2-тарау. Зерттеулер материалдары мен әдістері



бет2/3
Дата31.12.2021
өлшемі30,34 Kb.
#23837
1   2   3
Зерттеу объектісі: Жаңақорған аудандық емханасына қарасты тұрғындар

Зерттеу құралы: Сауалнама Ахмед Әл-Жамридің «Бахрейндегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек кезінде анемиясы бар балалардың ата-аналарының білімі және темірмен емдеу практикасы» атты мақаласына сүйене отырып жасалынды.

«Бахрейндегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек кезінде анемиясы бар балалардың ата-аналарының білімі және темірмен емдеу практикасы» тақырыбында зерттеу Бахрейн Корольдігінде 2015 жылы наурыз айында жүргізіліп 100 респондент қатысқан. Бұл зерттеу Бахрейн Корольдігі тұрғындарын ата-аналардың анемия туралы білім деңгейін анықтауға бағытталған. Осы зерттеудегі сауалнама сұрақтарының үлгісі менің зерттеуімде қолданылды.

Сауалнама барысында ата-аналардың анемия туралы білімін анықтау арқылы аймақтық мейіргердің санитарлық ағарту жұмысы қандай екені анықталды.

Сауалнамада тұрғындарға арналған 21 сұрақтан тұрды. Сұрақтардың әрқайсысына бірнеше сәйкес жауаптар ұсынылды. Респонденттерге ыңғайлы болу және сауалнама нәтижелерін жақсарту үшін екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде сауалнама дайындалды. Сауалнама жасырын түрде жүргізілді, зерттеуге қатысушылар орталықта екі бөлім мейіргерлері таңдалды. Зерттеуге қатысушылардан зерттеуге рұқсат беруге жазбаша түрде келісім алынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет