2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Дата02.03.2023
өлшемі18,93 Kb.
#71082
Байланысты:
қт9с2тБЖБ1

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


Білім алушы _____________________________ 9 «Б» сыныбы
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан.
ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 9.1.3.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыс-тыра білу
Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Мәтін ақпаратын өмірлік мәселелермен байланыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз.
Тәуелсіз Қазақстанның жеті жетістігі
Ширек ғасырдан астам уақыт әлемдік тарих үшін қас-қағым сәт! Биыл бір ғана «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу арқылы егемен Қазақстан өзінің есімін жаһандық жылнамаға жазды. Осының бәрі Қазақстанның мемлекеттілігінің негізін қалап, туған халқын баянды тәуелсіздікке жетелеген Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өміршең идеялары мен баянды бастамаларының жемісі.
Елімізді әлем таныған шақта сан түрлі жетістіктеріміз де жетерлік. Солардың бірегейі – «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі.
10 маусым – 10 қыркүйек аралығында жаһан жұрты Еуразияның кіндігіндегі Қазақ Елінің бас қаласына көз тікті. Тәуелсіздігінің 27 жылдығына аяқ басқанда еліміз халықаралық деңгейдегі аса ауқымды, жауапты шараны зор абыроймен өткізді. Қуанарлығы сол, 155 мемлекет, 22 халықаралық ұйымның қатысуымен өткен көрмеден 4 миллионға жуық адам ұмытылмас әсер алып қайтты.
Орнықты дамудың даңғылына түскен Қазақстан өз жолынан жаңылмайтынын дәлелдеді. Тәуелсіз Қазақ Елінің бүгінгі табысының екі алтын тұғыры бар. Бірі – Ұлы Далада жаңа мемлекет құрған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясаты, екіншісі – өз көшбасшысының айналасына топтаса білген Қазақстан халқы. Бүгінгі ұрпақтың пешенесіне жазылған ең үлкен бақыт – тәуелсіздігіміз баянды болсын!

  1. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне саяхат» тақырыбында естеліктеріңізбен бөлісіңіз. Қандай сәттер есте

ерекше қалды?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі – тәуелсіз Қазақстанның мақтанарлық жетістіктерінің бірі. Өз тарапыңыздан мәтін тақырбына орай Тәуелсіз Қазақстанның жеті жетістігін ойластырыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Бағалау критерийі


тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін ақпаратын өмірлік мәселелер-мен байланыс-тырады
.

1

Көрмеге саяхаттан естеліктерін
жазады;

1

әсерімен бөліседі;

1

2

Жеті жетістікті көрсетеді:
1-жетістік
2-жетістік
3-жетістік
4-жетістік
5-жетістік
6-жетістік
7-жетістік

1
1
1


1
1
1
1

Барлығы

9






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет