99.“Оркестр”жаттығуыМен - дирижер, тыңдаушылар - оркестр. Қолымды төмендетсем ақырын шапалақтайды , жоғарылатқан сайын қатты шапалақтайды.
100.Қиял және шығармашылық қабілеттерін дамыту тапсырмалары 1-ші тапсырма «Киностудия» деп аталады. 3 топ суретшілер, 2 адам режиссер. Фильмнің музыкасы дайын, музыкаға байланысты әрбір топ 1 кадрдан сурет салу қажет. Кадрдың тақырыбын қойып, 4 минут уақыт ішінде әрбір топ кадр нұсқасын өткізуге тиісті. Ал, режиссерлер ұжымдық фильмге қай кадрды алуға болатынын талдап, өз шешімдерін шығарады. 2-тапсырма. Жаңа тақырыпқа байланысты ми клеткаларын қозғалысқа келтіруге арналған миға шабуыл. “Жапқыш қақпақтар” Біздің мектепті материалдық жағынан өркендету үшін демеушілер қажет. Бір фирма біздің мектепке көмек ретінде миллион ( пробка) жапқыш-қақпақтар берді. Мектеп жапқыш-қақпақтарды қайда, қалай қолданады? Сендер қалай ойлайсыңдар. (идеялар құру) Ситуация жауабы оқылып, ұсыныстар қабылданады. Денені босаңсытуға арналған жаттығу: 3 рет тыныс алу; 10 рет санағанша ауаны іште ұстап, “ха” деген дыбыс арқылы сыртқа шығару; 3- тапсырма “Ертегіні өңдеу” ойыны Тыңдаушыларға психологиялық терминдерді атау ұсынылады. Мыс:-жеке тұлға-темперамент-мінез-ес-зейін-ойлау-коррекция-қабылдау және т.б. Осы психологиялық терминдерді пайдаланып: 1-ші топ “Шалқан”, 2-ші топ “Қызыл телпек”, 3-ші топ ”Бауырсақ” ертегілерін өңдеп сахналық үзінді көрсету. Дайындыққа 4 минут, үзінді 2 минуттан аспау керек. Режиссерлар ертегіні таңдап, қорытындылайды. 4-ші тапсырма “Әңгімені аяқта” Түн. Аспан бұлттанып, жаңбыр сіркіреп жауып тұр. Автобус аялдамасында бір қолшатырдың астында өзара күбірлесе сөйлесіп екі қыз тұр. Маңайда басқа ешкім жоқ. Бір кезде... 5-ші тапсырма Қызықты суреттер. Суретке қарап сұрақ-жауап жазу 6-шы тапсырма Суреттерді аяқта және атын қой. Қорытынды: “Шығармашылық- тек ізденген адамға ғана кезігетін қонақ. Жалқау адамға шығармашылық жуымайды”-деп, Шәкәрім атамыз айтқандай әрқашан ізденіп, шығармашылық табысқа жету сендердің қолдарыңда.