2022 – 2023 оқу жылына арналған 0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша



бет20/20
Дата24.05.2023
өлшемі38,44 Kb.
#96626
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
АҚ және АІЖҚ мемлекеттік емтихан 2022 жыл

Есеп №28

Шаштаразда киім ілетін жерден Сапаровтың бағалы аң терісінен тігілген бас киімі ұрланып кетеді. Оның орнына жасанды теріден тігілген ескі бас киім қалдырған. Сапаров киім ілетін орында қызмет көрсететін комбинатқа бас киімнің және келтірілген моральдық зиянның орнын толтыру жөнінде талап арызын ұсынады. Тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты талапқа қарсылық білдіре отырып, бас киім жоғалған күні киім ілуші әйел ауырып қалғанын, ал оны алмастыратын ешкім болмағанын айтады. Сапаров мұндай қымбат бас киімін киім ілетін жерде қоймауы тиіс еді. Болған оқиғада ол өзі кінәлі, сондықтан да талаптан бас тартуы қажет, ал зиянның орнын толтыру ретінде киім ілетін жерде қалдырылған ескі бас киімді алуына болады.

Іс қалай шешілуі тиіс?


Есеп №29

Саметов Боранбаевтың пәтердегі ас бөлмесін 5 күн ішінде жөндеп беретіні туралы Боранбаевпен келіседі. Алайда, Саметов одан да тиімді тапсырыс алып, көрсетілген мерзімде ас бөлмесін жөндеуге кіріспейді. Боранбаевты кездестіріп қалып, Саметов болған жағдайды түсіндіріп, одан жөндеу жұмыстары үшін даярлап қойған бояуды, лакты, тақтайшаларды және ыдыс жуатын раковинаны ақысыз алып кетуін ұсынады да содан кейін олардың мердігерлік шарты бойынша қатынастары аяқталды деп санайды.


Боранбаев Саметов ұсынған заттардың барлығын алып кетеді. Бірақ біраз уақыт өткен соң ол мердігер таппай, Саметовтан бастапқы келісілген сыйақы үшін мердігерлік жұмыстарын орындауды талап етеді. Саметов талапты қабылдамайды, оның ойынша, олар шартты қысқарту туралы келіскен болатын және бас тарту төлемі ретінде ол Боранбаевқа алған материалдарды берген болатын.

Бұл дауда кімдікі дұрыс?



Есеп №30

Есенов Қайсеновке үйіне тыс тұрған гаражды сататыны, ал Қайсеновтың келісілген бағамен гараждың төлемін жасайтыны, сонымен бірге шартқа байланысты барлық шығындарды өзі өтейтіні жөнінде келісім жасалады. Бірнеше күннен соң тараптар шарт жасасып, ол бойынша барлық төлемдерін жасайды. Біраз уақыт Қайсенов сатып алған гаражын пайдаланып жүреді. Бірақ жерге меншік құқығы жайлы куәлік алған соң көп ұзамай, ол құрылыс жүргізуге рұқсат алып, өзі гараж салып алады.


Есеновпен кездескенде Қайсенов гаражды пайдаланбай жүргенін айтады, оған Есенов қазір өзінің гаражға мұқтаж болып жүргенін және оны сатқанына өкініп жүргенін айтады. Қайсенов Есеновке сатып алу-сату шартын бұзуды ұсынады, содан соң Есеновқа гаражын қайтарып беруді міндеттенеді, ал Есенов Қайсеновке одан алған гараж ақысын қайтаруды уәде етеді. Есенов пен Қайсенов гараждың сатып алу-сату шартын бқзу жөнінде мәмілені куәландыру үшін белгіленген уақытта нотариуста кездеседі. Алайда нотариус олардың әңгімесін тыңдап болып, мәмілені куәландырудан бас тартады.

Нотариустың әрекеті дұрыс па? Міндеттемелердің жойылуына негіз болатын не? Міндеттемелердің жоюдың оларды өзгертуден айырмашылығы неде?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет