2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру жұмысына



Pdf көрінісі
бет104/182
Дата25.11.2023
өлшемі3,39 Mb.
#125846
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   182
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру жұмысына 
ерекше
назар аударуы сұралады. 
Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру 
бойынша ұсынылатын жұмыс алгоритмі: 
- өткен оқу жылындағы оқу мақсаттары, оқу бағдарламасының 
тақырыптары және күрделі тақырыптар бойынша диагностикалық бақылау 
жұмысын жүргізу; 
- өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сүйене отырып, 
білім алушы меңгере алмаған оқу мақсаттарын айқындау;
- қысқа мерзімді жоспарды жасау кезінде білім алушылардың игермеген 
оқу мақсаттарын, өткен оқу жылының тақырыптарын жаңа оқу жылындағы 
бағдарламалық материалдың мазмұнына біріктіру ұсынылады; 
- қосымша сабақтар, зерханалық жұмыстар, «Механика», «Жылу 
физикасы», «Электр және магнетизм»», «Геометриялық оптика», «Кванттық 
физика элементтері» бөлімдері бойынша консультациялар өткізу. 
Физика пәнінің мұғалімдеріне ғылыми тілді қалыптастыру мақсатында 
білім алушылардың сөздік қорын байыту, үш тілде физикалық терминдермен 
таныстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қарастырылады. 
Халықаралық зерттеудің талаптары бойынша білім алушылардың
-
физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және 
талдау кестелерін жасай білу; 
-
баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау 
және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша); 
-
есептердің шешімін сауатты ресімдеу;
-
жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстардың 
кеңейтілген жазбаша есептерін, ауызша баяндамаларды дайындай білу;
-
білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, 
олардың пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу т.б. 
дағдыларын қалыптастыру ұсынылады.
Ол үшін сабақты жоспарлау кезінде белгілі бір біліктілік, дағдыларды 
қалыптастырытын қолайлы тақырыптарды таңдау қажет. 
8. Пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру 
«Физика» пәнін мазмұнына «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын 
енгізу, яғни өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан асыл 
мұраларымызды дәріптеп, күнделікті сабақ мазмұнымен байланыстырып 
оқушыларға жеткізіп отыру, ұрпақтың таным дүниесін кеңейтіп, оларға ұлттық 
тәлім-тәрбие беруге көмектеседі. 
Аңызға айналған ұлттық есептер мен өлшемдерді даланың өшпес 
құндылықтары ретінде қарастырудың маңызы зор. Сонымен қатар, «Физика» 
пәнінде тұрғылықты жердің аумағындағы қоршаған ортаны ластайтын 
физикалық негізгі факторларды, шу және жоғары жиілікті сәуле шығару 
көздерін, ұлттық астрономияны, экологиялық білім мәселелерін қарастыру 


185 
маңызды.
Бұл қазақстандық патриотизм рухымен үйлесе дамыған тұлғаны 
тәрбиелеуге бағытталған заманауи оқу-тәрбие процесінің қалыптасуына оң 
әсерін тигізеді. 
Аймақтық және жергілікті аспектілерде қолданбалы құндылығы бар 
оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру, физика саласындағы 
Қазақстанның ғылыми жетістіктерін зерттеу ұсынылады. 
Сабақта жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, 
ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының 
белсенділігін арттыру ұсынылады. Технология, медицина, ауыл шаруашылығы, 
өнеркәсіп пен энергетиканың әртүрлі саласындағы жетістіктер ғылыми идея мен 
ғылыми прогресс дамуының жарқын мысалдары болып табылады. Мысалы оған 
төмендегідей мақсаттар берілген:

Техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына 
мысалдар келтіру.

Әртүрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар 
келтіру.

Жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау.

Жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін 
бағалау.

Қазақстанда және дүниежүзінде электр энергиясын өндірудің 
мысалдарын келтіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет