|
Талдағыштардың морфологиялық ерекшеліктері
|
бет | 2/11 | Дата | 15.11.2022 | өлшемі | 24,86 Mb. | | #50231 | түрі | Анализ |
| - Талдағыштардың морфологиялық ерекшеліктері:
- 1. Талдағыштар жүйесі көп қабатты жүйке клеткаларынан тұрады. Олардың алғашқы
- қабаты қабылдағыш элементтерден, ал соңғы-үлкен ми сыңары қыртысының
- нейрондары болып табылады.
- 2. Талдағыштар көп жолды болады.
- Олардың әрбір қабатындағы жүйке элементтері көптеген жолдары арқылы бір-
- бірімен байланысады. Талдағыштардың мұндай көп жолдары жасалған талдаудың
- сенімділігін және дәлдігін қамтамасыз етеді.
- 3. Талдағыштардың құрылымында сезіну “алқымы“- “воронка“ деген
- кездеседі. Олардың шектес қабаттардың элементтері санына байланысты.
- Кеңейетін және тарылатын “алқымдар“ түрі болады. Олардың
- физиологиялық маңызы: тарылатында – керек емес ақпаратттарды жеткізбеу,
- ал кеңейетін де - әртүрлі сигналдарды жете және өте терең талдауға мүмкіндік
- жасау.
- 4. Талдағыштардың тура (тік) және көлденең дифференциясы (ажыратылуы)
- болады. Тура да – әр қабатта жатқан нейрондардың жеке қызметтері болады.
- Көлденең де бір қабатта жатқан элементтердің қызметі әртүрлі болуы.
Физиологиялық ерекшеліктері: - Физиологиялық ерекшеліктері:
- 1. Талдағыштар адекватты (өзіне тән)
- тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады.
- 2. Адекватсыз тітіркендіргіштерге талдағыштардың
- сезімталдығы төмен болады
- 3. Адаптация - талдағыштардың ұзақ әсер ететін
- тітіркендіргіштер күшіне бейімделуі
- 4. Вебер-Фехнер заңдылығына бағыну. Тітіркенудің
- сезілетін күш өсімі алдыңғы әсер еткен күштің белгілі
- бір мөлшеріне жетсе, яғни сол күштің 1/30 бөлігі болса
- ғана ол түйсінілетін болады.
- Мынадай теңдеумен көрсетіледі:
- I/I = constanta; I – тітіркендіргіш күші, I – күш өсімі.
- 5. Ақпаратты тану, өңдеу және кодтау.
- Тітіркендіргіштер туралы ақпараттар топтасқан серпіністер
- арқылы миға жеткізіледі. Олардың стандартты өлшемдері болады
- (амплитудасы, ұзақтығы, формасы), топтар (пачка) ішіндегі
- серпіністердің саны, жиілігі, уақыты тітіркендіргіш түріне
- байланысты.
- Рецепторлар қозуының механизмі
- І. Біріншілік сезгіш. Тітіркендіргіш әсері мембрана рецепторларының белок молекуласымен әрекеттесуі (І нейрон) мембрананың иондарға өтімділігінің өзгеруі деполяризация ӘП.
- ІІ. Екіншілік сезгіш. Тітіркендіргіш әсері мембрана рецепторларымен әрекеттесуі рецепторлық потенциал медиаторлардың бөлінуі генераторлық потенциал ӘП.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|