2020 ж. қаңтар, №1 (57) Журнал 2005 ж. қаңтардан бастап шығады


ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1 (57), 2020



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата04.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#89859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1 (57), 2020 
ВЕСТНИК КГПИ №1 (57), 2020 
ISSN 2310-3353 
ISSN 2310-3353
10 
1 Кіріспе
Фразеология – лингвистиканың үлкен бір саласы. Кейбір ғалымдар фразеологияны 
жеке пəн деп те атап жүр. Олай деудің мəн-мағынасы бар. Өйткені тіл-тілде фразеологияға 
қатысты мəселелер ұшан-теңіз дерлік. Жеке пəн деп атасақ та, лингвистиканың үлкен бір 
саласы деп атасақ та – бəрібір: фразалардың тілде атқаратын рөлі айрықша.
Фраза (гр. phrases – сөйлемше мағыналы сөзінен алынған) – сөйлеудің ең бір қысқа, 
əрі бүтін бір единицасы. Дəлдеңкірей түссек, фраза – тіл-тілде сөйлеудің ең бір мəнді де 
тұтастай қалыптасқан тізбектері мен тіркестері. Ондай тізбек пен тіркестер кем дегенде екі 
сөзден құралады, бүтіндей бір сөйлем болуы да, бірнеше сөйлемнен құралуы да мүмкін. 
Сондықтан фраза – сөйлеудің, яғни қарым-қатынас құралының ең бір мəнді единицасы деуге 
де болады. Осыған орай, фраза деген сөз фразеологиялық тізбектер ерекшелігін тұтастай 
қамтығанда, «сөйлем» деген терминмен пара-пар деуге болады. 
Мəселен, сүттен ақ, судан таза; ақша беті; қызыл жүз, аузы алты қарыс; дырдай 
жігіт; қыпша бел; қиғаш қас; аузынан суы құрып жүр т.б. – тұрақты тіркестер, яғни фра-
зеологиялық единицалар. 
Фразеология жəне оның зерттейтіні – фразеологизмдер мəнін түсіну үшін, тұрақты 
тізбек, тұрақты тіркес жəне сөздердің еркін тіркесі деген ұғымдарды білу, бір-бірінің 
айырым белгілерін айқындап ұғу керек, олардың бір-бірінен ерекшелігін аңғару қажет [1]. 
Тіліміздегі сөз байлығымызда тек жеке сөздер ғана емес, құрылысы жағынан күрделі 
единицалар да кездеседі. Олар: ала ауыз, тайға таңба басқандай, төбе шашы тік тұру, қой 
аузынан шөп алмас, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, т.б. 
Мұндай сөздер қазақ тілінде мыңдап кездеседі. Оларды фразеология немесе тұрақты 
сөз тіркесі деп атайды. Ал фразеология сөзі екі мағынада қолданылады: 
1) Тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жалпы атауы; 
2) Тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы. 
Фразеологиялық тіркестер мағына жағынан жеке сөзге, құрамы жағынан синтаксистік 
сөз тіркесіне жақын болып келеді. Сондықтан фразеологиялық тіркестердің басты белгілерін 
ажырату үшін сөз жəне еркін сөз тіркесімен салыстыру керек. Фразеологиялық тіркестер екі 
не одан да көп сөздің единицасы ретінде даяр күйінде қолданылады. Мысалы: қалаға бару, 
тапсырманы орындау, кітап алу сияқты еркін тіркестер сөйлеу, жазу кезінде сөздердің ойға 
лайық таңдалуынан барып тіркеседі. Ал, жүрегі елжіреді (аяды), жүрек жұтқан (батыл), 
жүрегіне ас батпады (сабырсызданды), жыл он екі ай (жыл бойы) сияқты тіркестер тұтас 
алынып, жеке сөз мағынасында даяр қолданылады. Бұл құбылыс фразеологизмдерде 
мағыналық бірліктің күштілігін көрсетеді. 
Олай болса, фразеологиялық тіркес тек сыртқы көрініс жағынан ғана еркін сөз тірке-
сіне ұқсайды екен. Ал, мағыналық тұтастығымен жеке сөздер сияқты сөздік қорымыздың бір 
ерекше түрі деуге болады.
Фразеологиялық тіркестер жеке сөз сияқты форма жəне мағынаға ие. Сөздің форма-
сын дыбыстар жасаса, фразеологиялық тіркестің формасын сөздер құрайды. Мысалы, ын-
тықты – зар болды, жылауық – зар жоқ, қорлады – итаяқтан сары су ішкізді [2].
Əдеби тіл кезеңдерінің сөз байлығын, оның мағыналық даму динамикасын анықтауда 
фразеологизмдердің алатын орны ерекше. Бұл ерекшелік тұрақты тіркестерді тақырыптық 
топтарға жіктеп көрсеткенде анық танылады. Фразеологизмдерді тақырыптық топтарға жік-
теу – тіл фактілерін халық тарихымен, оның əлеуметтік-қоғамдық болмысымен, рухани мə-
дениетімен бірлікте қарастыруға негіз болады. Осы ретпен тіл фактісі арқылы əр кезеңнің 
белгісі саналатын көненің сырын ашуға мүмкіндік туады.
Фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі құбылыстар, ұғымдар, түсініктер себеп бол-
ған. Солардың бастылары деп лингвистикада:
1) адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы бейнесінің негіз болғаны 
(«жауыр болды»);
2) өлшемдік ұғымдардың негіз болғаны («күн шыға»);




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет