42
11. ЕСЕПТІЛІК ПРОЦЕСІ
11.1 Қағидаттар
«НКОК» компаниясы өз қызметінің Жалпы қағидаттарына және Солтүстік Каспий бойынша ӨБК-нің
тиісті баптарына сай мүдделі тараптарына тұрақты даму туралы толық және түсінікті есеп ұсынады.
Осы есеп халықаралық озық тәжірибеге сәйкес әзірленеді; негізге алынатын құжат – «Мұнай-газ
саласының кәсіпорындарына арналған тұрақты даму туралы ерікті нысандағы есеп беру жөніндегі
нұсқаудың» (2015 ж.) 3-басылымы («2015 ж. басшылыққа алынатын нұсқаулар»). Біз белгіленген
көрсеткіштер мен процестерге қатаң түрде сәйкес болу арқылы 2015 ж. басшылыққа алынатын
нұсқауларда белгіленген қағидаттарға сай осы есептің өзектілігін, ашықтығын, дәйектілігін/жүйелілігін,
толықтығын және дәлдігін қамтамасыз етуге ниеттіміз.
Деректер «НКОК» компаниясының акционерлері мен Қазақстан Республикасы атынан әрекет ететін
қадағалаушы және бақылаушы органдар үшін әзірленген қоршаған ортаны қорғау және Солтүстік
Каспий жобасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есептердің мазмұнына толығымен
сәйкес келеді.
11.2 Мәнділік
Анықтау.
2015 ж. басшылыққа алынатын нұсқаулар, атап айтқанда есеп ұсынуға қойылатын «жалпы»
талаптар осы есепке енгізілген материалдардың негізін құрады. Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде
мүдделі тараптармен қарым-қатынас жасаудың, сонымен қатар түрлі мәселелерге мониторинг
жүргізудің он жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқан сенімді жүйесі пайдаланылуда.
Осы жобаға қатысты маңызды болуы ықтимал мәселелерді анықтау үшін сол мәселелер бойынша
дерекқор, сонымен қатар түрлі кезеңдерде жұртшылықпен кеңесу кезінде және БАҚ өкілдерінің
сауалдары келіп түскенде жауаптар дайындауға арналған материалдар кеңінен қолданылады.
Осылайша, мысалы, осы есепке күкірт өндіру процесінің сипаттамасы және мүдделі тараптарымыз
үшін өзекті деп есептелетін тиісті есептік деректер енгізілді, алайда 2015 ж. басшылыққа алынатын
нұсқауларда олардың есепке енгізілуі тікелей көзделмеген.
Басымдықтарды белгілеу.
Төменде жиынтығында мәселелердің басымдықтарына және оларды
есепке енгізуге ықпал ететін критерийлер берілген: мүдделі тараптардың белгілі бір мәселелерді
көтеру жиілігі, дерекқорымызда бар жауаптар әзірлеуге арналған материалдар көлемі, бұқаралық
ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және өзектілік (яғни 2015 жылғы есепке қатысты қолдануға
жарамдылық) қағидатын сақтау. Есеп құрылымы тұрақты дамудың әлеуметтік, экономикалық
және экологиялық аспектілері арасындағы өзара байланыс үлгісі негізінде әзірленген, ол 2015 ж.
басшылыққа алынатын нұсқауларда осы есептің 10-бетіндегі сурет түрінде берілген.
11.3 Деректер хаттамалары
Оператор он жылдан астам уақыт ішінде қоршаған ортаны қорғауға, еңбек қауіпсіздігіне, өндірістік
және қаржылық операцияларға байланысты қызмет туралы деректер жинау және талдау үшін
қолданылатын тұрақты басқару жүйелері мен басқа да жүйелерді әзірледі, олар қадағалауды
және нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Каспий жобасының
акционерлеріне, сонымен қатар ӨБК бойынша Өкілетті Орган мен ҚР түрлі деңгейлердегі мемлекеттік
органдарына берілетін есептерге енгізіледі. Бұл есепте аталған тараптарға ұсынылатын ақпарат
көздері мен есептік деректер пайдаланылады. 2015 ж. басшылыққа алынатын нұсқауларға сай
есептілікке қойылатын талаптар мен ҚР тиісті талаптары арасында (мысалы, өлшем бірліктерінде
немесе анықтамаларда) айырмашылық анықталған жағдайда біз Қазақстан Республикасының
талаптарын басшылыққа аламыз және тиісті ескертпе жасаймыз.
11.4 Бақылау
«НКОК» компаниясының ақпарат жинау және есептер әзірлеу жүйесі он жылдан астам уақыт бойына
акционерлердің түрлі аудиторлық тексерулерінен және тәуелсіз талдаудан, сонымен қатар тиісті
мемлекеттік бақылаушы органдар тарапынан жүргізілген тексерулер мен талдаулардан өтті.
ҚР заңнамасына сәйкес «EnEco Solutions» компаниясы (Орал қаласы, Қазақстан) 2015 жыл бойынша
парник газдардың тікелей эмиссияларын түгендеу туралы есептілікке тексеру жүргізді.
«НКОК» компаниясының келесі стандарттар бойынша сертификаттары бар:
• OHSAS 18001 «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелері»;
• ISO 14001 «Экологиялық менеджмент жүйелері»;
• ISO 9001 «Сапаны басқару жүйелері».
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
43
Осы сертификаттарға сәйкестікті бағалайтын тәуелсіз сараптама «НКОК» компаниясынан
стандарттарға сәйкестікті тұрақты түрде растауды ғана емес, сонымен қатар басқару жүйелерін үнемі
жақсартып отыруды талап етеді.
11.5 Мұнай-газ өнеркәсібі өкілдерінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
халықаралық қауымдастығының (IPIECA) көрсеткіштерге сәйкестік
кестесі
Есептілікке шолу
IPIECA
көрсеткіштері
Бет
Солтүстік Каспий жобасы
SE13
5
Денсаулық пен еңбек қорғау
HS1, HS2, HS3
11
Технологиялық процестің қауіпсіздігі және активтердің
тұтастығы
HS5
13
Тұщы су
E6
13
Парник газдардың эмиссиялары
E1
14
Биоәртүрлілік және экожүйелерің қызметтері
E5
17
Су қоймаларына төгінділер
E7
20
Атмосфераға тарайтын парник газдар жоқ шығарындылар E8
21
Мұнайдың қоршаған ортаға төгілуі
E9
22
Қалдықтар
E10
25
Пайдаланудан шығару және қалпына келтіру
E11
27
Энергия
E2, E3
29
Газды алауда жағу
E4
29
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар
SE4
31
Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы
SE4
32
Жергілікті қамту: «НКОК» компаниясының саясаты және
бағдарламалары
SE5
33
Жергілікті өнеркәсіп қуаттарын ұлғайту
SE7
33
Кәсіби дағдыларды дамыту және біліммен бөлісу
SE17
34
Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен
алмастыру
SE6
35
Іскерлік әдеп
SE9, SE11, SE12
36
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
SE11, SE12
36
Қоғамдық-саяси қызметке қатысу
SE14
37
Жергілікті жұртшылықпен қарым-қатынас
SE1
38
«НКОК» компаниясының еңбек ресурстары; еңбек
құқықтары
SE15, SE16, SE18
39
Адам құқығы
SE8, SE9, SE10
41
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
44
Каспий итбалығы туралы жақында жарияланған мәліметтер, соның ішінде НКОК
ұйымдастырған зерттеулер:
•
Теңіз суқоректілері жөніндегі кеңестің 7-нші Халықаралық конференциясының материалдары,
Суздаль, Ресей (2012 ж.).
http://www.2mn.org/downloads/bookshelf/mmh7_vol1.pdf
Вилсон С., Долгова Е., Труханова И., Гудман С. «Репродуктивное поведение и развитие щенков
каспийского тюленя» (Wilson S., Dolgova E., Trukhanova I., Goodman S., “Breeding behaviour and pup
development in the Caspian seal”)
Гудман С., Дмитриева Л., Баймуканов М., Бигнерт А., Юсси И., Юсси М., Касимбеков Е., Веревкин
М., Высоцкий В., Вилсон С., Харконен Т. «Популяционный статус каспийского тюленя (Pusa caspica):
угрозы, приоритеты и проблемы сохранения» (Goodman S., Dmitrieva L., Baimukanov M., Bignert A.,
Jüssi I., Jüssi M., Kasimbekov Ye., Verevkin M., Vysotsky V., Wilson S., Härkönen T., “Population status of
Caspian seals (Pusa caspica): threats, priorities and barriers to conservation”)
Кыдырманов А., Карамендин К., Касымбеков Е., Баймуканов М., Касимбеков Е., Дмитриева Л.,
Юсси И., Веревкин М., Гудман С. «Анализ количественных показателей гормонов щитовидной
железы у каспийских тюленей (Phoca caspica)» (Kydyrmanov A., Karamendin K., Kassymbekov E.,
Baimukanov M., Kasimbekov Ye., Dmitrieva L., Jüssi I., Verevkin M., Goodman S., “Analysis of quantitative
indicators of thyroid hormones in Caspian seals (Phoca caspica)”)
Дмитриева Л., Юсси И., Баймуканов М., Касимбеков Е., Веревкин М., Вилсон С., Гудман С. Дж.
«Миграции, использование местообитаний и ныряние каспийского тюленя (Pusa caspica) в
осенне-зимний период по данным спутниковой телеметрии» (Dmitrieva L., Jüssi I., Baimukanov M.,
Kasimbekov Ye., Verevkin M., Wilson S., Goodman S.J., “Autumn-winter migration, habitat use and diving
behaviour of Caspian seals (Pusa caspica) revealed by satellite telemetry”)
• Дмитриева Л., Кондаков А. А., Олейников Е., Кыдырманов А., Карамендин К., Касимбеков Е. и др.
(2013 г.) «Прилов каспийского тюленя в нелегальном рыболовстве: оценка методом интервью»
(Dmitrieva L, Kondakov AA, Oleynikov E, Kydyrmanov A, Karamendin K, Kasimbekov Y, et al. (2013)
“Assessment of Caspian Seal By-Catch in an Illegal Fishery Using an Interview-Based Approach.”)
PLoS ONE 8(6): e67074. doi:10.1371/journal.pone.0067074.
http://journals.plos.org/plosone/
article?id=10.1371/journal.pone.0067074
• Вилсон С. К., Эйбатов Т. М., Амано М., Джепсон П. Д., Гудман С. Дж. (2014 г.) «Роль вируса
собачьего бешенства и стойких органических загрязнителей в схемах смертности каспийского
тюленя (Pusa caspica)» (Wilson SC, Eybatov TM, Amano M, Jepson PD, Goodman SJ (2014) “The Role
of Canine Distemper Virus and Persistent Organic Pollutants in Mortality Patterns of Caspian Seals (Pusa
caspica).”)
PLoS ONE 9(7): e99265. doi:10.1371/journal.pone.0099265.
http://journals.plos.org/plosone/
article?id=10.1371/journal.pone.0099265
• Вилсон С. К., Труханова И., Кроуфорд И., Долгова Е., Дмитриева Л. И Гудман С. Дж., Университет
Лидса, Великобритания «Оценка и снижение воздействия ледокольных судов на пагофильных
ластоногих Голарктики» (Wilson, SC., Trukhanova, I, Crawford, I, Dolgova, E, Dmitrieva, L &
Goodman, SJ, University of Leeds, UK,
“Assessment & mitigation of impacts from icebreaking vessels
on ice-breeding pinnipeds in the Holarctic.”
) http://www.sealresearch.org/attachments/article/581/
icebreaker%20ppt%20mmh8-final.pdf