Тері рецепторларымен проприрецепторларда пайда болған серпіністер жұлынның екі өткізгіш жолдарымен өтеді: лемниск және жұлын-таламустық сезгіш жолдарымен
- Лемниск жолы: терінің (жанасу және қысым сезімдерін) және ет рецепторларының серпіністерін жұлын түйінінен (1 нейрон) дорзалды - артқы бағандарынан сопақша миға (Голля және Бурдах ядроларына), екінші нейроны қиылыс таламустың вентральды ядроларында (үшінші нейрондары).
- Жұлын-таламустың жолы:
Ауырсыну,температуралық сезімдерінің серпіністері жұлын түйіннен (бірінші нейроны) жұлынның артқы мүйіздерінің сұр затында (екінші нейроны ) жұлын-таламустық жолмен таламустың вентральды ядроларына (үшінші нейроны)
Дәм рецепторлары - дәм сезу баданалары олардың әрбіреуі - 2-6 қабылдағыш және тірек жасушалардан құрылады.
Рецепторлық дәм клеткасының ұзындығы 10-20 мкм,
Көлденеңі - 3-4 мкм, жоғарғы саңылауға қараған ұшында өте жіңішке 0,1-
0,2 мкм-дей түктері болады.
Дәм баданалары орналасқан дәм емізікшелердің үш түрін ажыратады: саңырауқұлақ тәрізді, науа тәрізді және жапырақ тәрізді. Дәм рецепцияның зонасы: тілдің емізікшелерінде, жұмсақ таңдайда, тілше мен жұтқыншақтың артқы жағында, көмекейде (бадамшаларда).
Дәм рецепторларының ең көп орналасқан жерлері –тілдің ұшы,бүйірлері