Спенсер әлеуметтік заңдарды тұжырымдай отырып, әлеуметтік реформаларды белгілеуден бұрын қоғамның нақты әлеуметтік жағдайын жете, жан-жақты білу қажет екендігін атап керсеткен. Оның пікірінше, еркін және ішкісебептерден пайда болған әлеуметтік эволюцияның жетістікке жетуінің бірден-бір шарты — мемлекет қызметіне қатаң шек қою болып табылады. Спенсер «еркіндік тендігі» заңын тұжырымдай келе, онда барлық жеке адамдардың «еркіндік теңдігін» басқа адамдардың еркіндігі деңгейіне сәйкес пайдаланылуы тиіс дегенді айтады. Мемлекет те еркін, бірақ ол жеке адамдардың ерекше қорғайтын, соған кепілдік беретін ұйым. Мемлекет алыпсатарлықка қатысты заңдар шығарумен, діни мекемелерді және қайырымдылық қоғамдарын басқарумен айналыспауы керек. Мемлекеттің негізгі міндеті — қоғамда құқықтың жүзеге асырылуын және еркіндік теңдік заңының сақталуын қамтамсыз ету, сөйтіп, ол өз азаматтарын тонау мен зорлықтан және соғыстан қорғап отыруды іске асырады.
Қоғамды тірі организм іспетті қарауға болады, бірақ бұл жерде мына нәрсені есте ұстау керек, өзіндік өмір суру заңдарын сақтаған әлеуметтікті құрайтындардың (ұлттар, мемлекеттер, таптар, басқа да әлеуметтік топтар) организмдік мәні бар.
Конт сияқты, Спенсер әлеуметтік дамудың органикалық үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық аппараттың өсуіне әкеледі деп дәйектеді. Бір уақытта ол теңдік жақтасы болып, тұлғаның құқық еркіндігі мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді. Спенсердің әлеуметтік қағидасы функционализм және құрылымдық функционализм сияқты батыс мектептердің қалыптасуына елеулі әсерін тигізді.
Эмиль Дюркгейм ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың алдында басындағы ірі өкілдердің бірі француз ғалымы Эмиль Дюркгейм болды. Э. Дюркгеймнің еңбектерінде (“О разделении общественного труда”, “Правила социологического метода”, “Самоубийство”, т.б.) жаңа әлеуметтанулық қатынастар берілген. Оның маңызы - әлеуметтік факторлардың жиынтығынан тұратын қоғамды әлеуметтік шындық деп түсіну. Оларды зерттеу Әлеуметтанудың пәнін құрайды.
Э.Дюркгеймның “Социологизмі” оның теориясының негізі, ол әлеуметтік шындықтың ерекшелігін, біріншілігін, дербестігін мойындауға, ал жеке адамның оған бағыныштылығын, екіншілігін мойындауға негізделген. Э. Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты.
Ол өзінің, әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдап, индивидтердін, әлеуметтік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретінде қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады. Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл аткарады. Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар.
Дюркгеймнің басты ойларының бірі - «әлеуметтік тұрақтылық - әлеуметтік тәртіп пен еркіндіктің арасында лайықты теңгерім болуын қажет етеді» деді. «Суицид» деп аталатын зерттеуінде Дюркгейм қатаң тәртіп пен шексіз еркіндік адамдардың өзін-өзі өлгіруіне себепкер болатынын айтады. Жазмыштық (фаталдық) суицид қоғамда еркіндік аз және тәртіп қатал болған жағдайда орын алады: әлеуметтік институттар мінез-құлыққа шектеу қойған кезде адам өзін торга түскендей сезінеді. Ал аномиялық суицид еркіндік тым көп, тәртіп тым аз болғанда өршіп кетеді: қоғамның ықпалы жеке адамның ынталылығын ескермейді. Мысалы, қазіргі уақытта ата-анасынан, діннен, мектеп пен сыныптастарынан аулақтау жүретін жас америкалықтар арасында өз-өзіне қол жүмсау көрсеткіші жоғары, себебі олар аталмыш тараптардан қандай да бір бақылауды сезінбейді (Maimon & Kuhl, 2008).