2. Пайдалы кенді қазып өндіру тәсілдері



бет1/2
Дата07.02.2023
өлшемі140,57 Kb.
#65904
  1   2

2. Пайдалы кенді қазып өндіру тәсілдері
Шақты өндірісін ұйымдастыруда, әсіресе, ашу, дайындау тәсілдерін, қазу жүйелерін таңдауда кенорнының шекті пішіні мен кеңістікте орналасу жағдайы үлкен әсер ететіні белгілі.
Көмір, көбінесе, жер қойнауында айналадағы жыныстармен стратиграфиялық байланыстағы жазық плита түрінде жатады. Оны қат немесе тақта деп атайды. Тау-кен энциклопедиясы тұжырымдамасы бойынша тақта деген - қалыңдығы өрістеу ауданынан бірнеше шама кіші, нышандары біркелкі, төбесі мен табаны параллель жазықтықтармен шектелген жалпақ пішінді геологиялық дене.
Жекелеген шақты салуға арналған кенорнын немесе оның бөлігін шақты алабы деп атайды. Шақты алабы жазылым және құлама бағыттарымен сипатталады. Жерастында жатқан көмiр тақтасы горизонтал жазықтығымен қиылса, ол қиылыс ізі - жазылым сызығы немесе жазылым, ал тік жазықтықпен - құлама сызығы немесе құламасы деп аталады. Тақтаның жерасты орналасуы төрт жатыс элементімен анықталады: жазылым және құлама сызықтары, қалыңдығы - m, құлама бұрышы - α.
3.1-суретте мысал ретінде жеке дара жатқан көмір тақтасы үшін төртбұрышты шақты алабы көрсетілген. Бұл суреттегі АВ мен СD - шақты алабының жазылым бағытында, ал АС мен ВD – құлама бағытында жатқан сызықтар. Жоғарғы АВ сызығы – шақты алабының өрлеу, төменгі СD - құлама шекаралары, ал АС мен ВD сызықтары жазылым шекаралары болады.



3.1-сурет. Шақты алабының көріністері

Шақтының маркшейдерлік құжаттары шақты алабының горизонтал көрінісінде келтіріледі (3.1-сурет, көрініс ІІ). Шақты құжаттарының көпшілігін негізінде алабтың тақта жазықтығымен көрсетілген суретінде жасаған ыңғайлы. Осындай сызбада таугеологиялық және таутехникалық көрсеткіштер мен өлшемдердің нақтылы жағдайы дұрыс суреттеледі, ал тік немесе горизонтал проекцияларда олар өзгеріп кетуі мүмкін.


Шақты алабының пішіні (конфигурациясы) негізінде кенорындарының жатыс жағдайларымен тікелей байланысты. Жатыс элементтері мен таугеологиялық және таутехникалық жағдайлары тұрақты кенорындарында жобалаушылар мүмкіндігінше тіктөртбұрыш пішінді шақты алабтарын жасауға талпынады.
Бірақта, көпшілік жағдайда шақты алабтарының пішінін ыңғайлы түрге келтіру мүмкін емес. Бұған кенорнындағы жер қыртысының жағдайы, көмір тақталарының гипсометриясы, геологиялық бұзылыстардың бар болуы, кенорнының табиғи шебі, әртүрлі сілем құбылыстары және тағы басқа факторлардың әсері басым. Осыған байланысты, 3.2-суретте, тәжірибеде жиі кездесетін пішіндердің мысалды түрлері келтіріледі.


3.2-сурет. Шақты алабтарының пішіндері: а) жер қыртысы мен гипсометрия бойынша; б) геологиялық бұзылыстар сызығы бойынша; в) кенорны шебімен

Шақты алабының өлшемі пайдалы кен қоры, көмір тақталарының саны мен қалыңдықтары, құлама бұрыштары, қазу жұмыстарының тереңдігі және шақты өнімділігі мен қызмет мерзіміне байланысты екені мәлім. Ол өлшемдердің сандық шамалары: жазылым бағыты бойынша жазық көмір тақталарда 5 - 6 км дейін (кейде 8 - 10 км дейін), құлама тақталарда 3 - 4 км дейін (кейде 7 км дейін); құлама бағыты бойынша - жазық тақталарда 2 - 3 км (кейде 3 - 4 км дейін), құлама тақталарда - 1 - 1,5 километрге дейін өзгереді.


Бiр жыл не бiртәулiк ішінде жербетіне шығарылатын пайдалы кендерді - шақты өндірістік өнiмділігі дейді. Шақтының жылдық өнiмділігі (Аж) жоғары болған сайын шақты алабының мөлшерi де, пайдалы қазбаның өнеркәсіп қоры да мол болады. Шақтының қызмет мерзiмi мен жылдық өнімділігі арасындағы байланысы келесі формуламен анықталады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет