ПСИХОЛОГИЯ СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ 2022
1.Психология ғылымы нені зерттейді:
Психикалық құбылыстардың пайда болу, қалыптасу және даму заңдылықтары мен механизмдерін зерттейді.
2.Сана дегеніміз не: Сана - психика дамуының жоғарғы сатысы.
3.Шартты және шартсыз рефлекстер ұғымын ғылыми тұрғыда қарастырғандар:
И.М.Сеченев пен И.П.Павлов
4.Жоғары сезімдерді анықта: Ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік-моральдық сезімдер.
5.Ерік әрекетінің мазмұны: Адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті.
6.Мінез көріністерінің мазмұны:Әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы.
7.Психологияның ғылым ретінде пайда болып, дүниеге тұңғыш келген жері:
Ежелгі Грецияда
8.«Әлемнің екінші ұстазы» атанған данышпан ғұлама: Әбу-Насыр әл-Фараби /870-950/
9.Психика дегеніміз: Объективті дүниенің миымызда субъективті бейнеленуі
10.Психиканың ең жоғары сатысы - сананың дамуына әсер еткен негізгі факторлар: Қарым-қатынас, еңбек әрекеті
11.Төменде берілген тапсырмада эмоциялық жағдайдың қай түрін ажыратуға болады
«Бір бала асық ойнауға, екіншісі марка жинауға, үшіншісі аквариумда балық өсіруге, ал өзге біреулері тіпті жағымсыз істерге /темекі шегу т.б./ бейім тұрады».: құмарлық
12.Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан түсіндірген:Академик – И.П.Павлов
13.Темпераменттің физиологиялық негізі неге байланысты: Жүйке жүйесінің жұмысына
14.Темперамент типтерін анықта: Жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін, ұйытқымалы, қимыл-қозғалысы шапшаң, басынан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, іске шапшаң кіріседі, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары: Холерик
15.Эмоциялық қозуы шабан, күшті, тұрақты, сыртқы көрінісі әлсіз келеді, мінезі баяу өзгереді, қимыл-қозғалысы ақырын, мәнерсіз ақырын сөйлейді: Флегматик
16.Эмоциялық қозуы әлсіз, көңіл-күйлері әлсіз, байсалды, жігерсіз, бірсарынды сөйлейтін, кісімен араласып, жақындасуы аз, тез жараланғыш, сезімтал, жасқаншақ, іс-әрекетті тиянақты орындайды: Меланхолик
17.Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды, көңіл-күйі шапшаң өзгереді, өте әсершіл, мәнерлі сөйлейді, қимылы көп, ақжарқын ашық келеді. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады.: Сангвиник
Достарыңызбен бөлісу: |