Көру жүйкесі (n. opticus) мидың негізінде хиазма (көру жүйесінің қиылысқан жері) ортаңғы ми (алдыңғы жоғарғы төрт төмпешігі) аралық ми (латералды бүгелмелі денелер).
3. Орталық бөлімі:
Ми сыңарлары қыртысының шүйде бөлімінде, тепкі сайының (fissura calcarina) аймағы.
Көру пигменттері:
Көру пигменттері:
- Таяқшалар – родопсин;
- Сауытшалар:
- иодопсин, қызыл түсті спектрдің сәулелерін сіңіреді;
- хлоролаб - жасыл түске сәйкес;
- эритролаб - көк түске сәйкес.
Торлы қабықтағы рецепторларда өтетін фотохимиялық реакциялар
Родопсин -– ретиналь (А витаминінің альдегиді) және опсин (белок) кешенінен тұрады.
Жарық сәулесі родопсиннің ретинол мен опсинге ыдырау, цис-ретинольдың изомеризациясы транс-ретиналь Са2+ каналдарының активациясы, Na+ ионына өтімділігі өзгереді рецепторлық потенциал пайда болады медиатордың шығуы әрекет потенциалы.
Көру адаптациясы (бейімделу)
- Жарыққа бейімделуі - көздің жарыққа бірте-бірте сезімталдығының төмендеуі.
- Қараңғылыққа бейімделуі - көру жүйесінің жарық аз қараңғылыққа икемделуі, оның механизмі: көздің қараңғылыққа жарық сезімталдығының жоғарылуы (көру пигменттерінің құрылуына байланысты)
Түсті ажырату:
Түсті сезудің үш компонентті теориясы
(М.В. Ломоносов, Т. Юнг, Г. Гельмгольц).
Торлы қабығында негізгі түстерді қабылдайтын үш түрлі сауытшалар бар:
1) Қызыл түске сезімтал;
2) Жасыл түске сезімтал;
3) Көк түске сезімтал.
Әрбір түс осы түс сезгіш элементтердің үшеуімен де, бірақ әртүрлі дәрежеде әрекеттеседі. Бұл қозулар көру нейрондарына жинақталады және ми қыртысына жетіп алуан түсті түйсік туғызады.