№20 (9093) 7 наурыз, сенбі



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата09.01.2017
өлшемі47,66 Mb.
#1510
1   2   3   4   5

Серік БЕРТАЕВ

ТАҒЗЫМ

ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЛҒА ЕДІ

ҮЙ 

САТЫЛАДЫ

Жалағаш  кенті,  Абай 

көшесі  6/25,  3  бөлмелі  үй 

сатылады.  Бағасы  600  мың 

теңге. Тел: 8-777-457-72-79.

**

Аққұм ауылындағы Аққұм 

көшесі  №11,  5  бөлмелі  үй 

сатылады. 10 сотық жері, мал 

қорасы бар. Бағасы  150  мың 

теңге немесе келісім бойынша. 



Тел: 8-705-767-51-23.

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды  реттеу 

агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаменті» 2015 

жылдың  15  сәуір  күні  сағат  11.00-де,    «Жалағаш  ауыз  су» 

шаруашылық  жүргізу құқығындағы коммуналдық  мемлекеттік  

кәсіпорынның суды таратушы  желілер арқылы  беру  қызметіне  

тарифті  бекітуге берілген өтінімін қарау  бойынша төмендегі 

мекен-жайда жария тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.

Жалағаш  кенті,  Мырзалиев  көшесі  №20  үйде  орналасқан 

Жалағаш электр тарату торабы ғимаратының мәжіліс залы.



«Жалағаш ауыз су»

ҮЙ САТЫЛАДЫ

Жалағаш кенті, Үркімбаев көшесі №38/8 үй жедел түрде сатылады. Бағасы 



келісім бойынша. Тел: 8-775-967-59-76.

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

2015 жылдың 17 сәуірінде  Қорқыт ата атындағы  ҚМУ-дың Студенттер 

сарайында,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының    құрылғанына  -20  жыл 

толуына орай, соттың  ұйымдастыруымен «Қасқа жолды Қасым хан» атты 

республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетінін хабарлаймыз.



Жалағаш аудандық соты

№20   (9093)   07.03.2015

3000

304

Газет  Қазақстан  Республикасы  Байланыс  және  ақпарат 

агенттігінде  19.06.2014  ж.  қайта  тіркеліп,  №14408-Г  куәлігі 

берілген.

Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.

Оқыса басқа елдердей қатарға енбек,

Бар қиынды тек қана білім жеңбек....

С.ТОРАЙҒЫРОВ

Өркениет  көлемінде  өрге  қадам  басқан 

тәуелсіз  мемлекетіміздің  тыныштығы  мен  тұ-

рақ тылығы  бірлікті  ту  еткен  халқымыздың 

ынтымағы мен татулығының  жемісі екені бел-

гілі. Ал осынау бейбіт  өмірдің  берекесін  сақтап, 

баянды тірлікті  байыппен  жалғастыратын  жас 

ұрпақ.  Сондықтан  олардың  ой  талғамы  терең, 

қарым-қабілеті  мықты,  мәдениеті  жоғары  тал-

ғамы  биік болуы тиіс. 

Тәрбие – тал бесіктен деп  ұлт даналығында 

атап  көрсетілгендей,  адам  баласының  жеке 

басының  мәдениеті  отбасынан  орнығатын  

бол са,  қоғамдық  өмірге  қалыптасуы  мектеп 

табалдырығынан басталады. Бүгінгі таңда мем-

лекет  тарапынан  айрықша  қолдау  көрсетіліп  

келеді. 

Осы  орайда  Елбасының  «100  мектеп,  100 

аурухана» бағдарламасының  аясында салынған 

сырт  келбеті  сәулетті  білім  ошағының  ішкі 

білім беру  және тәрбиелік  жұмыстары жөнінде  

тереңірек  білу  мақсатында  мектеп  директоры, 

аудандық  мәслихат  депутаты  Р.Әлиевамен 

сұхбаттасқан едік. 



-Рауаш Әлиқызы, Сіздің ойыңызша, бүгінгі  

қоғамның  білім  беру  жүйесіндегі    басты 

талабы қандай?

-Жас  ұрпаққа  білім  берудің  қазіргі  та-

лаптары  өте  жоғары.  Атап  айтар  болсақ, 

жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту:  сапалы 

білім  беру,  денсаулығын  нығайту,  салауатты 

өмір  салтын  қалыптастыру,  кәсіптік  бағыт-

бағдарын  айқындау,  жеке  қабілетін  ашып, 

оны  іске  асыра  білу,  бос  уақыттарын  тиімді 

ұйымдастыру, әлеуметтік бейімделу және көш-

басшылық  қасиеттерін  дамыту  бүгінгі  білім 

беру  жүйесінің  басты  талабы.  Бұл  талаптар 

білім  беру  ошақтарына  үздіксіз  еңбек  етуді, 

үнемі  ізденісте,  шығармашылықта  болуды,  

жаңалықтарды қабылдап қана қоймай, қолдана 

білуді міндеттейді. «Жұмыла көтерген жүк же-

ңіл»  дегендей,  келешектің  іргесін  қалайтын 

жастарды  білім  мен  тәрбиеге  баулып  келе  

жатқан  №202  мектеп  ұжымы  осы  заманның 

талап-тілегін  түсініп,  нәтижеге  бағытталған 

жұмыстар жүргізіп келеді. 

Мектепте  әрбір  оқушының  сапалы  бі-

лім  алуына  жүйелі  жоспарлар  құрылып, 

жан- жақты  дамуына  мейлінше  жағдайлар  жа-

салған.  Білім  беру  бағытында  білікті,  білімді, 

шығармашыл  ұстаздардың  еңбегі  зор.  Бұл 

орайда  оқушылардың  ыстық  ықыласына  бө-

ленген,  өз  істерінің  шебері  болған,  ұлағатты 

ұстаздарымыз 

Н.Есеналиева, 

С.Уызбаева, 

А.Жапбасбаева,  Л.Қарақұлова,  М.Елеусінова, 

Б.Нұрымбетовалардың есімдерін мақтанышпен 

айта аламыз. 

-ХХІ ғасырдың шәкірттері  қай деңгейде  

білім  алуда.  Айтайын  дегеніміз,  заманауи 

технология  қарыштап  дамыған,  ақпарат 

алмасу жетілген кезеңде білім берудің сипаты 

өзгерді ме?

-Білім  меңгеру  диапазонының  кеңеюіне 

қарай,  білім  беру  жүйесі  құрылымының 

жаңаша  сатыларға  көтерілуіне  байланысты 

ұстаздарымыз  оқытудың  түрлі  жаңа  тәсілдерін 

игерген.  Атап  айтқанда  «Үш  өлшемді  оқыту», 

«Модульдік  оқыту»,  «Сындарлы  оқыту» 

технологияларымен  жүргізілген  сабақтардың 

нәтижесі көзге көрінерлік. 

Оқыту  үдерісі  «Балдәурен»  шағын  орта-

лығының  тынымсыз  еңбегінен  басталып,  бас-

тауыш  және  жоғары  сынып,  сондай-ақ  мектеп 

жанынан  құрылған  түрлі  бағыттағы  қосымша 

білім  беру  орталықтарының  жұмысымен 

жалғасады.  1-11  сыныптарда  бейімделген 

мате матика,  ағылшын,  физика,  биология 

пәндері  бойынша  тереңдетілген  сабақтар 

жүргізіледі. Соңғы үш жылдың ішіндегі мектеп 

оқушыларының жаратылыстану-математикалық 

бағытындағы  пәндік  олимпиада,  ғылыми 

жоба,  ҰБТ  көрсеткіштері  –  осы  жұмыстардың 

нәтижесі  деп  айтатуға  болады.  Мектепте  апта 

сайын  өткізіліп  жатқан  пәндік  интелектуалды 

сайыстар,  білім  додалары,  сыныптан  тыс  жұ-

мыстар  оқушылардың  қызығушылығын  арт ты-

рып,  шығармашылықтарын  шыңдауға  септігін 

тигізуде. Мектеп мақтанышына айналған  Ідіріс 

Мөлдір, Шайхиева Мархабат, Әбілхайр Данияр, 

Болат Нұрсұлтан, Ұлғасбай Шарафадин, Нұрлан 

Назерке,  Жақсылық  Жұлдыз,  Нұрлан  Нұржігіт 

сынды  оқушыларымыз  облыс,  республика  кө-

ле мінде  өткізілген  сайыстарда  өздерін  жан-

жақтылықтарымен көрсете білді. 

-Дарынды  шәкірттер  тәрбиелеу  үшін 

қосымша білім берудің маңызы ерекше екенін 

өмірдің  өзі  дәлелдеп  отыр.  Бұл  жұмыстар 

қалай жолға қойылған?

Өскелең ұрпақтың түрлі қабілеттерін ашып, 

таланттарын  шыңдап,    мәдениетті,  рухани  бай 

етіп тәрбиелеуде сан түрлі өнерді ұштастырған 

қосымша  білім  беру  орталықтарының  маңызы 

зор  болып  отыр.  Осы  орайда  «Қылқалам»  су-

рет  үйірмесі,  «Мереке»  домбыра  үйірмесі, 

«Ақ моншақ»  би  үйірмесі,  «Ағаш  және  металл 

өңдеу»  үйірмесі,  «Шебер  қолдар»  үйірмесі, 

«Волейбол»  үйірмелері  жас  жеткіншектерді 

өмірге  бейімдеуде  жемісті,  жеңісті  жұмыстар 

жүргізіп келеді. 

Атақты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Ғылым-

білімнің  бірінші  пайдасы  –  мінез  түзету» 

демекші,  үздіксіз  беріліп  жатқан  білімнің  бір 

ұшы  тәрбиені  түзетуге  бағытталған.  Сондай-

ақ,  оқушыларымыздың өз қалауымен құрылған 

«Тура  би»,  «Татулық  тірегі»,  «Елім  менің» 

патриоттық  клубтары  апта  сайын  мектепте 

тәрбиелік  шаралар  ұйымдастырып  тұрады. 

Ба лалардың  спортқа,  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастыруға  ынталары  ерекше  және  бұл 

тұрғыда  олардың  талап-тілектері  ескерілген. 

Мектептегі  үлкен,  кіші  спорт  залдары,  гим-

настика  залы  заман  талабына  сай  спорттық 

жабдықтармен жасақталған. 

Жоғары  талап  пен  жүйелі  жұмыстар 

түбінде  жетістікке  жетелейді.  Ол  жетістіктер 

оқушыларымыздың  жоғары  оқу  орындарына 

түсіп,  белгілі  мамандық  алып,  елге  адал  қыз-

мет 

жасайтындықтарымен 



айқындалады. 

Біз   дің  мектептен  түлеп  ұшқан  түлектер  рес-

публиканың  түрлі  аймақтарында  білім  ал-

ып,  өз  орталарында  да  мектеп  абыройын 

асқақтатып  жүр.  Мәселен:  жас  түлектеріміз 

Майра  Табынбаева,  Мәди  Серікұлы,  Жандос  

Тұржан секілді оқушыларымыздың бойындағы 

білімділікке,  тәрбиелікке  өз  ризашылықтарын 

білдірген  Қазақ  ұлттық  аграрлық  университеті 

ректоры  Ж.Есболов,  Л.Н.Гумилев  атындағы 

Еуразия  ұлттық  университетінің  «Ақпараттық-

технологиялар» 

факультеті 

деканы 


Ж.К.Нұрбенова  және  Агро-бизнес  колледжі 

мектеп ұжымына «Алғыс хатпен» жеткізді.



-Өмірлік  тәжірибесі  мол,  білікті  педагог 

ретінде  жас  ұстаздардың  ыстық  ықыласын 

ең бегін қалай  бағалайсыз?  

-Ағаштың  бір  жерден  көктейтіні  секілді, 

мектептің  бірқатар  түлектері  өз  білім  орда-

ларында  еңбек  жолдарын  бастауда.  Бұл  тұста 

«Ұшқын»  жас  мамандар  мектебі  құрылып, 

жас тардың  шығармашылығын  шыңдау,  пе да-

го гикалық  әдіс-тәсілдерін  жетілдіруге  бағыт-

талған  жоспарлы  жұмыстар  жүргізуде.  Үлкен 

буын  ұстаздардан  тәлім-тәжірибе  алып, 

жас  мамандар  білім  беру  үдерісінде  өздерін 

жоғары  деңгейде  көрсетіп  келеді.  Жалындаған 

жас  ұстаздарымыз  Э.Кенебаева,  Б.Есенова, 

А.Нұрланқызы,  Г.Кеңесбаева,  Ж.Сыздықова, 

А.Айнабаева,  Г.Темірбайқызы,  А.Жаңаберген, 

Ж.Өксікбаевалар  аудандық,  облыстық,  респу-

бликалық  байқауларда  мектеп  абыройын  ас-

қақтатып жүр. 

Атқарылып  жатқан  істер  аз  емес,  жеткен 

жетістігіміз  де  баршылық,  алар  асуларымыз 

алда.  Осындай  игі  істердің  басын  біріктіріп, 

әрбір  істің  тыңғылықты  атқарылуына  үлкен 

жауапкершілікпен шеберліктерін аямай жүрген 

дирекция мүшелері А.Айбосынова, Б.Азаматова, 

Л.Алтынбаева,  З.Ұзақбаева,  Ж.Нұрмаханова, 

Ж.Тұрымбетова,  А.Кеңесбаевалардың  еңбек те-

рін атап өтпеске болмас.

Сөз 

соңын 


мемлекет 

басшысы 


Н.Ә.Назарбаевтың  «Барлығы  тек  өзімізге, 

сенімімізге, ерік-жігерімізге, бірлігіміз бен еңбе-

гімізге  байланысты»  -  деген  сөзімен  аяқтағым 

келеді. Болашаққа мықты тұлға қалыптастыруда 

әрбір  білім  ордасы  еркімізді  тұрақтандырып, 

жігерімізді  ұштап,  бірлігімізді  жарастырып, 

ерінбей еңбек етсек, бізден тәр биеленген ұрпақ 

сенімімізден шығары анық.  



Сұхбаттасқан 

Ғазиза ӘБІЛДА.

КЕМЕЛ МЕКТЕП 

КЕЛБЕТІ

Қос дарын қалай кездесті?

Сыр  бойы  —  Алаш  жұртының  көне  де  киелі 

мекені. Екі өлкенің де табиғаты тамылжып, әдемілік 

пен  әсемдіктің  не  екендігін  түсінгісі  келген, 

сұлулықты  аңсаған  әрбір  тіршілік  иесіне  ғажайып 

сырларды  паш  етері  хақ.  Сырдария  жағалауларын 

қуалай  өскен  жиде  ағаштарының  хош  иісіне  елітіп 

өскен  бұла  оғлан  Әбубәкір  Кердері,  Қарасақал 

Ерімбет,  Шораяқтың  Омары,  Жиенбай,  Рүстембек, 

Тұрмағанбет,  Көшеней  сынды  жыр  сүлейлерінің 

керемет әуен саздарына, мың құлпырар мақамдарына 

елтіп, естіп өсті. Өнерге, ойын-сауыққа әуес болған. 

Той-думанға  іңкәрлігімен  даралана  түскен.  Тілі 

шығар-шықпаста  қолдан  шабылған  титтей  ғана 

қалақ  домбырасына  үн  қосып,  әйгілі  Тасбергеннің 

«Маңырамасын»  аңырата  жөнелуге  талап  қылған. 

Шіңкілдеген  ащы  да  әлсіз  сәби  дауысқа  күрделі 

мақамның ішкі тегершіктері ырық Бере қойсын ба? 

Орындауға  оңай  соқпас  жыр  жолдарынан  көңілі 

қалып, беті қайтқан жас өркенін қол тоқпақтай ғана 

қара  домбырасын  құшақтаған  күйі  ұйқыға  кетері 

үйреншікті  көріністер  еді.  Осы  перзенттерінен  бір 

нәрсе  шығарына  үміттенген  ата-ана  көңілі  әр  жолы 

өрекпіп-ақ  қалатын.  Сонымен,  өнер  десе,  өзегін 

өзгеге жұлып берер, алдындағы ішкелі отырған асын 

шетке ысыра салып, ән-күйдің сарыны шыққан тұсқа 

тұра жүгіретін бадырақ көздеу қара бала әйгілі Сыр 

елінің  сиқырлы  әуендеріне  әуестігін  жасыра  алмай, 

үміт-арман  жетегінде  желкілдей  өсіп  келе  жатты. 

Мектеп  мезеттері  артта  қалды.  Ішкі  бір  тылсым 

қуатты күш оны алға сүйреді. Қызық қиқуы көп, той-

думаны, ойын-сауығы мол үлкен шаһарларды көруге 

асықты.  Барған-келгендер  ден  естуінше,  Алматы 

атты  алып  қалада  түрлі  өнер  оқулары  жеткілікті 

көрінеді.  «Тәуекел»  деп  алыс  жолға  шығуды  мұрат 

тұтты.  Сыр  бойының  әуейі  де  әсершіл  жеткіншегі 

осылайша қиялдап жүре тұрсын делік.

Жер  жәннаты  Жетісу  өлкесіне  назар  салыңыз. 

Мұнда  да  жағалауға  өскен  құрақтай  желкілдеген 

тамаша бір қыз бала толықси бойжетіп келе жатты. 

Қайыңдай  ырғалып,  гүлдей  жайнаған  сұлу  жүзді, 

аққұба  қыз  өз  құрбыларынан  ерек  болды.  Әнімен, 

сәнімен,  айрықша  өнерімен  тұстастарынан  дара 

жүрді. Қарасай, Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетәлі сынды 

ақындар мен батырлардың ауылында туып-өсіп, бар 

балалық шағы сонда өткен осынау сүйкімді қыз аудан 

ауқымына  аты  шыққан  өте  белгілі  шаңырақта  бой 

түзеп,  бұғана  бекітті.  Әкесі  Ұлы  Отан  соғысының 

ардагері,  кеңес-партия  қызметкері  болды.  Әлеуетті, 

ауқатты  отбасында  тәрбиеленген  жас  жеткіншектің 

көргені-түйгені жақсы еді. Әртүрлі жауапты қызметтер 

атқарған  абыройлы  әкенің  мол  дастарханынан 

кезінде Ғ.Құрманғалиев, К.Байсейітова, Р.Бағланова, 

Р.Қойшыбаева,  К.Қармысов,  Ж.Омарова  сынды 

дархан  дарын  иелері  дәм-тұз  татысқан.  Олар  егін 

даласында, қырман басында әуелете ән шырқап, өнер 

толғаған. Осылайша, Алматы төңірегіндегі Жамбыл 

ауданы,  Қаракестек  ауылы  талай  мәрте  ойын-сауық 

ордасына айналып, әуен-саздың мекені атанған. Иә, 

сондай елгезек әкенің өзі де өнерден құралақан емес 

екенін жалпақ жұрт жақсы білді десек, онымыз асыра 

сілте г ен д і к  б о л м а с .  Т ө л  аспаб ы м ы з  

дом бы  раны  арқалана  шерткен  кезде  бүкіл  төңірек 

тамсанғанына  ел-жұрты  куә.  Сырнай  тартып,  ән 

салғанына  барша  қауым  дуылдай  қол  соққаны  әлі 

күнге  дейін  ұмытылмастай  ел  санасында  сақталып 

келеді. Иә, сөйтіп, Сыр перзенті мен Алатау аруы әсем 

Алматыда бас қосқан. Оларды тағдырлас еткен – ұлы 

өнер.  Қазақ  консерваториясының  театр  факультеті. 

Бірін-бірі  сонда  таныды.  Салған  беттен  бір-біріне 

жылы  ұшырасқан.  Жас  жүректер  дүрсілі  жарыса 

соққан. Ән мен жырға ұшқыр, өткір көзді Сыр оғланы 

Алатау  баурайының  аққұба  да  әдемі  бойжеткеніне 

елжірей,  еміне  қараған.  Сымбатты  ару  да  жағымды 

жігіттің жұмсақ та құпиялы көзқарастарын бірден-ақ 

құп алған-ды.



ЖІБЕК

«Қыздың  жолы  жіңішке»  демекші,  әдепкі 

сөз  сол  әдемі  қыз  Жібек  жайлы.  Республиканың 

еңбек  сіңірген  артисі  Жібек  Лебаева  —  лирикалық, 

романтикалық  ыңғайдағы  нәзік  сезімді  өнерпаз. 

Оның кейіпкерлері ылғи да өмірге құштар, бейбітшіл, 

адамзатқа  тән  ұнамды  іс-әрекеттерге  құмбыл 

келеді.  Соның  нәтижесінде,  ол  еліміздің  атақты 

режиссерлерімен істес болды. Ә.Мәмбетов,

Б.Омаров,  Ы.Ноғайбаев,  М.Қамбаров,  Х.Әмір-

Темір,  Қ.Жетпісбаев,  М.Байсеркенов,  С.Асылханов, 

М.Ахманов тәрізді қиялдары желдей ескен режиссура 

майталмандарының  қолтаңбаларын  байқап,  барлап 

көрді. Өз тұстастарын былай қойғанда, Н.Жантөрин, 

С.Рақышев, А.Ружева, О.Әбділманов сынды аға буын 

артистермен сахналас болды. Өнер адамына тән сыр 

мен  сымбат,  болмыс  пен  мінез  тазалығы  —  сирек 

қасиет.  Талант  оттары  ұшқын  атып,  табиғатымен 

біте  қайнасқан  өнерге  деген  шынайы  ықылас  қана 

өнерлі  жанды  шыңға  шығарар  ізгі  қасиет  болмақ. 

Еңбекқорлық!  Өйткені  еңбектің  адамзаттың  қа-

лыптасуынан  бастап,  оның  өмір  өткелдерінде 

жоғары өрлеудің кепілі боп келе жатқандығына бар 

адамзат  баласы  куә.  Тынбай  еңбек  ету  талантты 

актрисаның мерейін үстем етпей қоймасы анық. Сан 

жылдар  бойы  сахна  төрінде  жанын  сала  ойнаған 

рөлдері  көрермен  көзайымына  айналып,  халық 

қошеметіне  бөленгеннен  артық  бақыт  жоқ  шығар, 

сірә?!  Осындай  ізденгіш,  талантты  актрисалардың 

бірі  –  бұл  күнде  Жібек  Рахымбердіқызы  Лебаева 

екенін  тағы  да  мақтаныш  сезіммен  айтуға 

мәжбүрміз.  Ол  1953  жылдың  5  тамызында  Алматы 

облысы,  Жамбыл  ауданы,  Қарақастек  ауылында 

дүниеге  келген.  1975  жылы  Құрманғазы  атындағы 

мемлекеттік  консерваторияның  актерлік  бөлімін 

профессор  Шолпан  Жандарбекова  мен  доцент 

Татьяна  Наурызбаеваның  ұстаздығымен  үздік 

аяқтап, Талдықорған облыстық қазақ драма театрына 

қызметке  орналасқан.  Ол  жүзге  жуық  қазақ  театр 

тарихына  енген  ең  таңдаулы  рөлдерді  ойнаған. 

Талдықорған облыстық драма театрында кескіндеген 

бейнелері: 

Ғ.Мүсіреповтің 

«Қозы 


Көрпеш-

Баян  сұлу»  трагедиясында  –  Баян,  В.Ежовтың 

«Бұлбұлдар түнінде» – Нина, Инга, Ш.Айтматовтың 

«Арманым  –  Әселімінде»  –  Хадиша,  «Жәмила-

сында»  –  Жәмила,  М.Әуезовтың  «Қарагөз»  траге-

диясында  –Қарагөз,  «Еңлік  –  Кебегінде»  –  Еңлік, 

А.Чеховтың  «Ваня  ағайында»  –  Елена  Андреевна, 

М.Әуезовтың  «Абайында»  –  Ажар,  Б.Майлиннің 

«Шұға»  қойылымында  –  Шұға,  С.Жүнісовтың 

«Қысылғаннан қыз болдық» комедиясында – Айгүл, 

Ғ.Мүсіреповтың  «Ақан  сері  –  Ақтоқты»,  «Ұлпан» 

шығармаларында – Ақтоқты, Ұлпан, Д.Исабековтың 

«Әпке»  драмасында  –  Әпке,  У.Шекспирдің  «Асауға 

тұсауында» – Катарина, Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» 

трагедиясында  –  Бұғы-ана,  Бекей  т.б.  Аталмыш 

театрдағы  алғаш  рөлдерінің  бірі  Ғ.Мүсіреповтың 

«Қозы Көрпеш –Баян сұлу» пьесасындағы Баян рөлі 

болды.  Актриса  қазақ  қыздарына  тән  инабаттылық 

пен  ізеттіліктің  жиынтық  бейнесі  іспетті  көркем 

де  нәзік  Баян  рөлін  аса  тартымды  орындаған  еді. 

Сахнадағы жүріс-тұрысы, Баян сұлуға тән батылдық, 

инабаттылық  пен  еркелік  жақсы  көрініс  тапты. 

М.Әуезовтің  «Қарагөз»  қойылымындағы  Қарагөз 

бейнесін жасауда да кейіпкердің характер табиғатын, 

трагедиялық  келбеті  мен  ішкі  психологиялық 

тебіреністерді  жақсы  меңгергендігі  айқын  көрінді. 

Қарагөздің  есінен  адасқан  тұсындағы  сан  қилы 

көңіл  толқыныстарын,  сезім  арпалыстарын  сахнада 

нанымды келтіргені рас-ты. Жібектің кескіндеуіндегі 

Қарагөз  трагедиясын  сезінбеу  мүмкін  емес  еді. 

Қарагөз  бойындағы  іңкәр  көңіл,  таза  махаббат,  пәк 

сезімнің, ерке мінездің астарын терең түсініп, жүрек 

тебірентер бейне жасап шыққанына қалың көрермен 

куә. А.Фадеевтің «Жас гвардия» қойылымында неміс 

әскери  өкілдерінің  алдында  өзін  актрисамын  деп 

таныстырған  ол,  шын  мәнісінде,  ұйымның  белді 

мүшесі  болып  жүрген  Люба  Шевцованың  рөлін  де 

сәтімен атқарған болатын. Жібек Лебаеваның кезекті 

сәтті  жұмыстарының  бірі  Шерхан  Мұртазаның 

«Сталинге  хат»  пьесасындағы  ене  бейнесін 

кескіндеуі еді. Сондай-ақ, Мұхтар Әуезовтың «Абай» 

трагедиясындағы  Ажар  рөлін  сахнада  кейіптеу 

кезіндегі актрисаның тынбай ізденгенін айта кеткен 

де  абзал.  Адал  махаббат  жолында  күрескерлік 

танытып,  зұлымдық  пен  әділетсіздік  жолындағы 

жалынды  күрес  сахнада  сан  қырынан  жарқылдады. 

Әлбетте,  бұл  —  актрисаның  жемісті  еңбегінің 

жемісі. Т.Ахтановтың «Әке мен бала» қойылымында 

Сәния рөліндегі Жібек Лебаева қойылым реңін аша 

түскендей. Сәния рөлімен ол сахнаның сәнін келтірді 

десек, онымыз артық айтпағанымыз.

А.П.Чеховтың  «Ваня  ағай»  қойылымындағы 

орталық  тұлғалар  қатарында  Елена  Андреевна 

бейнесінің  орны  бөлек.  Бұл  рөлді  сәтті  орындаған 

Жібек  Лебаева  көрермен  көңілінен  шығу  үшін  аз 

тер  төкпеді.  Елена  Андреевна  атақ-даңққа  бола 

шалға тиген, «жас күйеуім болса екен» деп аласұра 

армандаған,  қулығы  мен  айласы  мол,  бай  әрі  ерке 

әйел.  Жібек  Лебаева  кейіпкер  табиғатын  ашуда 

бұл  жолы  да  мүлт  кетпеді.  Қ.Мұқашевтың  «Дала 

дастаны»  туындысында  Жібек  Лебаева  Қазан 

көтерілісі  кезеңіндегі  бостандық  пен  азаттыққа, 

еркіндік  пен  махаббат  жолына  талпынған  Мақпал 

бейнесін де сахнаға сәтті шығарды. Жібек Лебаева, 

бүгінде Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік 

академиялық  Ғ.Мүсірепов  атындағы  балалар  мен 

жасөс пірімдер  театрында  актрисалық  жолын 

жалғас тыруда.  Актрисаның  шығармашылық  кезеңі, 

шынымен  де,  жастықтың  алау  отына  малынған 

бойындағы  артистік  талантын  дүйім  жұртқа  паш 

етуден  жалықпай,  толымды  көрсете  білген  нағыз 

жарқын  шақтың  өзі  болғаны  шын.  Оның  осынау 

жылдар  бойғы  жемісті  еңбегі,  ел  есінде  қалар 

көркемдік  ізденістері  ескеріліп,  оған  1991  жылы 

Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

жарлығы мен 

«Қазақстан 

Республикасының  еңбек  сіңірген  артисі»  құрметті 

атағы  берілген  еді.  2006  жылы  «Ерен  еңбегі  үшін» 

медаліне  ие  болды.  Ғ.Мүсірепов  атындағы  балалар 

мен  жасөспірімдер  театрына  қызметке  орналасқан 

шағынан бастап, өзінің шоқтықты рөлдер санын өсіре 

түсті. Д.Исабековтың «Ескерткіш операциясындағы» 

–  Әштеннің  әйелі,  Б.Жәкиев тің  «Әке  тағдыры» 

драмасындағы  –  Буырыл,  С.Асылбек ұлының 

«Желтоқсан  желіндегі»  –  Талшын,  И.Вовнянконың 

«Стриптизердің 

өлі мі» 

атты 


қылмыстық 

хроникасындағы  –  прокурор,  Т.Ахметжанның  «Екі 

жүрек»  дра масындағы  Зұлханова  рөлдері,  сондай-

ақ,  Иран-Ғайыптың  қаламынан  туған  «Естайдың 

Қорланы»  деп  аталатын  жаңа  қойылымның  тұсауы 

кесілді.  Қоюшы  режиссері  —  Қазақстанның  еңбек 

сіңірген  артисі  Мұрат  Ахманов.  Бұл  қойылымдағы 

Естай  мен  Қорлан  рөлдерін  ҚР  Еңбек  сіңірген 

әртістері, ерлі-зайыпты Сағат Жылгелдиев пен Жібек 

ӨМІРДЕ ДЕ, ӨНЕРДЕ ДЕ ҚАТАР 

ӨСКЕН ҚОС ШЫНАР

4

СҰҚБАТ


Марқұм  ҚР  еңбек  сіңірген  өнер  қайраткері,  мемлекеттік  силықтың  лауреаты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет