтары, tapetum 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет