2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Экология: Ядролық және мұнай өндірістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/2
Дата23.12.2022
өлшемі17,32 Kb.
#59185
  1   2
Байланысты:
2-то сан бойынша жиынты ба алау а арнал ан тапсырмалар «Экологи


2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Экология: Ядролық және мұнай өндірістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

11.1.3.1 - мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық –саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру
11.3.1.1 - таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу;
11.4.1.1 - мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық –саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтайды;

  • Негізгі ойды ғаламдық мәселелермен салыстырады;

  • Таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация жазады;

  • Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады;




Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

1-тапсырма.Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру.

Арал теңізі - Қазакстанның оңтүстігіндегі үлкен теңіздердің бірі.Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы –10-12 % болған. Арал теңізі бағалы балықтарға бай, жағасы қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланатын. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.


1980 жылдар Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері -антропогендік факторлар еді.
Бүгінде Арал теңізі әлемдегі үлкен экологиялық проблемаға айналып отыр. 1987 жылы зерттеуші-ғалымдар Арал теңізі екіге бөлінді деген мәліметтер жариялады. Қазіргі кезде Солтүстік Арал теңізі Қазақстанға жатады, ал үлкен Арал немесе Оңтүстік Арал теңізі Өзбекстанға жатады.
2003 жылы Қазақстан үкіметі теңізде Көкарал бөгетін құруға жұмыстарын бастады. Бұл бөгет Солтүстік Арал теңізінің суының деңгейін біршама көтерді. Теңіздің тұздылығы азайды.
Кейбір зерттеушілер сөзіне қарағанда, 2015 жылға Арал теңізінің аймағының көбі жер жүзінде қалмайды. Сондықтан сол жердегі ауа райы өте өзгереді. Жаз қысқарады, қыста қатты аяздар тұрады. Әр түрлі аурулар, аштық, кедейшілік пайда болуы мүмкін.
1. Мәтінде қандай мәселе көтерілген?
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Көтерілген мәселе қаншалықты маңызды? Дәлелдер келтіріңіз.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Негізгі ойды ғаламдық мәселелермен салыстырыңыз. Ойыңызды 4-5 сөйлеммен жеткізіңіз.
2,3-тапсырма.Мәтіндегі көтерілген негізгі ақпараттарды іріктеп, аннотация жазыңыз. Орфографиялық нормаларды сақтаңыз. Сөз көлемі – 100-130.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет