2-Тақырып. Стандарттардың негізгі топтарының мазмұны, жіктелуі және сипаттамасы
2-Тақырып. Стандарттардың негізгі топтарының мазмұны, жіктелуі және сипаттамасы
Жоспар
Стандарттар тұжырымдамасы және жіктелуі
Аудиттің негізгі принциптері
Аудиторлардың кәсіби этика Кодексі
Аудит стандарттарының деңгейі. Ішкі аудиторлық стандарт .
1. Стандарттар тұжырымдамасы және жіктелуі
Аудиттің Халықаралық Стандарттары (АХС) - барлық аудиторлардың өздерінің кәсіби қызметінде қолданатын бірыңғай негізгі қағидалар.
Олар екі мақсатқа жетуге үлес қосады:
кəсіби деңгейі жаһандық деңгейден төмен елдерде аудитті дамытуға;
мүмкіндігінше, халықаралық деңгейде аудит жүргізу тәсілдерін біріктіруге.
Қазіргі уақытта Аудитттің Халықаралық стандарттары келесі топтарға бөлінеді:
«Кіріспе» деп аталатын бірінші топқа кіріспе, терминологиялық сөздік, сапа бақылауы Халықаралық стандарты кіреді.
1. Стандарттар тұжырымдамасы және жіктелуі
Алғы сөз халықаралық стандарттар бойынша Комитеттің тапсырмалары мен жұмыс әдістерін, сондай-ақ осы комитет құрған құжаттардың ауқымы мен мәртебесін түсінуге көмектеседі.
Глоссарий АХС-та қолданылатын бірыңғай терминдерді енгізуге арналған, олардың саны қазіргі уақытта 230.
Сапа бақылауы Халықаралық стандартында қаржылық есептілік және шолу аудитін жүргізетін, сонымен қатар ілеспе қызметті көрсету бойынша тапсырмалардың сенімділігін қамтамасыз ететін және басқада тапсырмалар орындайтын аудиторлық ұйымдардың сапасын бақылау қарастылады.
«Жалпы принциптер мен жауапкершілік» деп аталатын стандарттардың екiншi тобы аудиторға және аудиттелетiн субъектiнi басқару жөнiнде белгiлi бiр мiндеттерді қарастырады (200-299).
1. Стандарттар тұжырымдамасы және жіктелуі
«Тәуекелді бағалау және бағаланған тәуекелге жауап ретінде аудиторлық процедуралар» - стандарттардың үшінші және төртінші топтары. Бұл екі топ аудиторлық стратегияны таңдау, клиенттің қызметін зерттеу, маңыздылық деңгейін және аудиторлық тәуекелдерді анықтау тәртібіне арналған (300-499).
Бесінші “Аудиторлық дәлелдеулер” тобында аудит мәліметтерінің көздері мен табиғатын, сондай ақ мәліметтердің және және осы мәліметтерді алуға көмектесетін әдістердің жеткіліктілігі мен жарамдылығы туралы мәселелерді қарастырады(500-599)
Алтыншы “Басқалардың жұмысын пайдалану” тобында басқа аудитордың жұмысын пайдалану, ішкі аудиттің жұмысын қарастыру және сарапшы жұмысын пайдалану қарастырылған(600-699).