2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы – 40 минут



бет2/3
Дата20.12.2023
өлшемі23,55 Kb.
#141641
түріАнализ
1   2   3
Байланысты:
10-ҚӘ 20.12.23ТЖБ-2

Барлығы

40 минут

30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1) М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің негізгі идеялық мақсаты қандай?
А) Ұмытылып қалған тұлғаның бейнесін ашу, тарихи оқиғаларды зерттеу, қазақтың кен
орындарының ашылу тарихын баяндау
Ә) Ғалымның құпияда келген өмірін сипаттау, ақтап алу
В) Қаныш Сәтбаевтің өмір жолын зерттей отырып, шетелдіктерге таныстыру
D) Хаттар мен естеліктер, ұлы ғалымның өмірінің бел-белестерін бүкпесіз ашып,
ұлағатты ғұмыр жолын ұлықтау
[1]
2. ...Өлкелік комитеттің басшылары жас маманның тілегін ескеріп, Атбасар түсті металдар тресінде жұмыс істеуге рұқсат етті... Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ... бір-ақ күнде бас маманға айналады.Құрметті де қиын міндет! Соған небәрі жиырма жеті жасында жетіп отыр... Үзінді қай бөлімнен алынған?
А) «Алғашқы сапарда»
В) «Биге шықты дөңгелеп»
С) «Қанат ұшқанда қатаяды»
D) «Судья және профессор»
[1]
3. Үзіндіде диалог жасаушы кейіпкерлерді анықтаңыз.
...- Ал, онда, достым, мен енді жүремін. Ұлытау, Жезқазған қырытысы қалай шұқыласаңыз да, сіздің қолыңызда. Бұл жаққа мен енді қайтып оралмаспын, сізге сол үшін де рақмет – мехнаты көп, ауыр міндетті мойнымнан алғаныңызға! Менің ендігі парызым – мұндағы барлауға ғылыми кеңесші болу...
А) Қаныш Имантайұлы мен Уинстон Черчилл
В) Габрилл Адрианович пен Қаныш Имантайұлы
С) Қаныш Имантайұлы мен Иван Степанович
Д) Имантай Сәтбайұлы мен Нұрғали Құлжанов
Е) Николай Белосюдов пен Богданчиков
[1]
4. Қаныш Сәтбаев кездескен Уинстон Черчилл кім?
А) ағылшын үкіметінің Президенті
В) АҚШ үкіметінің хатшысы
С) француз үкіметінің Премер-министрі
Д) ағылшын үкіметінің Премер-министрі
Е) Ұлыбритания үкіметінің Президенті
[1]
5. Қаныштың 2-класты орыс-киргиз училищесінде оқуына себепкер болған кейіпкер
А) Әкесі Имантай
В) Әбікей Зейінұлы
С) Анасы Сәлима
Д) Нұрлан Қасенов
Е) Нұрым бәйбіше
[1]
2-БӨЛІМ
6. Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің бөлімдерін жазып шығып, ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Роман бөлімдері

Ерекшеліктері

1




2




3




[5]
7. «Тұманды Альбион елінде» берілген Уинстон Черчилл мен Қаныш Сәтбаевтың арасындағы әңгімеден автор идеясын түсіндіріңіз. Пікіріңізді мысалдармен дәлелдеңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]

8. Қаныш Сәтбаев: «Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады».


Ұлы тұлғаның бұл пікіріне қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]
3-БӨЛІМ
Ғұлама ғалымның шын есімі – Ғабдулғани. Арабшадан аударғанда «шексіз байлық иесі, ешкімге мұқтажсыз Алланың құлы» деген мағынаны береді. «Ғани», «Ғаныш» еркелете келе «Қанышқа» айналған. «Аты мен заты үйлесім тапқан жан» атты тақырыпта ғұлама ғалым туралы әдеби сын жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[10]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет