2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Шынтақ шұңқыры, шынтақ шұңқырының жүлгелері, құрамы



Pdf көрінісі
бет80/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

71.Шынтақ шұңқыры, шынтақ шұңқырының жүлгелері, құрамы. 
Шынтақ шұңқыры яғни,fossa cubitalis алдыңғы шынтақ аймағында орналасқан.Ол 
латеральды жағынан musculus brachioradialis-пен яғни иық-кәрі жілік бұлшықетімен, 
медиальды жағынан musculus pronator teres-пен дөңгелек пронатор бұлшықетімен, түбінен 
musculus brachialis-пен иық бұлшықетімен шектесіп жатыр.Шынтақ шұңқырының 
жүлгелеріне тоқталып өтсем.Шынтақтың алдыңғы медиальды жүлгесі sulcus cubitalis 
anterior medialis ол бізде musculus pronator teres пен musculus brachialis арасында жатады, 
бұл жүлгеде артерия, нерв,аностомоз,аттас веналар орналасады..Шынтақтың алдыңғы 
латеральды жүлгесі sulcus cubitalis anterior lateralis латеральды жағында musculus 
brachioradialis-пен және медиальды жағында musculus brachialis-пен шектелген,жүлгеде 
аностомоз,аттас веналар, нерв орналасады. Шынтақтың артқы латеральды жүлгесі sulcus 
cubitalis posterior lateralis olecranon шынтақ өсінді мен epicondylus lateralis humeri тоқпан 


жіліктің латеральды айдаршықүсті арасында орналасқан,онда аностомоз аттас веналар 
орналасады. Шынтақтың артқы медиальды жүлгесі sulcus cubitalis posterior medialis
olecranon шынтақ өсінді мен epicondylus medialis humeri тоқпан жіліктің медиальды 
айдаршықүсті арасында орналасқан.Бұл жүлге musculus flеxor carpi ulnaris білезіктің 
шынтақтық бүккіш бұлшықетінің латеральды және медиальді бастарымен canalis ulnaris 
шынтақ жіліктік өзекке айналады. Алдынан sulcus cubitalis posterior medialis-пен , 
медиальді caput mediale m. flexor carpi ulnaris-пен , латеральді caput laterale m. flexor carpi 
ulnaris-пен шектесіп жатады.Бұл каналда анастомоз, аттас вена, нерв орналасқан. 
72.Қол басының сүйекті-фиброзды өзектері және синовиалді қынаптары. 
Қол басының фасциалық қабықшасы кәрі жілік-білезік буынының маңында бұлшықет 
сіңіршелері өтетін бірнеше синовиальді қынаптарды құрайды.Бұл қынаптардың қызметі 
бұлшықет сіңіршелерінің еркін қозғалысын жеңілдету болып табылады.Қол басы 
сіңіршелерінің синовиальді қынаптарын айта кетсем. Саусақтарды бүккіш жалпы 
бұлшықеттің синовиальды қынабы vagina synovialis communis tendineum musculorum 
flexorum ол білезіктік өзекшенің ішкі қапталында орналасады.Бас бармақты бүккіш ұзын 
бұлшықеттің синовиальді қынабы vagina synovialis tendinis musculus flexoris pollicis longi 
білезіктік өзекшенің яғни canalis carpalis латеральды жағында орналасқан.Бұл өзек арқылы 
орталық жүйке өтеді.Canalis carpi radialis арқылы білезіктің кәрі жіліктік бүккіші 
синовиальды қынабы vagina synovialis tendinis musculi flexoris carpi radialis өтеді.Барлық 3 
синовиальды қынап проксимальді бағытта retinaculum flexorum үстінен сәл жоғары 
орналасады.Қалған үш саусақтар 3,4,5 өз алдына дербес синовиальды қынаптардан vagina 
synovialis tendinum digitorum manus тұрады.Негізгі қызметі болып өзіне сәйкес 
сіңіршелердің синовиальды қынабын құрау болып табылады.Бұл қынап басбармақтың 
алақан-бақайшық буындарынан дистальді бақайшыққа дейінгі аймақта созылып 
орналасады.Қол ұшының сыртқы бетінде retinaculum musculorum extensorum астында 
сүйекті-фиброзды өзектерде жазғыштардың 6 дербес синовиальды өзегі бар.Сүйекті-
фиброзды өзекшеде орналасқан сіңіршелердің еркін қозғалысын жеңілдету үшін ішкі 
синовиальды қабықшамен қапталып, сіңіршелердің синовиальді өзектерін 
құрайды.Бірінші өзекте-musculus abductor polices longus et brevis бас бармақтың ұзын, 
қысқа бұлшықеттерінің сіңірлері орналасса, екінші өзекте-musculus extensorum carpi 
radialis longus et brevis кәрі жілік-білезіктік ұзын және қысқа бұлшықет сіңірлері, үшінші 
өзекте-musculus extensor pollicis longus et brevis басбармақты жазғыш ұзын бұлшықеттің 
сіңірлері,төртінші өзекте musculus extensor digitorum саусақтарды жазғыш бұлшықет және 
musculus extensor indicis сұқсаусақты жазғыш бұлшықет сіңірлері, бесінші өзекте-musculus 
extensor digiti minimi шыынашақты жазғыш бұлшықеттің сіңірі, алтыншы өзекте-musculus 
extensor carpi ulnaris жазғыш кәрі жілік-білезік бұлшықетінің сіңірі орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет