8-сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәнінен 2- тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ 1. М. Мөңкеұлының отарлаушыларды батыл әшкерлеген өлеңдері. [1] А) «Бір досқа»
В) «Мұраттың жалпыға айтқаны»
С) «Қазтуған»
Д) «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең, бір қапы дүние-ай»
2. Мұрат Мөңкеұлының шоқтығы биік толғауы. [1] А) «Үш қиян»
В) «Сарыарқа»
С) «Қарасай-Қази»
D) «Шәлгез»
3. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанында оқиға неден басталды? [1] А) Кебектің аңда жүріп Еңлікпен кездесуі
В) Кебектің Нысан абызға бал аштыруы
С) Еңліктің Кебекке бар сырын ақтаруы
D) Матай аулында Кебектің өзін таныстыруы
4. Берілген өлең жолдары Шәкәрім ақынның қай поэмасынан алынған? [1] Әдейі іздеп бармассың, кез боларсың,
Кез болсаң, алыс емес, тез боларсың.
«Сақтыққа қорлық жүрмес» деген бар ғой,
Сақтанбасаң, артқыға сөз боларсың»
А) «Қалқаман-Мамыр»
В) «Еңлік- Кебек»
С) «Ләйлі- Мәжнүн»
Д) «Нартайлақ-Айсұлу»
5. Шәкәрімнің Абайды үлгі алуға шақыратын өлеңі. [1] А) «Насихат»
В) «Жастарға»
С) «Дүние мен өмір»
Д)«Сен ғылымға»
2-БӨЛІМ 6. М.Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауында «Ай орнынан туады, Күн орнынан туады, Бұның бәрі aдамнан» деген жырау сөзінен не аңғардың? Өзгеретін адам ба, заман ба? Пікіріңді 3-4 сөйлеммен білдір.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [5]
7. «Сарыарқа» толғауынан алынған мына үзінді идеясын қолдана отырып, қайта өңдеп жаз. Креативті жұмыс ұсын.
Біз көштік Сарыарқадан бермен асып,
Көлденең Сағыз бенен Жемді басып,
Ат мініп, киім киіп, тұқым алдық,
Сүйектес жақын жұртқа араласып
Сыртымнан бір қыстамай сын тағыпсыз,
Қонаққа сүйте ме екен келген сасып.
Ел едік- беріш, адай бірге жүрген
Алыстан жақын жұрт деп асып келген.
Тәңір айдап Маңғыстауға еріксіз қуды
Ісім жоқ кісі өлтіріп қашып келген.
Жиеді-нағашылы сүйектес жұрт,
Күн көрдік көшіп-қонып кәсіппен.
Сөз айтқан өздеріңе сын емес пе,
Ел едік- беріш, адай бірге жүрген
3-БӨЛІМ 9. Берілген әдеби сыни пікірге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазыңыз. «Бұл жыр бізден кейін де жырлана береді. Әр кездің жаңа ақыны өзінше өрнектейді, Кебек махаббатының алғашқы жыршысы боп Шәкәрім тұрады, келер ұрпақ жадында...»Т. Молдағалиев
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [10]