2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Тәрбиенің қайнар бұлағы»



Дата18.10.2022
өлшемі20,73 Kb.
#43900

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім «Тәрбиенің қайнар бұлағы»



Тақырып

Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады», «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт»



Оқу мақсаты

5.1.1.1- әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;
5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды;

  • Салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады

Жоғары деңгей дағдылары









Орындау уақыты

15-20 минут



1-нұсқа
1-тапсырма
Ыбырай Алтынсарин әңгімесінен дәлел келтіре отырып, образдарды салыстырыңыз.


Антон

Ұқсастықтары

Атымтай жомарт





















2-тапсырма «Дүние қалай етсең табылады» шығармасы бойынша сюжеттің дамуын дұрыс орналастыр.



1.Сюжеттің басталуы

А)Антонның қайыр сұрап отыруы

2.Сюжеттің дамуы

Ә)Жас жігіттің кеңесі

3.Сюжеттің шиеленісуі

Б)Антонның терең ойға батуы

4.Сюжеттің шарықтау шегі

В)Кітап дүкеніндегі кездесу

5. Сюжеттің шешімі

Г)Кездейсоқ адамның әңгімесінен кейінгі нәтиже

2-нұсқа
1-тапсырма
Ыбырай Алтынсарин әңгімесінен дәлел келтіре отырып, образдарды салыстырыңыз.


Атымтай жомарт

Ұқсастықтары

Қыпшақ Сейітқұл





















2-тапсырма «Қыпшақ Сейітқұл» шығармасы бойынша сюжеттің дамуын дұрыс орналастыр.



1.Сюжеттің басталуы

А)Қыпшақ Сейітқұлдың ойы

2.Сюжеттің дамуы

Ә)Ағасының барымтаны әдет етуі

3.Сюжеттің шиеленісуі

Б)Қабырға деген өзен-судың бойындағы әрекеті

4.Сюжеттің шарықтау шегі

В)Сейітқұлдың жұрты жұрттан асқан бай болыпты

5.Сюжеттің шешімі

Г)Сейітқұл ағасының тағдыры




Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады.

1

Екі кейіпкердің іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді табады;

3








Кейіпкердің жеке құндылығына талдау жасай отырып, әдеби эссе жазады.

2

Шығарманың сюжеті бойынша дұрыс сәйкестендіре алады

5













Барлығы

8


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет