Біздің заманымызға дейінгі бесінші ғасырда Афинада сахналық қойылымдарға арналған алаңдар пайда бола бастады. Дөңгелек пішінде салынған театрдың жартысы – көрермендерге тиесілі. Олар сахнаны айнала төменнен жоғарыға дейін жайғасып отырады. Театр пайда болысымен, грек пьесасының екі түрі пайда болды: трагедия және комедия. Трагедияда грек аңыздары мен мифтерінің қаһармандарының жауларымен айқасуы баяндалды. Трагедия көбіне бақытсыздықпен аяқталды. Ал комедияда қарапайым адамдар туралы айтылды. Ондағы кейіпкерлер – қаһармандық деңгейге көтерілмеген, ешкімге белгісіз адамдар.
Театр костюмдері Ежелгі Грекиядағы дала театрының актерлері сахнаға шыққанда үнемі жасанды шаштармен, қалың туникаларымен және үлкен кебістермен ойнаған. Осы киім үлгілері арқылы олар сымбатты, әрі өзгелерден ерекше көрінген. Жарқын түсті киімдер актердің жағымды қаһармандарды сомдайтындығын білдірсе, сұр және көк түсті киінгендер бақытсыз кейіпкердің образын білдірген. Ал қара түс қазаның белгісі болып табылатын. Комедияларда актерлердің кеуде тұсы мен ішіне жастық тығып қоятын болған. Ал хористердің бетінде бетперде де, аяқ киім де болмаған. Олар тек үстеріне қарапайым туника мен гиматий киген.
Дала театрының залы өте үлкен болған. Оның үлкендігі сонша, артта отырған адамдар сахнадан өте алыста орналасады. Сондықтан олар сахнада болып жатқан көріністі ойдағыдай көре алмаған. Бүкіл рөлді ерлер ойнайтын болғандықтан, өздерінің қандай образда (ер адам немесе әйел адам) жүргендігін көрсету үшін бастарына үлкен бетперделер киіп жүрген. Бетпердеде кейіпкердің жан күйзелісі мен қуаныш-қайғысы да көрініп тұратын болған. Ол заманда актерлерге арналған сахнаның бетперделері ағаштың қабықтарынан және сурет салынған қалың маталардан жасалды. Актердің даусы еркін шықсын деген оймен бетперденің аузын үлкен тесік еткен. (227 сөз)
Мәтін мазмұны бойынша ақпараттардың ретін көрсетіңіз. [3]
Ақпараттар
Реті
Рөлдерді ер адамдар ойнайды.
Кейіпкердердің образы киімдердің түстеріне байланысты болған.