2.4 Марксистік саяси идеялар
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс əдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі жəне оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.
Карл Маркс (1818-1883) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі – тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мəні мынада. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстың өндірісі əдісі қоғамдағы əлеуметтік, саяси жəне рухани процестерді туғызатындығын дəлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өндіріс құрал – жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өндірістік қатынастарымен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы тереңдеп келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді жəне қоғамдық социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді депті. Екінші жаңалығы – капиталистік қанаудың сырын əшкерелеген қосымша құн туралы.
Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш – жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат – буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы жəне интернационалдық табы.
Маркс пен Энгельстің ізбасары В.И. Ленин (1870-1924) болды. Ол капитализм дамуының империалистік сатысының заңдылықтарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады жəне осындай партияның ұйымдастырушысы болды. Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік
революция теориясын дамытты. Буржуазиялық – демократиялық революцияның социалистік революцияға ұсынылуы негізделеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады (бұған дейін марксистер социализмнің жеке бір
елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігінде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын).
Ленин əр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатындығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты.
Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустриаландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациалаумен жəне мəдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дəуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті.
Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп
ұқты.
Достарыңызбен бөлісу: |