2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет4/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

• Инъекция әдісі
– инъекциялық масса рентген сәулелерін тұтатын болса – 
рентгенографиямен, арнайы өңдеуден кейін объект мөлдірленіп, инъекуияланған 
тамырлар мен өзектер контрасталып, лайланатын болса – жарықтандырумен ұштастыра 
қолданылады. 
• 
Аралап кесу 
– бұл әдісті ең бірінші рет қолданған Н.И.Пирогов болды. Бұл әдістің 
көмегімен мүшенің басқа анатомиялық түзілістерге қатысты орналасуын тоңазытып 
қатырылған дененің арамен есілген жерінен зерттейді. 
• Гистотопография
– қалыңдығы микрометр болатын кесіндіні дайындап, оны 
гистологиялық боялармен өңдеп, осы кесінділерден деректерді тіндік ара-қатынастар 
туралы мәліметтермен толықтыруға мүмкіндік береді. 
• 
Графикалық немесе пластикалық реконструкция
– гистологиялық кесінділер мен 
гистотопограммалар бойынша зерттелетін түзілістің суретін немесе көлемін алу болып 
табылады. Бұл әдіс бірқатар анатомиялық міндеттерді шешу үшін қолданылады. 


• Электронды микроскопия
– жарық микроскобынанкөрінбейтін өте жұқа 
құрылымдарды көруге мүмкіндік береді. Бұл әдіс анатомияға кеңінен енгізілуде және 
оның болашағы өте зор. 
Функционалдық немесе қызметтік әдістерге рентген сәулелерін қолданумен байланысты 
әдістер (рентгенография) және эндоскопия (арнаулы приборлардың, мысалы, 
гастроскоптың, бронхоскоптың және т.б. көмегімен ішкі мүшелерді зерттеу) жатады.
Рентгенологиялық зерттеудің ең жаңа әдістеріне: 
• 
Электрорентгенография 
– рентгенограмманың көмегімен айқындалмайтын жұмсақ 
тіндердің (терінің, сіңірлердің, шеміршектердің, паренхималық мүшелердің және т.б.) 
рентгендік кескіндерін алуға мүмкіндік береді. 
• 
Томография
– рентген сәулелерін ұстайтын, белгілі жазықтықта жатқан кескіндерді 
алуға болады.
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет