2019 – 2020 оқу жылының I жарты жылдығы бойынша 2вкс тобының есебі Саратовка ауылы, 2020 оқу жылы



Дата31.12.2021
өлшемі15,71 Kb.
#22560
түріБағдарламасы
Байланысты:
2ВКС отчет



«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»КМҚК

2019 – 2020 оқу жылының I жарты жылдығы бойынша 2ВКС тобының есебі



Саратовка ауылы, 2020 оқу жылы

2019 – 2020 оқу жылының I жарты жылдығы бойынша 2ВКС тобының есебі

Мен 2ВКС тобының старостасы Слам Рустем бүгінгі 2019 – 2020 оқу жылының I жарты жылдығы бойынша 2ВКС тобының есебін бастауға рұқсат етіңіздер.

Серпін бағдарламасы бойынша 2019 жылы тамыздың 29 күні № 99-С бұйрығы бойынша 1513000 «Ветеринария» мамандығына 15 студент 1 курсқа қабылданған болатынбыз, соның ішінде 9 студент өз еркімен оқудан шықты, қазіргі таңда топ құрамында 6 студент білім алудамыз. Топ жетекшіміз: Жанат Тұраханқызы

Топ старостасы: Слам Рустем, Оқу секторы: Асанов Саят, Тазалық секторы: Кудерина Айгуль, Спорт секторы: Амирбек Қыдырәлі, Мәдениет секторы: Мұханқызы Айкен, Исқанов Айдын

Білімділігі жағынан тобымызда 3 үздік, 1 екпінді, 2 студент қанағаттанарлық нәтиже көрсетті. Толық үлгерім 100℅ болса білім сапасы 66.67 % ды көрсетті. Сабаққа толық қатысым 99℅, Дәлелді себептерді қосқандағы қатысым 99%. Барлық босатылған сағаттар 24, себепсіз босатылған сағат саны 24 құрайды.

Өткен жарты жыл біздің тобымыз үшін қуанышты жылдың бірі болды. Атап айтқанда, спорт саласы бойынша «Денсаулық фестивалі – 2019» іс шарасына белсене қатысудың арқасында ұлдар арасындағы қол күрестен Амирбек Қыдырәлі II – орын иеленсе Слам Рустем III – орын иеленді.

конкурстар бойынша «Күз ханзадасы мен Ханышайымы - 2019» байқауында Мұханқызы Айкен және мен Слам Рустем өз білімімізбен біліктілігімізді ортаға салып бас жүлдені жеңіп алдық.

Әр аптаның бейсенбі күндері тобымыздың тәрбие сағаты 323 кабинетте өткізіледі. Әр сынып сағатында біз көптеген тақырыптар аясында әңгіме қозғаймыз.



Колледж өмірінде болатын түрлі іс шараларға топ студенттерінің барлығы дерлік ат салысады. Кейбірі ән жағында жүретін болса, кейбірі биден көзге түседі. Атап айтатын болсам жаңа жылдық қойылымда тобымыздың барлық студенттері шығып өздерін би жағынан көрсетті.

Баяндамамды қорытындылайтын болсам: біздің топ белсенділігі жағынан өзге топтардан асып түспесе кем емес. Алдағы екінші жарты жылдықта одан да жақсы нәтижеге қол жеткізіміз. Алға қойған мақсатымыз айқын, болашақтан күтер үмітіміз зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет