Ортаңғы арнаның негізгі мембранасында Корти мүшесі орналасқан. Корти мүшесі ішкі және сыртқы түкті жасушалардан тұрады. Оның үстінде жабылмалы (текториалды) мембрана орналасқан.
Дыбыс толқындарының өтуі:
Дыбыс толқындарының өтуі:
Дыбыс - сыртқы дыбыс жолы - дабыл жарғағы - балғашық, төс, үзеңгі - сопақша терезенің тербелісі - жоғарғы және төменгі арналардың перилимфасының тербелісі - ортаңғы арнаның эндолимфасының тербелісі - негізгі мембрананың тербелісі - жабылмалы мембранаға жасушалар түктерінің жанасуы - рецепторлық потенциал пайда болды.
Пайда болған ӘП – есту жүйке талшықтары мен ОЖЖ-не барады.