2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет129/181
Дата07.09.2023
өлшемі3,39 Mb.
#106507
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

 
 
«Дене шынықтыру» пәні, 5-9-сыныптар 
2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының 5-9 сыныптарында 
дене шынықтыру бойынша педагогикалық процесс «Дене шынықтыру» пәні 
бойынша үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады. 
«Дене шынықтыру» оқу бағдарламасы білім алушылардың жас және жеке 
ерекшеліктерін ескере отырып, дене және психикалық денсаулығын нығайтуға 
уәждемесін (мотивация) арттыруға, білім алушылардың арнайы спорттық 
(спорттық-спецификалық) қимыл дағдыларын меңгеруіне, дене қабілеттерін 
дамытуға бағытталған. 
Оқу бағдарламасында дене шынықтыру мен спортты дамыту тарихы бойынша 
білімді қалыптастыру; негізгі дене дамуы қасиеттерін жетілдіру, арнайы спорттық 
біліктер мен дағдыларды дамыту; коммуникативтік дағдыларды дамыту, атап 
айтқанда, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты пайдалану, оны тиісті нысанда 
нақты ұсыну қабілеті; ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту; адамгершілік-жігер, 
моральдық-ерік қасиеттерін қалыптастыру қарастырылған. 


232 
Оқу бағдарламасы оқу жылы ішінде бағдарлама бөлімдерін оқытудың 
бірізділігін анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. 
Сағаттарды бөлу, сондай-ақ тақырыптарды оқу реті мұғалімнің қалауы бойынша 
өзгеруі мүмкін. 
Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке 
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі 
нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында 
біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты 
оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын 
кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
 
«Дене шынықтыру» пәнінің оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары 
мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен 
қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат 
беруге мүмкіндік береді.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда 
«Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу 
жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады. 
«Дене шынықтыру» пәнінің бағдарламасы мектепте дененің шынығуы мен 
адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың 
барлық негізгі нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық 
оқу жылында рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір 
үшінші сағаты білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және 
қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне 
бағытталған. 
 
«Дене шынықтыру» 
оқу
 пәні, 10-11-сыныптар 
2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының 10-11 
сыныптарында дене шынықтыру бойынша педагогикалық процесс «Дене 
шынықтыру» 
пәні 
бойынша 
үлгілік 
оқу 
бағдарламасына 
сәйкес 
ұйымдастырылады. 
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Дене 
шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларын 
келесі 
сайттан 
жүктеуге 
болады 
(қоғамдық-гуманитарлық 
бағыт, 
жаратылыстану-математикалық бағыт). 
Орта мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін 
ұйымдастырудың негізгі түрлері: 
1) дене шынықтыру сабақтары;
2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-
шаралары;
3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар; 
4) спорттық үйірмелер; 


233 
5) дене жаттығуларымен өздігінен шұғылдану (үй тапсырмалары).
Дене шынықтыру сабақтары білім алушылардың дене шынықтыру пәнінің 
мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып 
табылады. 
Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке 
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі 
нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында 
рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім 
алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын 
кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған. 
 
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып.
«Оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша сағаттарды бөлу» тақырыптық 
жоспары 19.4-кестеде келтірілген.
19.4-кесте. Тақырыптық жоспар «Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық 
сағаттар санын тоқсандарға бөлу»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет