2. Пациентті оқыту кезеңдері этаптары Пациетті оқыту мақсаты


Пациентті оқыту тәсілдері



бет3/5
Дата03.05.2023
өлшемі18 Kb.
#89296
1   2   3   4   5
Байланысты:
Æîñïàð ʳð³ñïå

Пациентті оқыту тәсілдері:
1. Пациент туралы ақпарат жинау және бастапқы білім деңгейін бағалау. Мейірбике өзінің алғашқы контактында пациенттің өз жай-күйі туралы не білетінін, оқуға ынтасының барын анықтайды. Мысал келтіретін болсақ, пациент С., 66 жаста,зейнеткер, жүректің ишемиялық ауруымен ауырады. Әңгімелесу барысында пациентте соңғы 2 аптада аяғының кешкі уақытта ісінуі және таңертеңгілік уақытта азайғаны анықталған. Жергілікті емхананың дәрігерінің емін қабылдаған және дәрігер 7 күн бойы су балансын анықтауды ұсынған. Пациент медикаментозды және зәр айдағыш препараттарды қабылдаған, бірақ ешқандай өзгеріс болмаған. Көп мөлшерде шай,сүт,компот және суды қолданады, жиі кіші дәретке шығады. Пациент су балансы жайлы және оның қалай анықталатынын білмейді.
2. Пациент проблемаларын анықтау. Ақпаратты жинап және бағалап мейірбике пациенттегі қандай білім тапшылығының бар екенін біледі.
3. Оқыту мақсатын анықтау,оның мазмұнын жоспарлау. Мейірбике өзінің алдына үш мақсат қояды: танымдық,эмоционалдық және психологиялықаумақты қамтитын болуы қажет. Мақсаттар кез келген жағдайда нақты,реалды және қолжетімді болуы тиіс.
Қойылған мақсат 3 аспектіні қамту керек:
· Пациент орындауы қажет, яғни оқытудың нәтижесі;
· Уақыт шектігі, интервалы
· Кімнің және ненің көмегімен мақсатқа қол жеткіземіз( өз бетімен, туыстарының көмегімен, балдақтың көмегімен)
 
Мақсатты айқындау төмендегідей :
· Танымдық аймақта – пациент 2 тәулік ішінде су балансы жайында біледі және түсінеді;
· Психологиялық аймақта – пациент 6 тәулік ішінде өз бетімен су балансын анықтауда психологиялық дайын болады;
· Эмоционалды аймақта – пациент 2 тәулікте су балансын қадағалаудың маңыздылығын дұрыс түсінеді
Кез –келген жағдайда мақсат нақты, жүзеге асатын және қортынды болатындай болуы қажет. Оқытудың маңыздылығын түсінгеннен кейін, мейірбике оқыту жоспарын дайындайды. Жоспарда оқыту уақыты( таңертең, түскі уақыт алдында, кешкі астан кейін) және ұзақтығы( 10 мин-тан 3 күн, 20 мин-тан 2 күн сайын) енгізіледі.
4. Оқыту жоспарын жүзеге асыру. Алға қойған жоспарды жүзеге асыру үшін мейірбике пациентпен бірлесіп оқытуға қолайлы жағдай жасайды және оқытуды өткізу мерзімін белгілейді.Егер бөлме микроклиматы жағымсыз болса(төменгі температура, жарықталуы аз, бөлме іші қолайсыз) немесе пациент көңіл-күйі жоқ болса, оқытуды кейінге қалдырған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет