Ақ жəне қақтауға төзімді шойындардың микроқұрылымы
Ақ шойындарТемір – цементит күйі диаграммасымен сəйкестікте кристалданатын
шойындар ақ шойындар деп аталады. Онда барлық дерлік көміртек цементит
күйінде байланысты күйде болады.Құрылымы бойынша ақ шойындар эвтектикаға дейнгі (2,14 – 4,3%С),
эвтектикалық (4,3%С) жəне эвтектикадан кейінгі (4,3 – 6,69%С) болады.Эвтектикаға дейінгі ақ шойын перлит, қайталама цементит жəне ледебурит құрылымына ие . Ал эвтектикалық – ледебурит ,
эвтектикадан кейінгі – бастапқы цементит жəне ледебурит .Қақтауға төзімді шойын келесі құрамдағы эвтектикаға дейінгі ақ шойынды босаңдату жолымен алынады: 2,4-2,9% С; 1,0-1,6% Si; 0.2-1.0%Mn;0,2%S жəне 0,18%P-ге дейін. Құйындыларды пеште 950-9700С температурада 15-20 сағат бойы ұстайды.Бұл ретте ледебуриттің құрамына кіретін цементиттің ыдырауы болады жəне ұсталғаннан кейінгі құрылым аустенит пен ұлпа тəрізді графиттен
тұрады. Одан кейін құйындыларды эвтектоидты айналу интервалына сəйкес келетін температурада салқындатады. Салқындату кезінде аустениттен қайталама цементиттің шығуы, оның ыдырауы жəне ақырында графиттік
қосылулардың өсуі орын алады. Температураның эвтектоидты интервалына(760 - 740 0С) жеткеннен кейін салқындатуды дереу баяулатады немесе бұлинтервалдан біршама төмен температурада (7200С) ұзақ ұсталым
береді.Бұл кезеңде ферритті – графитті құрылыммен аустениттің ыдырауы немесе феррит жəне ұлпа тəріздес графит құрылымымен перлиттің құрамына кіретін цементиттің ыдырауы өтеді . Түрлендірілген шойындар
Беріктікті арттыру үшін сұр шойындар құю алдында модификаторларды (ферросилиций, силикокальций жəне т.б.) шөмішке салу жолымен түрленеді. Түрлендірілген шойын құрылымы майда, металдық
(перлитті, ферритті) негізде біркелкі орналастырылған графит қосылуларынан тұрады . Ол шойынның беріктігінің артуына жəне сынғыштығының төмендеуіне əсер етеді.
Жоғары беріктіктегі шойындарМагний немесе цериймен түрленген шойындар дөңгелек пішіндегі
графитті қосылуларды иеленеді. Ондай шойынды жоғары беріктіктегі шйоындеп атайды. Көбіне шойындар магниймен 0,03-0,07% мөлшерінде түрленеді.Металдық негіздің құрылымы бойынша жоғары беріктіктегі шойын ферритті бола алады немесе перлитті бола алады.
Шар тəріздес графит қатпарлы графитке қарағанда кернеудің əлсіздеу шоғырлауышы. Сондықтан металдық негіздің механикалық қасиеттерін азырақ төмендетеді. Сол себепті жоғары беріктіктегі графитті қосылулардың шар тəріздес шойындары сұр шойындарға қарағанда жоғары беріктік пен біршама иілгіштікке ие жəне сол ретте жақсы құйма, тозуға төзімді, кесу өңделімділігі жəне т.б. сияқты қасиеттерді сақтайды. Жоғары беріктіктегі шойындарды ЖШ əріптерімен таңбалайды.Таңбаның бірінші сандары созылудағы беріктік шегінің ора мəнін көрсетеді, екіншісі – қатыстық ұзару. Мысалы, жоғары беріктіктегі ВЧ80-2 таңбалышойын В=80кгс/мм2 немесе 80*9,8=800МПа мəніне ие, ал мəні =2%.Жоғары беріктіктегі шойын иінді білікті, тегершікті жəне басқа да көптеген жоғары циклдық жүктемелерде жəне тозу жағдайындағы жауапты бөлшектерді құю үшін қолданылады.
Қақтауға төзімді шойындар
Қақтауға төзімді шойын келесі құрамдағы эвтектикаға дейінгі ақшойынды босаңдату жолымен алынады: 2,4-2,9% С; 1,0-1,6% Si; 0.2-1.0%Mn;0,2%S жəне 0,18%P-ге дейін. Құйындыларды пеште 950-9700С температурада
(сурет 2.2) 15-20 сағат бойы ұстайды.Бұл ретте ледебуриттің құрамына кіретін цементиттің ыдырауы болады
жəне ұсталғаннан кейінгі құрылым аустенит пен ұлпа тəрізді графиттен тұрады. Одан кейін құйындыларды эвтектоидты айналу интервалына сəйкес келетін температурада салқындатады. Салқындату кезінде аустениттен
қайталама цементиттің шығуы, оның ыдырауы жəне ақырында графиттік қосылулардың өсуі орын алады. Температураның эвтектоидты интервалына (760 - 740 0С) жеткеннен кейін салқындатуды дереу баяулатады немесе бұл интервалдан біршама төмен температурада (7200С) ұзақ ұсталым береді. Бұл кезеңде ферритті – графитті құрылыммен аустениттің ыдырауы немесе феррит жəне ұлпа тəріздес графит құрылымымен перлиттің құрамына
кіретін цементиттің ыдырауы өтеді
Достарыңызбен бөлісу: |