2014 – 2015 оқу жылының 12.01- 17.01.15 аралығында математика пән бірлестігінде өткізілге апталық қорытындысының ақпарламасы
Мектептің оқу жоспары негізінде 12 – 17 қантар аралығында математика пән бірлестігінің апталығы болып өтті.Бұл апталық жылдағы дәстүрлі апталықтардан ерекшеленеді.Мақсаты:жаңа технологияларды пайдалана отырып білім беру мен оқытудың теориялық мәселелерін, оның формалары мен әдістерін тиімді пайдалану. Апталық төмендегі кесте бойынша болып өтті.
Апталықтың жоспары
№
|
Өткізілетін шара
|
Өткізілетін уақыты
|
Пән мұғалімі
|
1
|
|
13.01.15ж
1130,акт зал
|
Пән бірлестігі
|
2
|
«Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу» десант сабақ
|
14.01.15ж
2 сабақ, 8 «Б»
111 кабинет
|
Шамьянов Е.
|
3
|
« Өткенімізге үңілсек, сыр тартар бізге келешек » сабақтан тыс шара
|
15.01.15ж
1400,111каб.
|
Икасбаева Б.
|
4
|
«Математика пәнінен оқушылардың ой-өрісін дамытудағы кейбір әдістер», «Сабақта жаңа технология элементерін пайдалану»
шығармашылық тақырыпты қорғау
|
16.01.15ж
1400
111 каб.
|
Адилханова Қ.
Туленова М.
|
5
|
« Аралас санды аралас санға бөлу»
|
16.01.15ж
5 «А»,111каб
|
Исмагулова А.
( Симбаев Н.)
|
6
|
«Ұлы математиктер» презентациялар сайысы
|
17.01.15ж
10 сыныптар,
6 сабақ,акт зал
|
Исмагулова А.
Адилханова Қ.
Абилова Б.
|
7
|
«Математика пәнінің оқытылуы: өзекті мәселелері және оны шешу жолдары» дөңгелек үстел
|
17.01.15ж
1400
101каб.
|
3,4 сынып мұғалімдері, математика пән
мұғалімдері
|
Мұғалімдер өздерінің өткізген шараларында оқыту, тәрбиелеу және дамыту технологияларын тиімді пайдалана білді.
Деңгейлік курс бағдарламасы, ҮӘЖ және СТО технологияларының элементтері пайдалана отырып өз шараларын өткізді.
Апталықтың екінші күні Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг университетінің жаратылыстану – информатика
кафедрасының меңгерушісі п.ғ.қ. профессор Кощанова Гулаш Рахметқызы мен 10 – 11 сыныптарға кездесу болып өтті.
Жоғары санатты математика пән мұғалімі Шамьянов Ережеп 8«Б» сыныбына
«Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу» тақырыбында геометрия пәнінен ашық десант сабақ өтті.Сабақ құрылымы жақсы және жүйелі өткізілді.
Икасбаева Балтуре жоғары санатты математика пән мұғалімі сабақ беретін
9 сыныптар арасында « Өткенімізге үңілсек, сыр тартар бізге келешек » атты сабақтан тыс шара өткізді. Сайыс қызықты және тартысты болып өтті.
Адильханова Қ. «Математика пәнінен оқушылардың ой-өрісін дамытудағы кейбір әдістер» және Туленова М. «Сабақта жаңа технология элементерін пайдалану»
шығармашылық тақырыптарын қорғадылар.
І санат мүғалімі Исмагулова Айжамалдың 10 «А» сынып оқушысы Н.Симбаев өз-өзін басқару және болашақ мамандығын таңдау мақсатында 5 «Ә» сыныбына ашық сабақ берді.
10сыныптардың пән мұғалімдері «Ұлы математиктер» презентациялар сайысы өткізді. 10 «А,Ә,Б» сыныптарынан барлығы 8 оқушы қатысты. Презентация сайысы ойдағыдай болып өтті.
Апталықтың жабу мақсатында бастауыш сынып және математика пән мұғалімдер мен бірге бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – бастауыш сынып пен жоғары сынып арасындағы математикалық білім беруді жетілдіру мәселелерін талқылау. Басқосуда математикалық білім берудің өзекті мәселелері көтерілді.
1 ) Мұғалімдер басқа мұғалімдермен, басқа білім беру ұйымдарының, кәсіби желілік қоғамдастықтардың мұғалімдерімен бірлесіп жұмыс істей ме?
2) Математика пәнін сапасын арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізіп жүрсіңіз? Мысалы: Көбейту кестесін барлық бала 100% білу үшін ?
3) «Сабақта сіз бағалауды қалай қолданасыз?»
«Мұғалім бағалауда қандай қателіктер жіберді?»
Әр мұғалім қойылған сұрақтарға өз ойларын ортаға салдылар. Көлбаева Салиха - деңгейлік курс бағдарламасын оқып келген оқытушы, басқа мұғалімдермен, басқа білім беру ұйымдарының мұғалімдерімен бірлесіп жұмыс істейтінін айтты.Мұғалімдер болып шешілгені:
1) әр бірлестік өз- ара сабаққа қатысу
2) бағаны көтермелемей, нақты баға қою
3) математика пәнін сапасын оқушыларға сапалы білім беру, қосымша тапсырмалар
беру арқылы арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |