2-ші дәріс Ежелгі Грекия мен Римдегі саяси ойшылдар


Аристотелъ (б. з. б. 384—322)



бет3/4
Дата08.11.2022
өлшемі19,88 Kb.
#48551
1   2   3   4
Байланысты:
2 лекция грекия және рим

Аристотелъ (б. з. б. 384—322) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б. з. б. 342—340 жылдары Македония патшасы II Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскийді) окытып, тәрбиеледі. Кейін Афинаға оралып, өз мектебін (лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Содан Аристотельді саясаттанудың әкесі депті. Саясаттануға қатысты "Саясат", "Афиналық полития", "Этика", "Риторика" деген еңбектері бар.
Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты - адамды, мемлекет жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.
Аристотельдің ойынша, мемлекет - қауымның дамыған түрі, ал қауым – отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді.
Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасат-тылығын жоймайды.
Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады. Сонымен катар, ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады. Себебі, мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді.
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда, әсіресе атақты шешен, мемлекет қайратқері және ойшыл Марк

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет