2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет66/170
Дата09.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#38748
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   170
 
6.4-кесте. Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі 
2-11 (12) сыныптардағы балдардың пайыздық мазмұны 
(%) 
Баға 
0- 39 
қанағаттанарлықсыз - "2" 
40 - 64 
қанағаттанарлық - "3" 
65 - 84 
жақсы - "4" 
85 - 100 
өте жақсы - "5" 
9-сынып білім алушыларына арналған қорытынды аттестаттау туралы
 
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды 
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 
мамырдағы №193 бұйрығының 39-4)-тармағына сәйкес 9-сынып білім 
алушылары таңдау пәні ретінде «Қазақ әдебиеті» пәнінен жазбаша емтихан 
тапсырады.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау негізгі орта білім беру 
деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша үлгілік 
оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды. Білім алушылардың білімі, білігі, 
сондай-ақ дағдылары МЖМББС-тан күтілетін нәтижелермен анықталады. 
Емтихан жұмысы барлығы 30 балмен бағаланатын екі бөлімнен тұрады: 
А бөлімі бірнеше таңдауы бар, ал В бөлімі толық жауапты қажет ететін 
сұрақтарды қамтиды.
А бөлімінде білім алушылар 4 бір және бірнеше таңдауы бар, сондай-ақ 
сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды. Әр дұрыс жауап 1 балмен 
бағаланады. 
В бөлімінде білім алушылар толық жауапты қажет ететін 4 тапсырма 
орындайды. 5, 6, 7-тапсырмаларды орындау үшін білім алушыға көлемі 200-250 
сөзден тұратын көркем шығарма үзіндісі беріледі. Тапсырмалар 3-9 балмен 
бағаланады. 
9 (10) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде 
қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу 
жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30%-70% пайыздық 


118 
арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу жақын бүтіндікке 
қарай жүргізіледі.
Келесі кестеде ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының
4-қосымшасына сәйкес 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының емтихан 
балдарын емтихан бағаларына ауыстыру шәкілі көрсетілген (6.5-кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет