181
іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің
үлгі қағидалары» (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193
бұйрығымен енгізілген) 12-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау
(БЖБ) тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер тоқсанына төрт және
одан да көп бөлімдерді оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың
ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі.
Оны екі кезеңде өткізуге болады.
Әр
тоқсанның ұзақтығын, оқу жүктемесінің көлемін ескере отырып, жаңа
оқу жылында 15.2-кестеде көрсетілгендей бөлімдер бойынша жиынтық бағалау
(БЖБ) келесі саны ұсынылады.
15.2-кесте 7-9 сыныптардағы бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Үлгілік оқу
жоспарлары
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
7 сынып
2
2
2
2
8 сынып
3
3
3
3
9 сынып
3
3
2
3
Сынып
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарлары
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
7 сынып
2
2
2
2
8 сынып
2
2
2
2
9 сынып
2
2
2
2
Бөлім үшін жиынтық бағалауды жүргізу кезінде қағаз түрінде де,
компьютерлік форматта да бағалау жүргізу ұсынылады.
Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда
бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді,
қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жаратылыстану-математика бағыты
және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Химия» оқу пәнінен әр
тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нақты саны 15.3-
кестеде көрсетілген.
15.3-кесте
«Химия» оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
10-сынып, ЖМБ
3
3
3
2
10-сынып, ҚГБ
2
2
2
1
11-сынып, ЖМБ
1
2
3
2
11-сынып, ҚГБ
1
1
2
1
Үлгілік оқу бағдарламаларына (төмендетілген оқу жүктемесімен) сәйкес
жаратылыстану-математикалық бағытта және қоғамдық-гуманитарлық бағытта
оқытылатын «Химия» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша
182
жиынтық бағалау рәсімінің нақты саны 15.4-кестеде көрсетілген.
15.4-кесте. «Химия» оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
(төмендетілген оқу жүктемесі)
Сынып
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
10-сынып, ЖМБ
3
3
3
3
10-сынып, ҚГБ
3
3
3
2
11-сынып, ЖМБ
2
3
3
3
11-сынып, ҚГБ
2
1
2
2
Вариативтік компонент сағаттарының есебінен бөлім
бойынша жиынтық
бағалау жүргізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген
жоқ») қойылады.
5.
Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына
сәйкес зертханалық, практикалық және модельдеу жұмыстарының саны.
Оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағаттан 10-11 сыныптар үшін оқу
бағдарламасын енгізуге байланысты 15.5-кестеде көрсетілгендей зертханалық
және практикалық жұмыстардың саны ұсынылады:
15.5-кесте Зертханалық және практикалық жұмыстардың саны
Сынып Бағыт
Зертханалық
жұмыс саны
Практикалық жұмыс
саны
10
ЖМБ
6
1
11
ЖМБ
7
1
10
ҚГБ
3
0
11
ҚГБ
5
0
Зертханалық жұмыстарды жүргізудің мақсаты зерделенген теориялық
материал негізінде оқу-зерттеу және нақты практикалық
міндеттерді шешу
тәжірибесін алу; маңызды теориялық ережелерді эксперимент бойынша
дәлелдеу және бағалау, зерттеу жұмысының дағдыларын игеру арқылы
практикалық міндеттерді шеше білу болып табылады.
Практикалық жұмыс химияға деген қызығушылықты арттырады.
Практикалық жұмыстардың мақсаты - оқушылардың білімін бекіту,
нақтылау, практикалық дағдыларын қалыптастыру және дағдыларын жетілдіру.
6. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні
бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары
2022-2023 оқу жылында келесі тақырыптарға
элективті курстар өткізу
ұсынылады:
1. «Тапсырмалар мен жаттығулардағы химия»;
2. «Химиялық эксперименттік есептерді шешу»;
3. «Мектептегі агрохимия».
4. «Көмірсутек шикізаты. Кеше, бүгін, ертең».
183
5. «Клиникадағы химиялық зерттеу әдістері».
6. «Химия және материалтану».
Элективті курстар аясында оқушылардың жобалық жұмыстар болу
мүмкін.
7. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын
әдістемелік тақырыптар
Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Химия» пәні мұғалімдерінің кәсіби
біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі,
педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.)
бойынша ұсынылатын тақырыптар:
1) Химия сабақтарында ақпараттық
технологияларды қолданудың
тиімділігі
2) Химияны оқытуда интерактивті технологияларды пайдалану.
3) Химия, физика және биология интеграциясының мәселелері.
4) Қазіргі кезеңдегі химияны оқытудың өзекті мәселелері.
5) Киберкеңістіктегі ақпаратпен қауіпсіз жұмыс істеудің мәні.
6) Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді сабақтарды ұйымдастыру
тәсілдері.
Педагогтерден оқу жылының басында «Химия» пәні бойынша
Достарыңызбен бөлісу: