2014 жыл №8 (73) желтоқсан 16



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі1,92 Mb.
#10497

2014 жыл  №8 (73) желтоқсан

16

Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік 

университетінің құрамындағы көп жылдық тарихы және 

жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуеті бар факультеттің 

бірі  –  филология.  Оқу-білімді  қоғамдық  жұмыстармен 

қатар  алып  жүретін  факультет  қай  салада  болмасын 

өз  жетістігін  көрсетіп  келеді.  Факультет  республика, 

халықаралық көлемде танылатын белгілі ғалымдары мен 

студенттері арқылы мақтанады. 

1934-2013  оқу  жылында  факультет  30  мыңнан 

астам  түлектердің  қанатын  қатайтты.  Қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  мамандығы  бойынша  бітірген  түлектердің 

ішінде  өнер  мен  ғылым 

саласында ірі жетістіктерге 

жеткендері  баршаға  аян. 

Атақты 


абайтанушы, 

ҚР 


Мемлекеттік 

сыйлығының 

лауреаты 

Қайым  Мұхамедханұлы, 

Қазақстанның 

еңбек 


сіңірген  мұғалімі,  КСРО 

Мемлекеттік  сыйлығының 

лауреаты Қанипа Бітібаева, 

көрнекті  лингвист-ғалым, 

Абай 

атындағы 



қазақ 

ұлттық 


педагогикалық 

у н и в е р с и т е т і н і ң 

профессоры 

Қабдолла 

Қалиевпен  танымалмыз. 

Сонымен қатар, жазушылар 

Кәмен  Оразалин,  Әзілхан 

Нұршайықов, 

Ғазиз 

Сапаев, 


Әбділдәбек 

Салықбай, лингвист-ғалым 

Хасен  Арғынов,  Қазақтың 

Ыбырай  Алтынсарин  атындағы  білім  академиясының 

зертхана  меңгерушісі,  профессор  Серғазы  Қалиев, 

ҚР  Парламенті  сенатының  экс-депутаты,  академик 

Ғарифолла Есіммен мадаққа иеміз. От тілді, орақ ауызды 

Мерғали  Ибраев,  Төлеген  Жанғалиев,  Тыныштықбек 

Әбдікәкімов,  Әбубәкір  Қайран,  Серік  Құсанбаев  сынды 

ақындарды  биікке  шығарып,  журналистер  Балташ 

Ерсалімов,  Айтханым  Ахметбекова,  Әлібек  Қаңтарбаев 

арқылы  беделдіміз.  Ал  бүгінгі  күнгі  халықтық  ақындар 

орталығының  басшысы  Дәмеш  Омарбаева  мен  Серік 

Молдабековпен  көгеріп,  айтыскер  ақындар  Сара 

Тоқтамысова,  Қарлығаш  Әубәкірова,  Ринат  Зайытовпен 

тасымыз тауға өрлеген жанбыз. 

Соңғы жылдары факультетімізді тәмамдаған студенттер 

ішінде  Арай  Жүндібаева  докторлық  диссертациясын 

қорғап, тәлім берген ұстаздар қатарын толықтырса, Мерей 

Қартов  Абай  театрының  әдебиет  бөлімінің  меңгерушісі 

қызметіне  ауысып,  мерейі  үстем  болуда.  Ал  Бауыржан 

Игілік сынды түлегіміз қазақтың қазақтығын танытатын 

қазақ  үні,  радиода  жұмыс  жасап,  шығармашылығын 

шыңдай  түсуде.  Қазақстан  ұлттық  арнасының  «Поэзия 

әлемі» бағдарламасының редактор орынбасары қызметін 

атқарып жүрген Сегізбаева Айдана да біздің шаңырақтың 

түлегі,  мақтанышы.  Медет  Демежан,  Айдана  Мағжан 

сынды  білім  алушыларымыз  «Ертіс  өңірі»  газетінің 

жас  тілшілері  ретінде  тұшымды  мақалаларымен  газет 

бетін  толтыруда.  Абай  ауданы  әкімшілігінің  ішкі  саясат 

бөлімінің жауапты қызметкері Ұлан Сағадиев те факультет 

түлегі  екендігін  баса  айтқым  келеді.  Саясаттың  қыр-

сырын  студенттік  кезінен  бастап  меңгерген  Балтабеков 

Еркебұлан  қазіргі  таңда  ШҚО  «Жастар  саясаты» 

бөлімінің  жетекші  маманы  болуы  мамандығымыздың 

жан-жақты  екендігінің  куәсі.  Ал,  биылғы  түлектердің 

ішінде  Акабаева  Мадинаның  КазИГЗУ  жастар  саясаты 

бөлімінің қызметкері болуы да факультет үйреткен жан-

жақтылықтың нәтижесі. 

Факультетте  белгілі  ғалымдар  мен  педагогтар, 

ғылым  докторлары  А.С.Еспенбетов,  профессорлар 

Қ.Шаяхметұлы, 

А.Қ.Қадыров, 

А.О.Тоқсамбаева 

ғылым  кандидаттары  мен  доценттер  А.С.Ақтанова, 

Т.М.Демежанов,  Н.М.Тулебаева,  Г.Қ.Исмайлова  сынды 

кәсіби  деңгейі  жоғары  мамандар  қызмет  атқаруда. 

Факультет қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, 

филология:  қазақ,  орыс,  шетел,  екі  шет    тілі,  қазақ 

тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті,  орыс  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі 

орыс  тілі  мен  әдебиеті  мамандықтары  бойынша 

студенттерді  оқытса,  филология:  қазақ,  орыс  және 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  бойынша  магистранттар 

даярлайды.

Факультет  студенттерінің  дені  шығармашылық 

тұлғалардан  құралып,  ақындар  ордасының  қазығын 

қағуда.  2013-2014  оқу  жылдарында  «қазақ  тілі  мен 

әдебиеті»  мамандығының  студенті  Қуат  Қиықбай 

халықаралық  «Шабыт»  фестивалінің  гран-при  иегері 

атанса,  дәл  сол  жылы  факультетте  құрылған  «Қарагөз» 

драма  үйірмесінің  мүшелерімен  авторлық  «Мазасыз 

маусым»  пьесасын  сахналап,  қалың  жұрттың  алғысын 

алып,  қошеметіне  ие  болды.  Аталмыш  үйірменің  де 

елден алып жатқан бағасы тым биік. Актерлік қабілеттері 

бар  студенттердің  басын  бір  үйірмеге  жинап  отырған 

қазақ  әдебиеті  кафедрасының  аға  оқытушысы,  п.ғ.к. 

Ғ.Р.Ақманованың еңбегі ерен. 

Астана  күніне  арнайы  ұйымдастырылған  жыр 

мүшәйрасында  жүзден  жүйрік,  мыңнан  тұлпар  атанып, 

қалған  облыстардың  ақындарын  шаңына  ілестірмеген 

бүгінгі  күні  қазақ  әдебиеті  кафедрасының  магистранты 

Шеризатов  Арманның  темір  тұлпар  иеленуін  де  зор 

мәртебе деп білеміз. Ал Дәулет Ерландай қандасымыздың 

республикалық 

«Жастар 

жырлайды» 

ақындар 

айтысының арнайы жүлдесіне ие болуымен мақтанамыз. 

«Жебе»  ақындар  үйірмесінің  мүшелері  әрбір  сайыста 

қанжығаларын майламаса көңілдерінің көншімейтіні тағы 

бар. Талдықорған, Павлодар, Алматы, Қызылорда, Астана 

қалаларында  өткен  республикалық  олимпиадаларда 

арнайы орындарға ие болып, сертификатпен мадақталған 

студенттер  қатарында  ҚР  Президенті  степендиясының 

иегерлері  Шаймарданова  Аяулым  мен  Әскерханова 

Альмира  да  бар.  2013-2014  оқу  жылында  сегіз  қырлы 

бір  сырлылығымен  көзге  түсіп,  «Жігіт  сұлтаны-2014» 

қалалық  байқауының  жеңімпазы  Серікбай  Ермек 

пен  «Университет  аруы-2014»  сайысының  жүлдегері 

Қалижарова  Жадыра  да  өз  факультетіміздің  студенттері 

екендігін  де  айта  кеткен  жөн.  Абай  театрының 

80-маусымының  ашылу  салтанатында  өз  актерлік 

шеберлігін  танытып,  «Ең  үздік  актер»  номинациясын 

жеңіп алған Сатыбалдин Манарбектің де жетістіктері бір 

төбе. Ағымдағы жылдың қараша айында республикалық 

деңгейде  ұйымдастырылған  «Алтайым-алтын  бесігім» 

атты  ақындар  айтысына  қатысып,  арнайы  жүлдеге  ие 

болған жас таланттың шығар белестерінің көп екендігіне 

сеніміміз  мол.  Жоғарыда  айтылған  сөз  барымтасында 

Бекболат Тілеухановтың арнайы дайындаған сыйлығының 

иегері Қуанхан Серіктің де алар асулары алда.

Биылғы  маусымда  Мұқағали  Мақатаевқа  арналған 

«Поэзия,  менімен  егіз  бе  едің?»  жыр  мүшайрасында  2 

орынды  иеленген  Нұржанов  Қуаныш  облыстық  «Тілім 

менің  –  сарқылмайтын  қазынам»  атты  сайыста  бас 

жүлдемен  қанжығасын  майлады.  Факультетіміздің 

студенттері қазіргі күннен бастап БАҚ тәжірибе жинақтау 

үшін арнайы жұмыстар атқарып жүр. Қаламыздағы ТВК-

6 телеарнасында Бектібаев Нұрлан өз қабілетін жетілдіріп 

жүрсе,  Байболова  Данагүл  «Семей  таңы»  газетінде 

мәнді  де  мағыналы  мақалаларын  жиі  жариялап  тұрады. 

Семей  жұртшылығын  ұжым  көлемінде  өткізілген  іс-

шаралардан хабардар етіп отыратын болашақ тілшілердің 

жұмысы  кәсібилерден  кем  емес.  Ізгілік  пен  достықты, 

өнер  мен  білімді  қатар  ту  қылып  ұстаған  өнерлі  де, 

өренді  факультеттің  келешегі  кемелді,  болашағы  анық. 

Береке мен бірліктің арқасында төрт құбыласы тең төрт 

кафедраның  жұмысы  біріккен  жұдырықтай  мықты, 

жинақы. Пейілді ұстаз бен зейінді шәкірті бар атағы өренді 

факультеттің жеңісті күндері әлі алда. Жоғарыда аталған 

ұл-қыздардың  ізін  жалғастырар  дарынды  оғландар  мен 

талантты бойжеткендер өсіп, тәрбиеленуде.



Қадыров  Айбар  Қабыкенұлы

филология факультетінің деканы,

филология ғылымдарының кандидаты



профессор

Филология – өнердің  қамбасы, тектілер жалғасы...

Біздің мекен-жайымыз: Семей қаласы,  Шугаев  көшесі, 159. № 8 ғимарат.  Тел.:  8 (7222) 53-06-70

Байболова Данагүл

4-курс «Қазақ  тілі мен  

әдебиеті» мамандығы

Мамандығым – 

мақтанышым

Мен,  80-жылдан  астам 

тарихы  бар  махаббат 

мекені  Аягөз  елінен  келіп, 

Семей  қаласының  Шәкәрім 

атындағы 

мемлекеттік 

университеті, 

филология 

факультетінде  білім  алып 

жатқаныма дән ризамын.

Дарындылар  мен  таланттылардың  ортасына 

түсіп,  қайнаған  қара  қазанның  қаймағын  қалқып, 

тегін  білім  алып  жатқан  студент  болып  жүргенім- 

өз  таңдауымның  қате  еместігінің  белгісі.  Бүгінгі 

күнде республика көлеміне танымал ғалымдар оқыған 

дәрісханада дәріс тыңдап, Қинаят Шаяхметұлы, Арап 

Сләмұлынан  бата  алып  жүргеніме  өзімді  бақытты 

сезінемін. Терең білімді өнегелі ұстаздардан бойымызға 

сіңіріп қана қоймай, сахнаның, баспасөздің, шешендік 

өнердің,  мәнерлеп  оқудың  да  қыр-сырын  меңгеріп 

жатқанымыз  факультетіміздің  жан-жақтылығын 

көрсетеді. 

Білім  мен  қоғамдық  жұмысты  қатар  алып 

жүретін  студенттің  4  жылдық  уақыты  бос 

өтпеуге  тиіс.  Болашақ  өміріме  қолғабыс  беретін 

дүниелерді  меңгергеніме  «Ғылыми-жобалау  алаңы» 

мен  «Іс-қағаздар  жұмысын  жүргізу»  бойынша  алған 

сертификаттарым дәлел болмақ. Менің мамандығым 

тек  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  оқытушысы 

ғана  емес,  баспасөз,  радио,  театр,  кітапхана  сынды 

орындарда қызмет жасауыма көмек береді. 

Міне,  4  жылдық  студенттік  өмірімнің  ақырғы 

күндері  көз  алдымнан  құм  сағаттай  жылжып  өтіп 

жатыр.  Білімімді  ары  қарай  шыңдай  түсу  үшін 

магистратураға  тапсырмақ  ойым  бар.  Ұстаздар 

студенттерге  білім  беруге  қалай  жалықпаса, 

филология  факультетінен  әрмен  қарай  білім  алуға 

менде  жалықпаймын.  Тек  білімнің  ғана  емес,  өмірлік 

ұстаз болған факультет ұжымына алғысым шексіз. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет