2015 жыл №7 (80) қыркүйек ҚазаҚтың бас аҚыны абайға арнау!



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#8309

2015 жыл  №7 (80) қыркүйек

ҚазаҚтың бас аҚыны 

абайға арнау!

Қазақта бар жарқыраған маңдайалды ұлы ақын,

Әлем жұртын бас идірген, мойындатқан зор ақын.

Ғасырында бір туатын ол ғұлама, ол дана,

Құнанбайдың Абайы екен өзі сері, өзі ақын.

Қас-қағым сәт, қос ғасырдай уақыт өтті арада

Қанша тарих, қанша тұлға ұмытылды санадан?

Ұмытылмас жандарда бар, ұмытпайды ешқашан,

Алашымның шал-кемпірі, етектегі балада.

Абай дана, Абай дара, мақтанышы қазақтың

Қуат берер, ой салады, өлеңдері ғажап тым.

Түсінбеді заман бірақ, озық туған ұланды,

Бөліп-жарды, сыртқа тепті, көрді-ау талай азапты.

170 жыл толды міне, Алашта биыл ұлы той,

Жиналдық бізде қуанышқа, бөліп сізге бір сәт ой.

550 жыл Қазақ елі ұлт болып қалыптасқалы,

Ұлы Ұлт пен ұлы ақынның тойы қатар келді ғой!

Қандай пенде 

валентин?

День Валентин кей жұрттарға ғажап күн,

Жас буыннан естілер-ау асқақ үн.

Католик пен Православқа арналған,

День Валентин мейрамы ма қазақтың?

Асығар-ау махаббаттың күні деп,

Гүл ұстаған жігіт қызға жүгіред.

Қайдағы бір Валентиннің күнінде,

Ыстық лебіз, ыстық сөздер төгілед.

Күллі қазақ жүректерін жаулаған,

«14-і ол махаббат» деп лаулаған.

Кім еді ол? Қандай пенде Валентин?

Елі қуып, туған жерден безініп,

Бар ғұмырын дінсіздікке арнаған!  



НҰРЛЫТАң  

САЙМАҒАНБЕТОВ  - 

Қызылорда қаласының 

тумасы. 

Аграрлық факультеттің  

«Орман шаруашылығы 

және орман ресурстары» 

мамандығының студенті.

Жыр-ЖорыҚ

Қара өлеңнің қасиетін қарқарадай сақтаған,

Туған жердің топырағы, сірә, мені баптаған.

Енді, міне, Ақиқат пен Әділдік деп ұрандап, 

Жыр-жорыққа ту көтеріп аттанам.

Талай-талай Махамбеттей тарландарын туыпты ел,

Жауынгермін топтан озып сынға түсер буып бел.

Рухым асқақ, күшім кемел, қаруымда қапы жоқ,

О, Тәңірім, жүрек кірін жуып бер!

Сағым көшкен сар даланың сыбағасын даулайтын,

Қанат байлап құс қиялы зау биікте заулайтын.

Ей дүние мен деп білгін ер қазақтың ұрпағы,

Жыр-жорықта жарты әлемді жаулайтын.

ана тілім – асылым

Қазақтай асыл отты елден,

Исатай, Махамббеттерге.

Жұбандарға от берген,

Бұралаң жолды өткерген,

Ана тілім- асылым!

Болмасын тілде шалалық,

Алға да озсын даралық.

Тіл кеспек жоқ, міне, даналық,

Тасты да тіліп тіліммен.

Алға да өрлеп барамын,

Ана тілім асылым.



Күрең Күз

Жапырақ түсті жерлерге,

Күрең күз жетіп келген бе?

Сарғайып солған жапырақ,

Демалып жатыр жерлерде.

Ағаштар түрге енген бе?

Бүршіктер жатыр гүлдер де,

Жазбенен ыстық қоштасып,

Күрең күз тағы келген бе?

Көңілдің қошы келгенде,

Өлеңім шаршап көрген бе?

Арманға желмен жетермін,

Күрең күз ару келгенде.

Қош келдің ерке күрең күз,

Дірдектеп тағы жүрерміз.

Күлерміз, мүмкін, күлерміз,

Қош келдің ару күрең күз.

Жыр айдынында...

Жыр айдынында...

АЙДАНА 

МЕЙРАМБЕКОВА - 

Оңтүстік Қазақстан облысы, 

Арыс қаласының тумасы. 

Инженерлік-технологиялық 

факультетінің «Техникалық 

физика» мамандығының 

студенті.

***


Ұмытылмайтын костюм шалбармен сенбілік

Шыдамай менде топқа қосылдым көндігіп.

Қоқысты әбден шаша беру қажетпе? 

Жаратқан бізге қара жер берсе кең қылып!

Тазарттым менде Семейдің бір бұрышын,

Тап-таза болды, ашылғандай тынысым.

Сенбілік керек, жиналайық ұрандап,

"Қоқыстың бәрі біздің шаһардан құрысын!" 

Мақсатымыз- "көрікті болғай кең далам", 

Анашым айтар -"мақтанышым сен балам"! 

Еңбекқор, қайсар патриоттардан құралған,

Біз, Жас Отан ұйымшылмыз әрқашан! 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет