2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет162/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

 
 
146.Қуықасты без, құрылысы, қызметі.
Қуыкасты безі, prostata, - тақ бұлшықетті безді мүше болып табылады, ол негізінен 
сперманың құрамына кіретін секрет бөледі.Қуықасты безі негізінен кіші жамбас 
астауының алдыңғы төменгі жағында, несепқуықтың астыңғы бөлігінде, несеп-жыныс 
диафрагмасында орналасқан. Осы қуықасты безі арқылы несеп шығаратын оң және сол 
шәует жіберетін түтік өтеді.
Қуыкасты безі, prostata, - тақ бұлшықетті безді мүше болып табылады, Ол без ретінде 
шәуеттің маңызды бөлігін құрап, сперматозиодты белсенділендіреді, сперманың 
құрамына кіретін секрет бөледі. Сонымен қатар, еркек несеп шығаратын өзегінің бастапқы 
бөлігін қамтитын, аз бөлігі безді, көп бөлігі бұлшықетті ағза болып табылады. Қуықасты 
безінің пішіні негізінен каштан ағашынан ұқсас болып келеді. Қуықасты безінің негізінен 
алдыңғы беті, артқы беті, бүйір беті және де қуықасты безінің ұшы ажыратылады.


• Бездің алдыңғы беті, facies anterior, негізінен қасаға симфизіне қараған, одан ішінде 
веналық өрім орналаскан және де борпылдак шелмаймен бөлінген.
• Қуықасты безінің артқы беті, facies posterior, тік ішектің кең жеріне қарай бағытталып, 
тік ішекпен жанасып тұрады, одан жамбас астау шандыр табакшасымен, septum 
rectovesicale, бөлінген. Тік ішекпен тұспалас орналасуы, тірі адамдарда тік ішектін 
алдыңғы кабырғасы арқылы қуықасты безін ұстап анықтауға мәжбүр етеді.
• Қуықасты безінің төменгі бүйір беті, facies inferolateralis, веналық өрімді көтеретін 
бұлшықетке қарайды. 
• Қуықасты безінің ұшы, apex prostatae, төмен қарай бағытталып, несеп-жыныс 
диафрагмасында орналасқан. 
Негізінен қуықасты безінің салмағы – 20-25 г, ал көлденең көлемі – 4 см, бойлық көлемі – 
3 см, қалыңдығы шамамен – 2 см шамасында болады. Қуықасты безі тығыз 
консистенциялы және де түсі сұр-қызғылт түсті болып келеді. Қуықасты безінің екі үлесі 
ажыратылады: оң, lobus dexter, және сол, lobus sinister, үлестері. Осы екі үлестің 
шекарасы болып бездің алдыңғы бетінде орналаскан терең емес жүлге саналады. Бездің 
артқы бетінен шығыңқы орналасқан, несеп шығаратын өзекпен алдынан және де шәует 
жіберетін түтіктің артынан шектеліген бөлігін, қуықасты безінің қылтасы isthmus 
prostatae, деп немесе оны ортаңғы үлесі, lobus medius, деп атайды. Адам қартайған кезінде 
бұл үлес гипертрпфияға ұшырайды, сондықтан да осы кезде несептің шығарылуы 
қиындайды. Қуықасты безінің қабырғаларының құрылысына келетін болсақ: қуықасты 
безі сыртынан қапшықпен , capsula prostatica, жабылған. Одан бездің ішіне дәнекер тінді 
талшықтары тармақталады. Сол безді тіннен parenchyma glandulare, және бірыңғай 
салалы бұлшықеттік тіннен, substantia muscularis, құралынған. Қуықасты безінің 
бұлшыкеттік тіні несепқуық түбі қабырғасының бұлшықеттік шоғырларымен бірігіп, 
негізінен еркек несеп шығару өзегінің ішкі бұлшықеттік қысқышының қалыптасуына 
қатысады. Қуықасты безінің без жолдары жұп құрап, нүктелі тесіктермен шәует төбешігі 
ауданындағы еркек несеп шығару өзегіне ашылатын шығарғыш куықасты без түтігінің, 
ductuli prostatici, түтігіне өтеді. Қуықасты безінің қанмен қамтамасыз етілуіне тоқталатын 
болсақ: Қуықасты безінің кан айналымы төменгі несепқуықтық және ортаңғы тік ішектік 
артериялардан кететін көптеген ұсақ артериалді тармақтар арқылы жүзеге асады. Веналық 
қан қуықасты безінен қуықасты безінің веналық өріміне, plexus venosus prostaticus, одан 
төменгі несепқуық веналарына, содан соң оң және сол ішкі мықын веналарына құяды. 
Қуықасты безінің лимфа тамырлары ішкі мықын лимфа түйіндеріне құяды. Қуықасты 
безінің нервтері төменгі құрсақасты өрімнен, plexus hypogastricus inferior, симпатикалық 
және парасимпатикалықталшықтары кіретін қуықасты без өрімінен, plexus prostaticus , 
түзіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет