Сұр шойын келесі қағида бойынша таңбаланады: СШ 25-52. Екі əріп оның нақты сұр шойын екенін білдіреді. 25 саны – созылу кезіндегі беріктік шегінің көрсеткіші (МПа немесе кгс/мм2), 52 саны – иілім кезіндегі беріктік
шегі.Жоғары беріктілікті шойын. Шар тəрізді шойын басқа шойындардан құрамында шар пішініндегі графиттің болуымен ерекшеленеді. Лд сұйық қорытпаға арнайы модификаторларды (Mg, Се) енгізу арқылы алынады.
Графиттік қосылулар мен олардың сызықтық өлшемдері əртүрлі болады.Шар тəрізді графиттің артықшылығы ондай пішін металдық негізді минималды түрде əлсіретеді. Ол өз кезегінде перлитті, ферритті немесе
перлитті-ферритті болуы мүмкін. Термиялық өңдеуді немесе қоспалауды қолданудың арқасында шойын негізі шанышпалы-троститті, мартенситті, аустенитті болуы мүмкін.Жоғары беріктілікті шойынның таңалары əртүрлі болады. Бірақ жалпы түрде оның белгіленуі мынадай: ЖШ 40-5. ЖШ – жоғары беріктілікті шойын
екенін табу оңай, 40 саны – созылу кезіндегі беріктік шегінің көрсеткіші (кгс/мм2), 5 – пайызбен көрсетілетін қатыстық ұзару. Қақтауға төзімді шойынның құрылысы ондағы графиттің ұлпа немесе шар тəрізді күйде
болуында. Бұл ретте ұлпа тəрізді графит əртүрлі дисперстілік жəне тұтастыққа ие бола алады. Ол өз кезегінде шойынның механикалық қасиеттеріне тікелей əсер етеді.Өнеркəсіпте қақтауға төзімді шойын көбіне ферритті негізбен жасалады. Ол үлкен иілгіштікті қамтамасыз етеді. Ферритті қақтауға төзімді шойынның сынығының сырт келбеті қара-барқыт тəрізді. Құрылымда перлиттің мөлшері қаншалық көп болса, сынық орны соншалық ағара түседі.
Жалпы алғанда қақтауға төзімді шойын ақ шойынның құйындысынан 800- 950°С температураға дейін қыздырылған пеште ұзақ болуының арқасында алынады. Қақтауға төзімді шойынды жасаудың екі əдісі бар: еуропалық жəне
американдық.
Достарыңызбен бөлісу: |