2. орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық актілері



бет3/3
Дата09.06.2023
өлшемі23,62 Kb.
#100206
1   2   3
Байланысты:
иоә

ИОӘ пәнінің кейбір ерекшеліктері:
Информатиканың қатаң пәнішілік байланысы материалды түсінікті және сәйкес бірізділік принципімен түсіндіріп,тиімді оқыту тәсілдерін іздеу сияқты мақсаттарды туындатады.
ИОӘ пәнінің тағы бір ерекшелігі оның жаңашылдығы, информатиканың өзі ғылым ретінде де, оқу пәні ретінде де тұрақты емес. Бұл жағдайда математика және физика сияқты пәндердің нақты әдістер мен психология және жалпы дидактиканың нәтижелеріне сүйенуге болады. Бұдан оқытушы компьютердің типіне және ПЖ –ға тәуелсіз информатика саласында мектеп оқушыларына бірдей білім беру принципін ұстайды. Әрине оқу процесінде қандай да техникалық құрал мен нақты программалық жабдығы болады. Оқушыда жалпыланған, фундаментальді білім қалыптасуы тиіс, яғни машинадан тәуелді білім мен дағдыдан қашық болған дұрыс, себебі оқушы жаңа жағдайда компьютердің басқа типімен немесе басқа ПЖ –мен жұмыс істеген кезде қиындыққа ұшырауы мүмкін. Компьютер оқытуды жекелеу (индивид.) мүмкіншілігін көбейтеді, оны әдістемеде оқытушы ескеруі қажет. Информатиканы оқытуда негізгі құрал және объект- компьютер, ол басқа приборларға қарағанда салыстыруға болмайтын үлкен «өзбетінше жұмыс» иегері.
ИОӘ курсының жалпы мақсатын ИОӘ курсын оқытуды мақсатының, мазмұнының, әдісінің, формасының және құралының жүйесі деп қарастыру қажет. Курсты оқу нәтижесінде болашақ мұғалім компьютермен жабдықталған мектепте толық жұмыс істеуге дайын болуы керек. Ол үшін мұғалімге мыналарды меңгеру қажет:
1. білімділік, дамытушылық және тәрбиелік - осы үш бағыт бойынша мектеп информатикасын оқыту мақсатын түсіну және меңгеру;
2. жалпы білім беретін мектептердегі информатика курсының мағынасы мен орнын білу;
3. курстың мазмұнын меңгеру, ол үшін информатика курсы бойынша программаларды, оқулықтарды салыстырып оқу қажет;
4. мазмұнда іріктеу принципін және оны пайдалана білу;
5. курсты оқуға арналған құралын меңгеру, оқудың классикалық және жаңа әдістерін үйрену, оқушының ойлау қабілетін басқару;
6. сабақтың әртүрлі ұйымдастыру формаларын меңгеру;
7. информатиканың басқа пәндермен байланысын көре білу, ұғу және аша білу;
8. информатиканы оқыту процесін талдауды үйрену, программалық және техникалық жабдықтарын пайдаланып, өңдей білуі қажет;
9. оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, бекітіп және дамыта білуі керек.
Информатиканың, програмалау элемттерінің орта мектепке енгізілуінің өзіндік тарихы бар:
бұрынғы Одақтағы 50 жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ – дың пайда болуына байланысты ғылыми зерттеу мекемелерінде, ірі жоғары оқу орындарында программалауды және ЭЕМ – де жұмыс істеуді зерттейтін топтар пайда болды. Бұл жұмыстар А.П.Ершовтың басқаруымен Новосибирск қаласында жүргізілді.1 кезең
математикаға бейімделген мектептерде программалауға мамандандыруға байланысты.Информатиканы мектепке оқытуды 1959 ж. басталды деуге болады, себебі Мәскеудің №444 мектебінде С. И. Шварцбурд2 кезең жоғарғы класс оқушыларына ЭЕМ жұмысын үйретуге бағытталған эксперимент жүргізді. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей білім беруде программист дайындау көзделді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет