5
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
✓ Мектепалды даярлық сыныптарына арналған Үлгілік оқу жоспарлары
мен Үлгілік оқу бағдарламаларын өзгерту
✓ Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35
оқу аптасын, 2-11 (12)
сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды
Анықтама:
Бір күнтізбелік жылда:
демалыс күндері-117
демалыс және мереке күндері - 75 күн
оқу күндері-173
Мектептерде білім алушылар үшін демалыс күндерінің жиыны-192 күн
✓ 1 сыныптар үшін Үлгілік оқу жоспарындағы өзгерістер:
- оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында
«Әліппе» және «Ана тілі» пәндері,
- қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде – «Букварь», «Обучение
грамоте» және «Қазақ тілі» пәндері оқытылады
✓ «Өзін-өзі тану» пәні Үлгілік оқу жоспарының инвариантты
компонентінен шығарылды
✓ «Көркем еңбек» пәні 1 сыныпта екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және
«Бейнелеу өнері»
✓ Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың
орнын толықтыру
✓ Үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру
✓ Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу
бағдарламаларын бейімдеу
✓ Ерекше білім беруді қажет ететін
білім алушыларға тиімді
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
✓ Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу
(4, 9 сыныптар)
✓ «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер үшін білім алушыларды қорытынды
аттестаттаудан өткізу тәртібіне өзгерістер
енгізу
✓ Халықаралық пәндік олимпиада
жеңімпаздары мен олардың
педагогтеріне бір реттік ақшалай сыйақы беріледі
✓ 5-11-сыныптар аралығында «Жаһандық құзыреттер» таңдау курсын
оқытуды жалғастыру
✓ Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру
✓ Балалар жылына арналған
іс-шараларды өткізу
✓ «Оқуға құштар мектеп», «Дебат қозғалыстары», «Мектеп парламенті»,
«Балалар және театр» «Жылыжайлар» және т.б. жобаларын іске асыру
✓ «Мектеп-ата-ана консилиумы» мектеп-ата-ана қарым-қатынасының
жаңа форматын енгізу
✓ Ертеден кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу
6
✓ «Кәсіби бағдарлаушы педагогі» лауазымын енгізу
✓ Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін жүзеге асыру
✓ Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу
✓ Аймақтарға үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасын енгізу
✓ «Тірек мектебі – магнитті мектептер» кешені», «Виртуалды мектеп»,
«Цифрлық мұғалім» пилоттық жобаларын енгізу
Достарыңызбен бөлісу: