Байланысты: 2. Та ырып Педагогика ылымында т тас педагогикалы деріс теор
ОСӨЖ тапсырмалары
2. Тақырып: Педагогика ғылымында тұтас педагогикалық үдеріс теориясының қалыптасуы.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясының қалыптасуы.
«Педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф. Каптерев ендірді.«Педагогикалық үдеріс – өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі». П.Ф. Каптерев педагогикалық үдерісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті.
«Педагогикалық үдеріс-ең бастысы, әр түрлі педагогикалық құбылыстарды зерттеу негәзәнде педагогика теориясының одан әрі жетілдіруінің айқындалуы» (М.А. Данилов «Педагогикалық үдеріс педагогикалық теорияның обьектісі » еңбегі) Педагогикалық үдерісті әлеуметтік-педагогикалық аспектіден зерттегендер: Э.И.Моносон, Г.Н.Филатов, С.Т.Шацкий, А.П. Пинкеевич.
Герман Демократиялық Республикасы мен Кеңестер одағының педагогика ғылымдары академияларының бірігіп шығарған еңбектерінде педагогикалық үрдісті ұғынудың жалпы ғылыми бағыты оқу мен тәрбиенің бірлігі ретінде қарастырылған. Бұндай көзқарас басқа да социалистік елдердің ғылыми әдебиеттерінде жарық көрген.
Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде (АҚШ,Англия, Австралия) «педагогикалық үрдіс» деген ұғым «оқыту » деген сөздің баламасы ретінде қолданылады. Б.Г. Лихачев үшін тәрбие үрдісі педагогикалық іс-әрекеттің арқасында ғана әрқашанда нәтижелі. Бірақ, тәрбиеленушілердің бағдарын анықтау барысында, айтып отырған авторымыз, көп жағдайда дәйекті емес екендігін көрсетті. Мысалы, педагогикалық үрдістің бағыттылығын айқындай отырып, ол педагогикалық іс- әрекетпен тұтас тәрбие процесінің объектісін, ең ақырында осы объект үшін жүзеге асатын процес сол, ол, балалрдың өздері болып есептеледі. Мұғалім үшін, бала ықпал ету объектісі ғана болып қоймайды, ол даму үстіндегі, белсенді әрекеттенуші, әрқилы әлеуметтік себепші іс-әрекеттердің нәтижесінде өзгеріп, дамып отыратын және осыған сай «өзін-өзі тәрбиелеудің субъектісі болатын» адам.
Лихачев педагогикалық үрдістің тағыда бір басқа ерекшелігін- оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің бірлігін көрсетеді.
Ю.П. Азаров біртұтас педагогикалық үрдісті рухани-жеке тұлғалық, әлеуметтік-психологиялық, тәрбие компоненттерінің технологияларының бірлігі ретінде қарастырады. Автор бұл бірлікті жүзеге асыру үшін оқыту — тәрбие үрдісінің дамыған технологиясын жасау керек деп есептейді.
2. Біртұтас педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде.
Ұстаз іс-әрекетінің обьектісі бала емес,педагогикалық үдеріс. Педагогикалық үдерістің тұтастығы - ”мұғалім-оқушы ” мақсатының бірлігінде.
Тұтас педагогикалық процесс компоненттерінің құрылымы :
Мақсаты
Мазмұны
Міндеттері
Оқыту мен тәрбие әдістері
Құралдары
Формалары
Іс-әрекеттері нәтижесін қортындылау
Педагогикалық процесс мұғалім іс- әрекетінің объектісі. Адамның қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық спатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Санның тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек, мұғалімнің іс-әрекеті, оның білім және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
Қажетті тәжірибені жинақтауға әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса, бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйәкес болмайды.
Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары-ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И.Непоминящая) Мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі мен тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
Қажетті тәжірибені қалыптастыруға әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-методикалық» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейінін теріс түсініп объектісі аударылса, бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.
Мұғалім даярлаудағы мұндай бағыттың қажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
біртұтас тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В.С.Ильин);
мұғалім іс-әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағыттаушылықпен жету мүмкін емес (Ю.К.Бабанский);
егер оқушының іс-әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П.Радченко);
мектеп әкімшілдігі іс-әрекеттің тиімділі тек қана біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.Кондаков);
біртұтас педагогикалық процестің теориясын жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру, одан әрі дамыту өте күрделі болады (Ю.А.Конаржевский);