2014 Спецвыпуск І международная научная конференция «Современная наука и инновации»



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата12.03.2017
өлшемі6,95 Mb.
#9047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

  Оқушының өзіндік ерекшелігі 

мен іс-әрекет белсенділігіне қарай төмендегіше жіктесек, 

бала шығармашылық жұмыста осы сатыдан өтеді де бір-

тіндеп іріктеліп, шығармашыл тұлға қалыптаса бастайды



. 

Мәселен,


  белгілі психолог Н.Лейтес оқушы бойындағы 

негізгі қасиеттер мыналар деп көрсетеді: 1. Ұқыптылық, 

жинақылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің 

жоғарлығы; 2. Ақыл-ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез 

келген жағдайды талдап салыстыра білу; 3. Барлық күш-

қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі [5].

Сонымен «дарынды деген кім және оның ерек-

шеліктері қандай?» деген сұраққа жоғарыда айтылған 

ғалымдарымыздың еңбектерін қорытындылай келіп, «Да-

рынды бала»дегеніміз-алдына мақсат қоя білетін, оны 

дұрыс болжай алатын, оның нәтижесіне көзі жететін, 

жан-жақты ойлана отырып бір тоқтамға келетін, өзіне 

сенімді, шығармашылықпен жұмыс жасауда биіктерден 

көрінетін, адамгершілікті жоғары қоятын, ерекше тұлға 

деп түсінемін. Ал оның дарынды оқушының ерекше-

леліктеріне тоқталатын болсам, олар 1. Ойлау шеберлігі, 

2.тұлғалық жеке қасиеттері. 3. Өмірге деген көзқарасы 

мүлдем өзгеше, қабілетті тұлға. «Өткенге қарап басы-

мызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, 

бала-ертеңгі азамат. Оны тәрбиелеп, биік шыңдарға 

жеткізу, мемлекеттің мүддесіне өзі жететіндей етіп 

қалыптастыру педагог қауымының бірден-бір мемлкеттік 

үлесі деп білемін.

Әдебиет:


1.  Сейсенбаева Ж.А., Орманбекова Л.Ж. Дарынды балалармен жұмыс» / Оқу-әдістемелік құралы // http://new.

kaznpu.kz/docs/tarbie/darindi_balalar.dos — 7 б.

2.  Орынханова С. Биология пәнінен дарынды оқушыларды оқытудың әдістері // Пәнді оқыту мәселелерінің 

тәжірибесі және теориясы. — 2012. № 1. — 20–22 бб.

3.  Елеупаева Ж.К. Қазіргі мектептерде оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытыудың педагогикалық 

шарттары / Педагогика ғылымдарының кандитаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның 

авторефераты. — Түркістан, 2008. — 9 б.

4.  Жексенбаева Ұ.Б. Балалар дарындылығын диагностикалау. — Алматы, 2005. — 9–17 б.

5.  Тоқсеитова С. Оқушыларды ғылыми — зерттеу жұмыстарына баулу //Биология және салауаттылық негізі. — 

2013. — № 2. — 54 б.

6.  Оразымбетова М.О. Сыныптан тыс жұмыстарда мектеп оқушыларының шығармашылық дарындылығын да-

мыту жолдары // Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі 

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған рефераты. — Қызылорда, 2012. — 5 б.


16

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Биология

Физиология сабақтарында оқытудың интерактивті әдістерін қолданудың  

тиімді жолдары

Нургалиева Айнур Алихановна, магистрант

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Б

ілім берудің негізгі мақсаты — білім мазмұнын 



жаңарту және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі 

құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы 

орта және жоғары білім беру жүйесінің дамуымен 

тығыз байланысты. Жоғары оқу орындарының білім 

деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды 

пайдалану арқылы оқу процесін тиісті деңгейге көтеру 

оқытушылардың жүйелі басшылыққа алған бағыты 

болып табылады. Интерактивті құралдарды қолдану не-

гізінде пәндерді оқыту сапасын арттырып, білім беруді 

ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

ХХІ ғасыр — бұл ақпараттық қоғам дәуірі, 

технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, 

адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият 

қарайтын дәуір. Сондықтан, заман талабына сай ғылым 

мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге 

асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа 

заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. 

Қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технология-

ларын игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман 

болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру әрбір 

оқытушының оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына 

көмектеседі. Сонымен қатар, мұғалімнің интеллектуалдық, 

кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа 

да көптеген адами келбеттерінің қалыптасуына игі 

әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін 

тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бүгінгі таңда білім 

ұйымдарындағы пәндерді дербес компьютер көмегімен 

оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу 

ең басты орын алады [1, 12 б.].

Жоғары оқу орындарындағы пәндерді оқыту про-

цесінде компьютерді қолданып сабақ өткізу оқытушы мен 

студенттің қарым-қатынас жүйесін, олардың іс-әрекетінің 

мазмұнын, құрылымын, өзгерте отырып, олардың моти-

вациялык эмоциональдық ортасына, сезімінің өсуіне әсер 

етеді.


Соңғы жылдары көптеген елдерде орын алып отырған 

ғаламдық өзгерістер — мемлекеттердің жаңа дәуірге, 

қоғамдық өмірлік негізін ақпараттық ресурстармен 

ақпараттық коммуникациялық технологиялар құрайтын 

ақпараттык кезеңге қадам басты. Қазіргі таңда ғылыми 

техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқу 

үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен жаңа технологи-

яларды қолдануды кең көлемде қажет етеді. Студенттердің 

пәнге деген қызығушылығын әр түрлі әдіс-тәсілдеріді 

қолдана отырып, белсенділігін арттыру мақсатында ин-

терактивті тақтаны пайдаланып сабақ өткізудің көптеген 

мүмкіншіліктері бар:

 

— біріншіден, интерактивті тақта арқылы электронды 



оқулықтарды қолдануға және оны көшіріп алып, белсенді 

жұмыс істеуге болады;

 

— екіншіден, қосымша материалдарды да көшіріп ен-



гізіп, онымен белсенді жұмыс істеуге болады;

 

— үшіншіден, тақта ретінде жазуға, сызуға, өшіруге, 



дайын сызбаны жасап қоюға, жартылай жауап кезінде 

қолдануға т.с.с. көптеген іс-әрекеттерді жасауда уақытты 

үнемді пайдалануға болады [2, 21 б.].

Физиология — XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да 

ол жаңа ақпараттық технологияларымен тығыз бай-

ланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде не-

гізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның да-

муына көп көңіл бөлуде. Бұл пәнді оқыту оқытушыға 

зор міндеттерді жүктейді. Оқыту үрдісін компьютерлен-

діру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау 

тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның білім беретін оқу 

орындарының барлығы дерлік интерактивті тақтамен 

қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс — диалогтік әдіс, 

нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байла-

ныса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақта әр 

пән бойынша, соның ішінде физиологиядан зертханалық 

сабақтарды өткізген кезде оның құрылғылары (датчик-

тері) қолданылады. Қарапайым тақта және компьютер 

проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ 

мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Инте-

рактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол 

жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті 

материалдарды дайындау керек [1, 16 б.].

Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдерімен 

салыстырғанда көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер 

туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдала-

натын оқытушылар айта алады. Оқытушы әріптестерімен 

бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге 

қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру 

мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген 

материалдардың сапасын да арттырады [2, 24 б.].

Оқытушылардың пайымдауынша интерактивтік 

бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мы-

салы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау 

арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға 

болады, бұны сабақта болмай қалған студенттерге қайта 

түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады. 

Оқытушы оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын 

меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық ба-

засын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.

Қазіргі уақытта сабақ материалына байланысты 

көптеген электрондық оқулықтар мен компакт-дискілер 

бар. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге 


17

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Biology

терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компью-

терлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, сту-

денттерге терең де тиянақты білім беруге жағдай жасалды.

Компьютерлік графикалық материал презентациялық 

слайд көмегімен көрсетіледі. Оқу процесінде презентаци-

ялар мен слайдтар жасап көрсету, студенттердің танымдық 

ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады [2, 13 б.].

Студенттер физиология сабағында арнайы компью-

терлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтарды пай-

далану арқылы кез-келген тақырыпты өздері меңгереді. 

Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын 

арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше 

шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына 

көп көмегін тигізеді. Физиология пәні бойынша компью-

терлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық 

танымын арттырады. Студенттер бір тестілеуден жақсы 

нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің 

барлығы физиология бойынша мемлекеттік білім стан-

дарты талаптарына сәйкес келеді. Ол студенттердің ин-

теллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық 

қабілеттерін дамытуға, тірі табиғатты, ағзаларды 

толығымен түсінуге ықпал жасайды. Физиология пәнінің 

кейбір тараулары ойлануды, талдай білуді, салыстыруды 

қажет етеді. Оған физиология кабинетінің жағдайы келе 

бермейді. Айталық, адам қаңқасы, микроскоп, ұлғайтқыш 

әйнек, т.б. тәжірибе жасайтын құралдардың болмауы.

Физиология сабағында компьютерді пайда-

лану оқу үрдісінде оқытушы мен студенттің жеке дара 

шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. 

Студенттердің өздігінен танып-білу дағдыларын 

қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, 

ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жете-

лейді. Ол үшін төмендегідей оқытудың интерактивті фор-

маларын сабақта қолдану қажет:

 

— Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар;



 

— Блок-схема, графиктер, диаграмма, т.б.;

 

— Тірек-схема, көрнекіліктер және анықтама 



құралдары;

 

— Ойын арқылы оқыту;



 

— Сөзжұмбақ, ребустар;

 

— Тестілеу.



Физиология сабағын меңгертуде компьютерлік 

анимациялардың маңызы зор. Мысалы: «Талдағыштардың 

құрылысы мен маңызы», «Көру және есту талдағыштары. 

Жасқа сай ерекшеліктері», «Гормондарға сипаттама. 

Жыныстық жетілу.», т.б. тақырыптарда өткізілетін 

сабақтарда сөз жұмбақты табуға, әр тақырып бойынша 

адамның физиологиялық ерекшеліктеріне тоқталып, 

олардың қандай екенін, бір-бірінен айырмашылықтарына 

толық көздерін жеткізіп көрсетілді [4, 19 б.].

Рефераттар жазуда студенттер физиологиядан тір-

шіліктегі барлық организмдердің физиологиялық ере-

кшеліктері жөнінде энциклопедиялық мәліметтер ала 

алады. Сонымен қатар студенттер сабақта видеомате-

риалдар пайдаланады. Студенттер өз беттерімен жұмыс 

жасау барысында интернет кеңістігінің материалдарын, 

электрондық оқулықтарды іздеу арқылы компьютерлік са-

уаттануларын тереңдете түседі.

Сонымен физиология сабағын компьютер көмегімен 

оқыту төмендегі мәселелерді қамтиды:

1)  Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни сту-

денттерге қиын да күрделі материялдарды көрнекі түрде 

түсіндіруге қол жеткізеді.

2)  Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу мате-

риалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

3) Студенттердің ғылыми дүниетанымдық 

көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге 

құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады.

4)  Оқытушыны техникалық жұмыстан босата от-

ырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен 

жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

5) Оқытушы мен студенттің жұмысын жеңілдетеді.

Интерактивті тақтаны қолданудың артықшылығы:

Интерактивті тақтада өтілген сабақтар студент-

терді жаңашылдығымен қызықтырады. Мұндай сабақ 

үстінде студенттер өз ойын «өз сөзімен» айтатын шы-

найы қарым-қатынас туады, олар тапсырманы ынтамен 

орындайды, оқып жатқан материалға қызығушылықпен 

қарайды. Студенттер физиология пәні бойынша 

оқулықпен, анықтамалық және басқа әдебиетпен жұмыс 

істеуді үйренеді. Студенттерде жоғары нәтиже көрсетуге, 

қосымша қиын тапсырма алып орындауға деген 

қызығушылықтары пайда болады [5, 34 б.].

Интерактивті технологияның ерекшеліктері:

1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі-

түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. 

Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар 

жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес. Слайдтарда кем-

шіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. 

Сабақтың өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық 

байланыс орнайды.

2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

3) Оқу материалын беру логикасына көп көңіл ау-

дарады, бұл студенттердің білім деңгейіне оң әсерін 

тигізеді. Компьютерге деген қарым-қатынас өзгереді. 

Физиология пәнінен сабақ өту барысында интерак-

тивті оқыту технологиясын, яғни белсенді «Естігенді мен 

ұмытпаймын», «Істеген ісіме жауап беремін» әдістерін 

қолдану студенттерді іс-әрекеттеріне дұрыс баға беруге 

тәрбиелейді.

Жақсы білім алу үшін қажетті ұстанымдар:

— Оқушы білім алуға дайын;

— Білім беруге түрлі әдістер мен тәсілдер қолданамын;

— Қайталау — білімді бекіту үшін қажетті элемент;

— Қаншалықты оқу барысы шынайы болса, соғұрлым 

білім беру тиімдірек.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының пәндерін 

компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі 

ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұның 

себебі оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің 

педагогикалық-психологиялық жаңа проблемаларының 

әлі толық шешілмегендігінде болып отыр.


18

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Биология

Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның 

экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана 

емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, 

басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу 

мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін 

шешуіне байланысты.

Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Болашақ 

мамандарға сапалы білім беруге, әлемдік білім кеңестігінен» 

мемлекетімізге лайықты орын алуға білім саласындағы 

қызметкерлерге тиісті жағдай жасауға айрықша мән 

берілді. Өйткені елімізді көркейтетін де, өркендететін де 

білікті, білімді жастар екені түсінікті. Сапалы білім, са-

налы тәрбие беру үшін оқытушының үздіксіз ізденуі, 

шыңдалуы, шығармашылықпен айналысуы, білімін жетіл-

діруі қажет. Соның нәтижесінде ғалымдар жаңа техноло-

гияларды көптеп шығаруда. Себебі, жаңа оқыту техно-

логияларын енгізу заман талабына сай білім беру бағыты 

өзгерді, өздігінен білім ала-алатын логикалық пайымдай 

алатын коммуникативті тұлғаны қалыптастыру қажет.

Электрондық байланыс жүйелері арқылы 

ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-

тәжірибелерінде айқын сезіледі. Республикамызда білім 

беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық 

технологияларды енгізу басты мәселеге айналды. 

Қазақстандағы барлық оқу орындарынының компью-

термен жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын 

дәлелі [2, 36 б.].

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, 

компьютерді қолдану негізінде жоғары оқу орындарында 

физиология курсын оқыту сапасын арттырып, білім беруді 

ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады.

Жоғары оқу орындарын ақпараттандыруға мемлекет 

тарапынан қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі 

бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз 

дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, алдыңғы қатарлы 

мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті 

білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне 

сеніміміз мол.

Әдебиет:


1.  Дүйсенбин Қ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы. — Алматы, 2003.

2.  // Информатика негіздері. — 2009. — № 2.

3.  Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту.

4.  Сағымбекова А. Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас // Қазақстан мектебі. — 2004. — № 5.

5.  Сәтпаева Х., Ніддібаева Ж., Өтепбергенов Ә. Адам физиологиясы. — Алматы: Білім, 1995.

Ақуыз биосинтезі — макромолекула биогенезі

Өтесінов Жарылқасын Өтесінұлы, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор; 

Әуезова Нұрқұйған Сражадинқызы, биология ғылымдарының кандидаты; 

Есеналиева Фариза Серікқызы, педагогика ғылымдарының магистрі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

(Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Т

іршілік құбылыстарының негіздері бағыт-



бағдарын оқытатын ілім молекулалық биология-

сына жатқызылады. Бұл ғылым ДНҚ макромолекуласын 

кеңістіктегі модель жасалудан басталады. Қазақстанда 

академик М. Айтхожиннің басшылығымен рибосома 

құрылымы зерттеліп әртүрлі РНҚ қызметтерін нақтылау 

арқылы реттелу механизмі биогенездің жүру талап-

тары, нақтыланып бұдан рибосомалар құрастырылады. 

Осыған орай азот алмасудағы маңызды ферменттер 

жұмысы өсімдік, жануарлар және бактериялар жасушала-

рында цитоплазмалық, полисомды байланыстар ашылып 

көптеген микроқұрылымдық тұрғыдан биосинтездердің 

жүруін геном құрастыру, экспрессия, ақуыз полимерлерінің 

құпиясын нақтылап олардың мүмкіншілігін аса қажетті 

зертханалық арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуі басқа 

да практикалық шешуі қиын ілім саласын дамытуға көп 

үлес қосты.

Ақуыздар — жасушаның ең маңызды макромолеку-

ласы. Аминқышқылы белгілі бір геннің ақпараты арқылы 

тізбектелуі ағзаның түгелдей жасушасында жүреді. Және 

олар тек сол жасуша қызметіне сәйкес альбумин, гло-

булин, гистон, гликопротеидтерде синтезделеді.Пішін-

дері глобулалы және фибрилді делінеді. Ақуыз биосин-

тезі кезінде реакциялары белсенді, нақты және алынған 

ақпараттан ешбір айнымайды. Ақуыз құрамы биосин-

тездік үдерістен соң арнаулы тәсілмен (химиялық) жікте-

генде құрамында: 50,6–54,5 көміртек, 21,5–23,5 % оттек, 

6,5–7,3 % сутек, 15-,17,6 азот, 0,3–2,5 % күкірт, кейбір 

түрлерінде фосфор кездеседі. Аминқышқылдарының бір-

бірімен байланысып қосылуынан ақуыз (нәруыз,белок) 

молекуласы түзілдеі.

Әр ақуызда аминқышқылдары тек сол ғана түріне 

сәйкес ретімен орналасады.Оның молекулалық 

құрылымын: бірінші, екінші, үшінші және төртінші 


19

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Biology

реттіктер дейді. (1–2 суреттерде ақуыздың пішіндік 

түрлері көрсетілген).Жалпы түрде оны төмендегіше 

сипатта болады R-CHNH

2

-COOH. Биосинтезделуге 



аминқышқылдарының құрамы ашық тізбек те, тұйықты 

түрде де сақиналар мен функциялық топтар кезде-

седі. Аминқышқылдары өзара, мыңдаған, миллиондаған 

қалдықтары өзара пептидтік байланыс арқылы 

жалғасады. (-СО-NH-;2)

Ақуыздар ерігіштігіне байланысты судағысында-

альбуминдер, спиртте еритіндер-проломиндер,сұйытылған 

қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндерді-глу-

таминдер-делінеді. (2,3.) Сонымен қатар ақуыздар 

әбір органдарда химиялық құрамы мен энергетикалық 

құндылығы бірдей болмайды. (1 — кесте). Оны сиыр 

ұшасы ет ұлпаларынан көруге болады.

Кесте 1. 

Сиыр ұшасы мүшелерінің құндылығы

Мүше аты

Мүше

шығымы

Мөлшері %

100г шаққанда энергетика 

құндылығы ККал г/Дж

Бұлшықет

Ақуыз

Май

Арқа еті


9,0

71,0


19,8

8,6


157/657

Жамбас сан еті

35,5

84,0


20,2

6,4


138/577

Ауыз омыртқа еті

2,0

61,0


16,3

7,1


139/582

Әр мүше бұлшық еттерде көрсетілген мөлшерлер көп 

ауытқымасада, әртүрлі сандық өлшемде болады. (сиыр 

ұшасы мүшелері бір ғана бастан алынған). Сонымен ағза 

жасушаларында, ұлпаларында-ақуыз биосинтезі белгілі 

заңдылықпен жүреді де, сандық және сапалық тұрғыдан 

әртүрлі екеніне көз жеткіземіз. Молекулалық тұрғыдан 

бұл құбылыс анық және нақты түсіндіріледі. Себебі 

ақуыздар биосинтезі тізбегіне 20 астам аминқышқылдары 

тізбектелуімен қатар кейбір иондық элементтер де ақуыз 

құрамына қосылатыны белгілі.

Әдебиет:


1.  Сейітов З. Биологиялық химия. — Алматы, 1992.

2.  Өтесінов Ж.О. Молекулалық биология. — Қызылорда, 2006.

3.  Интернет сайттары: WIKIBILIM. LEATBIOLOGU. narod.ru/himik.htm.


20

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Биология

Қоршаған орта және генетикалық аномалиялар

Өтесінов Жарылқасын Өтесінұлы, ауыл-шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор; 

Әуезова Нұрқұйған Сражадинқызы, биология ғылымдарының кандидаты; 

Оспанова Гүлжазира Қарсақбайқызы, биология магистрі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 

 (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

М

ал шаруашылығын нәтижелі жүргізу жолындағы 



маңызды проблемалардың бірі аурулармен, пара-

зиттермен және аномалиялармен күрес практикаға аса 

қажет. Әр түрлі зерттеулерге қарағанда кейде сау мал-

дардан, құрылысы қалыпты жағдайдан ауытқыған немесе 

кейбір органдары немесе ұлпалары жоқ ағза қызметін 

кемітетін ұрпақтар туылады. Осындай аномалияларға 

орталық және шеткі қаңқа сүйектерінің, тері 

эпителийлерінің ақаулары мен жамылғысының кемістік-

тері көру, нерв, жыныс жүйелерінің, зат алмасуының 

жетімсіздіктері көптеп байқалады.Ежелден ғалымдар 

әртүрлі малдарда болатын кемтарлықтың себебін білуге 

тырысқан. 18–19 ғасырлардың өзінде кемтарлық 

жөніндегі ғылыми тератологияның (гр «тератос» — 

кемтар) негізі қаланады. Ғалымдар дамудағы кемшіліктер 

негізінен механикалық немесе физикалық факторлардың 

әсерінен болады деп түсінген. Дегенмен сол кездің өзінде 

әртүрлі аномалиялардың тұқым қуумен байланысы бар 

екені байқалған.

Шындығында аномалиялар мен тұқым қуудың 

арасындағы байланысты ғылыми негізде түсіндіруге тек Г. 

Мендельдің ашқан заңдылығы және одан әрі генетиканың 

дамуынан кейін мүмкіндік туды. Көптеген зертеулер 

кейбір аномалиялардың себебі генетикалық факторларға, 

екіншілерінікі-генетикалық факторлармен қосымша 

сыртқы орта жағдайына байланысты, үшіншісі — сыртқы 

орта не экзогендік тұқым қуалайтын факторларға байла-

нысты екенін көрсетті. Осыған орай аномалиялар 3-ке 

бөлінеді:

1)  генетикалық; 2) тұқым қуулық; 3) экзогендік.

Генетикалық аномалиялар мен организмдегі 

морфофункционалдық зақымданулар: гендік және 

хромосомалық мутациялардың нәтижесінде пайда бо-

лады. Гендік мутациялар органдардың, тканьдардың 

морфологиялық құрылысын онтогенездің әр кезеңінде 

зақымдандырады. Осыдан ДНҚ молекуласының өзгеруіне 

байланысты туа болатын кемістіктер кең орын алған. 

Хромосомалар санының клеткада немесе олардың 

құрылымының өзгеруі эмбрионның өсуін тоқтатады не-

месе дамуында ауыр кемтарлықтары бар ұрпақтың ту-

уына әкеп соғады. Малдың ұрықтылығын жоғалтады. Туа 

болған аурулардың этиологиясы летальды және субле-

тальды гендермен байланысты.

Мысалы, адамда 2000-ға жуық аномалиялар летальды 

немесе сублетальды мутанттық гендердің белгілері мал-

дарда зерттелген. Соңғы кездерде хромосомалық аббера-

циялар және мал организмінің маңызды қызметінің істен 

шығуы жөнінде көп мәселе анықталды. Генетикалық ано-

малиялар аллельді гендердің бір жұбымен бақыланатын 

белгілерге жатады. Бұл аномалиялардың басты сипаты 

Мендельдік ажырасу типі мен доминантты және ре-

цессивті сапалы белгілеріне байланысты. Рецессивті 

аномалиялардың шығуы үшін екі хромосомада екі бірдей 

мутантты геннің болуы жетеді. Тұқым қуу-ортамен бай-

ланысты аномалиялар. Туа болған аномалиялардың бел-

гілі бір түрлері көрінуі үшін эндогендік және экзогендік 

факторлардың бірдей дәрежедегі әсері керек. Олар көп 

локусты гендер жүйесімен бақыланады деп есептелі-

неді. Бұл белгілердің фенотипте көрінуі осы аноманияны 

бақылайтын мутантты гендердің санына байланысты. Бұл 

гендер әрекетінің шегі бар, ол гендердің санына немесе 

күшінің шоғырлануына байланысты. Егер гендердің саны 

не олардың әсер күші шегіне жетсе, аномалия көрінеді. 

Егер бұл көрсеткіштер шегіне жетпесе мал қалыпты 

жағдайда болады.

Кейбір жағдайларда фенотиптері ұқсас аномали-

ялар әртүрлі генотиптерін анықталады. Біржағынан бұл 

аномалиялардың генотиптік әртүрлілігін көрсетеді. Екінші 

жағынан, алғаш Гольдшмит (1935 ж.) көрсеткендей, 

генетикалық аномалияның фенотипі сыртқы орта фак-

торынан белгілі бір генотипі бар өкілдерден «көшіріліп» 

алуы мүмкін. Мұндай аномалияларды Гольдшмит феноко-

пиялар деп атады. Фенокопиялардың генетикалық және 

орта факторларының бірдей әсерінен пайда болатыны 

кейін анықталды. Фенокопиялардың себебін Ландауэр 

рецессивті мутациялары бар гетерозиготалы өкілдердің 

тератогендік заттарға өте сезімталдығынан, сондай-ақ 

модификатор гендермен орта факторларының біріккен 

әсерінен деп түсіндіреді. Зерттеулер нәтижесі гетерози-

готалы өкілдерде жоқ екінші мутантты аллель қоршаған 

ортаның белгілі бір факторлармен толықтырылатынын 

көрсетті. Осындай аномалиялық өзгерістер Қызылорда 

облысы Шиелі ауданының шаруашылықтарында кезде-

сетінін зерттелген материалдармен дәлелдеп, ағымдағы 

баспаларда жариялануда. Оның басты себебін уран 

рудасының өндірудегі толық қорғаудың қарастырылмауы 

деп есептейміз [1, 2, 3].

Көп жыл бойы табиғи жағдайда мал төлдерінде 

кездесетін екі басты алты аяқтылар немесе асқорыту 

органдарының өз деңгейінде дифференциацияланбауы 

(ішектердің ағзадан тыс қалуы) байқатады.

Яғни эмбриондық даму кезеңінде қоршаған орта 

әсерінің күшті факторы (сәулелік фактор) хромосомадағы 

генге өзгертулер тератогенді нәтижеге әкеледі. Бұл экзо-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет